Іздеп келген “бала арман"...


Менің 5-6 жасымда, әкемнің қызмет бабына орай Көкпекті ауданына қарасты Ивановка ауылына көшіп барып, 2 жылдай тұрдық. Атам сол ауылдағы Апырым ата дейтін үлкен кісілердің үйімен араласатын. Қарияларға күнара апайым Салтанат екеуіміз шәйларына қататын сүт таситынбыз. Әрине, апа бос қайтармай, қалтамызға кәмпит салып беретін. Қонақ бөлмелерінде немересінің ойыншықтары жиналып тұрушы еді. Осы «Матрешка» қуыршақтарын тұңғыш рет мен сол үйден көрдім. Бала болғаннан кейін, қызықпай тұрмайсың, бір-бірінен аумайтын сүйкімді қуыршақтарға қатты қызықтым. Неге екенін қайдам, біздің ауылда сатылмады ма, әлде сатып әпермеді ме… әйтеуір, сансыз қуыршақтарым болса да, осы дәл матрешкалар бала кезімде қолыма тимей-ақ қойғаны… Уақыт өте ержеткен соң ойымнан мүлдем ұмытылып кеткен еді.
Ал мына матрешкаларды таяу күндері, кезінде бірігіп әлгі қарияларға сүт тасыған, Алматыда тұратын апайым Салтанат «Мәскеуден әдейі саған сатып алдым» деп беріп жіберіпті. Көрген бетте, көз алдымнан сонау балалық шағым бір жүзіп өтті. «Бала арман» есейіп кетсек те, әйтеуір сені іздеп табады екен…
Матрешка — көлеміне қарай бір біріне қабатталып орналасқан орыстың ежелгі қуыршақ ойыншықтарының бірі. Саны жағынан көбінде үшеу болады. Бәрі де бірдей өңделген, яғни дәстүр бойынша қызыл сарафанды, сары жаулық таққан әйел бейнеленеді.
Қуыршақтарды жасау аса шеберлікті қажет етеді. Алдымен оның ағашын даярлайды. Жұмсақтығына қарай көбінде жөке ағашын, ал әредікте қандыағаш,қайың ағаштарын да пайдаланады. Ағашты ерте көктемде қиып алып, қабығынан тазартып, аңызақ жерде, кептіру үшін бірнеше жыл бойы сақтайды. Даярлау бірнеше сатыдан өтеді. Ең кішкентай қуыршақты алдымен жасайды. «Сәби» дайын болған соң, шебер екінші қуыршаққа кіріседі. Келесі қуыршақ кеуде мен аяқ жағы болып екіге бөлінеді. Алдыңғы қуыршақ сиятындай етіп, ішкі жағы жонылады. Даяр болған соң, майлы лак жағып, әбден кептірілген мүсіндерге сулы гуашь қолданып, суретші қолымен сурет салынады.
Бүгінде Ресейдің Мәскеу, Нижний Новгород, Калязин и в Вознесенск, Сергиеве-Посад қалаларында матрешкалардың мұражайлары жұмыс істейді екен.
/ Қуыршақтар туралы аздаған мәліметтерді ru.wikipedia.org –тан аудардым/
Бөлісу:

7 пікір

monti
кермет подарк кен :) құтты босын!
ресейге жақын сіздерде мұндай ойыншық түрі кең таралымда болмағаны ма?
өзім бұл ойыншық түрін тек сөреге қоятынмын :) себебі қызықсыз еді…
Американ қара нәсілді барбилеріме не жетсін)))
bazuka
қыз бала болып куыршақ ойнап көрмеппін. көбіне ер балалармен ойнайтынмын)) апайыныздын ұмытпай жүргені қызық екен. апайынызға респект бұл үшін!
AKY
Қуыршақ ойнағанды жақсы көретінмін))) 6-сыныпқа дейін ойнаппын ғой… Күндіз қуыршақ ойнап, кешке балаларға арналған дискотекага баратынмын)))
nurbergen_makym
Әсем әңгіме! Позитифф! Шын айтам, қызыма қуыршақ жинасам деген ой бар.Тоты,құрмет пен респект…

P.S. Бәлкім, біздің инфентиалды интелектісі «прагмат» пәтуа құсатын тырнасирақ технократтарға арналған бақ-ымызға тап осындай — шынайылық пен қарапайымдылықтан ғана тұратын — әйбат әңгіме жетіспейтін шығар.
P.S.S. А, иә, ұмытып барам, нақ әкесс!
ushkin
Қуыршақтың жасалуы тәрізді барлық нәрсе де асқан еңбекпен, шеберлікпен келеді ғой. Мен суреттегідей қуыршақтармен ойнап көрмеппін)))
KILYZAMAN
Ортекені(ойыншық) домбыра ырғағымен ойнатқан өнерлілер(ағаштан жасалды ғой) сірәда болса сол өнерін әрі қарай дамытуды ойланбаған…