Оралмандар оңбағандар!!!


Дархан Бейсенбекұлының "Қызылбастылар еліндегі қазақтар" деген мақаласын оқып отырып, осы сөз есіме түсті. Бұл сөзді алғаш естігенде төбе шашым тік тұрып еді. Ойпырымай, қай оралман не бүлдіріпті деп?! Жалпы қазақ баласы оралман деген сөзбен таысқалы биыл тура 20 жыл болмақ. Мүмкін қателесетін де боламын. Өйткені мен әлі тумай тұрған кезде, сонау 68 жылдары ғой деймін шекара ашылып, Қытайдан біраз қазақ келген еді. Бірақ, оларды сонда оралман деп атағанына күмәнім бар. Кім біледі? Атаса, атаған шығар. Сатқын, қашқын, предатель!.. Естімегені жоқ қой… Қалай десе де, болары болып бояуы сіңіп кетті. Тарих тамырын тереңірек зерттегендер, кімнің, қалай, не үшін шет асқанын біледі. Оларда сөзім жоқ. Құранда айтылған «білгендер мен білмегендер тең ба?» деген аят есіме келеді осындайда. Жалпы, оралмандар туралы бүгінде көп айтылады. біреу жақтаса, біреу даттайды. Сондай бір пікір майданы мына жерде.
Бір еститінім, оларды білмі жағынан нашар, мәдениеті төмен деген теріс пікірлерді тудыратын адамдар да бар. жалып қай жерді алмасақта (мен оралмандардың келген мемлекетін сөз қылып отырмын), оларды сөгер алдында, бастысы тұрған жеріне назар аудару керек. Егер шалғай ауыл болса, оларға не дейсің? Ауыл тіршілігі бәрімізге белгілі емес пе?

Қазір «ультромодный» болып кеткен, той-томалақтың сәні болған "қара жорға" биін бүгінге дейін сақтап қалғанымыздың өзі осы оралмандардың арқасы. Рахмет!!!

Тіл тазалығы мен салт-дәстүрімізді ұйыған айрандай қылып сақтап, қаймағы бұзылмаған сүттей сол қалыпында өзімізге тарту еткенін кім бағалапты? Жақында "қара жорға" мен бірге «жорға аю» деген би бар дегенді естідім. Кім біледі, бәлкім биыл атажұртына көшіп келуге бел буған бір азаматымыз, осы биді де өзімен алып келетіп, тұғыры биік тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына тарту етер…
Бөлісу:

87 пікір

asaubota
мақаланың аты қатты екен :)
saken
Админ мырза, қолдан келсе атауына өзгеріс енгізілсе деген ойым бар.
a63a1
Атауымен мақалада қандай байланыс бар?
blackbeard
Жат жұрттан оралған қандас бауырларымызға ешқандай кері пікірде емеспін. Қаншама жыл туған жерден бөлек тұру да оңай емес. Оларды күндей беруді қою керек. «Жеріңді қызғанып жатқан болсаң, соғұрлым қай-қайдағы орыс пен қытайға кетіп жатыр. Одан да өз бауырыңа жаның ашып сол жердің бір жапырағын соларға бөліп беруге тарлық қылып өлдің ба» дегім келеді денесі терісіне сыймай жүргендерге. Мейлі, білімі нашар делік, ештеңе етпейді. Құдай қаласа, тағы бір 10-15 жыл өткен соң бұл бауырларымыздан да керемет ғалымдар, даңқты спортшылар, қызметіне адал басшылар шығатынына сенемін.
saken
++++++

пікіріміз жүз пайыз келіседі екен.
Zhanara2012
Тақырыптың ешқандай айыбы жоқ. Мен де қосылам!
TASHKENTDENORALGAN
Антиоралмандарга: Казакстанды жерглiктi халык емес, мунай котердi. Жергiлiкты халык мемлекеттiк кызметке бiлiм или талантпен емес, пара и таныспен келеды, тук келмейды, оте жалкау. Мысалы банктерге кредит алуга бардым, ондагылар не iстеб жургенын оздерi бiлмейди. Жастар бизнес истеуге умтылмайдi. Тек жумыска кiрсем дейди. 90 % местныйлар бизнес туралы ойламайдыда, «тазалык»-оралмандардын козiмен корсендергой… жылайсындар. бiлсендер бул стреотиптарды. Ягни сиздер этика- эстетика, мадениет, искерлiк бизнес, тiл, бiлiм, тазалык, енбеккорлык, иман, уйымшылдык жагынан артта калгансындар. Оралмандар 90% сауаттi. Парамен окуга тусетiн и жумыска кiретын сиздер сауатсызсындар. Орыстын артын жалайсындар, мумкiн аталарында солай осы жерлерде жан сактаб калган. Мен жалкау и с… к местный болмаганыма шукршiлiк етемiн. Сонын ушынде ботеншармыз. Мунай болмаса крылатын мал секiлдi. Ренжимендер, Кудай куа шын ашi акикаттi айтдым. Ойланындар. Мен шынында казактарды суемiн, дос жылатып шындыкты айтады.
muza
Менде жазбанын атына карап шошып калсам… Китаптын какпагына емес ишинде жазылганга унил деген екенсизгой…
Осы жакында гана сиз берген абай.кз сайтында Кытайдагы кандасымыз Канат Силам болса керек Казакстанга оралды дегенде катты куанган едим.Кезиндеги Кураны Каримди казакшага аударган агамызда Туркиялык кандасымыз едигой.Абайтану абай жолы деген коптеген казак шыгармаларды да сол кандастарымыздын аркасында шетелге танытып журген жокпыз ба? надандык етпеу керек… Динин сактамасада тилин сактадыгой олар, бизде каншама жыл бойынша…
asaubota
біздің қазаққа ештеңе ұнамайды ғой, өздеріне қарап алмай оралмандарды жамандайды. олар да қазақ қой, олардың ішінде де надандары, білімділері бар. көп жағдайда олар бізден де қазақ.
kan
Біздің қазақ деп бөліп жарып айтпау керек біз сіз олар осылай айтып бөлудің не қажеті бар
ushkin
Оралман деп атаудың өзі оларды бөлектеу.Мен оладың көбінің талантты келетініне таң қаламын. Олардың қасында тұрғанда өзімнің қазақилығыма, намыстылығыма ұялып тұрамын. Меніңше, оларды кейбір сөздер арқылы төмендетуге тырысу нағыз көре алмайтындардың ісі.
satibaldi
Бұл жерде — ести алмаушылықтың да салқынын бар екенін атап өтпесе болмайды…
kan
Оралман деп атаудың өзі оларды бөлектеу"" осы пікіріңізге толықтай келісемін. Оралман деп айтудың өзі ауыр. Айтпаса екен
TASHKENTDENORALGAN
Ия заным биз оралмандар нагыз таланттымыз. Местный сасыктардын колынан парамен, таныспен жумыска кiрiп алудан баска тук келмейды. Оздеры орысша сойлейды, жарассагой арматура-монгол турлерiне. Бизнес кылуды бiлмейды, шомылмайды- оте сасык болады. Ауласын корсендергой-агаш осiруды бiлмейды, жалкау. Бул местный жергiлiктi казактар мунай болмаса кирилып олер едi. Админдар блоктандар, шындыкты айтсам менде кiна жок. ОРАЛМАНДАР — ЕВРЕЙЛЕР СЕКIЛДI АКЫЛДЫ! (бiрак Монголиядан келгендерi жергiлiктi казактстандыктар секiлдi вкусi жок, мал секiлдi) Бирак Китай, Озбекстаннан келген Оралмандар местныйлардан артык. Местныйлар кошпенды малбагар сасыктаргой.
TASHKENTDENORALGAN
Ия заным. Местный сасыктардын колынан парамен, таныспен жумыска кiрiп алудан баска ештене келмейды. Оздеры орысша сойлейды, жарассагой арматура-монгол турлерiне. Бизнес кылуды бiлмейды, шомылмайды- оте сасык болады. Ауласын корсендергой-агаш осiруды бiлмейды, жалкау. Бул местный жергiлiктi казактар мунай болмаса кирилып олер едi. Админдар блоктандар, шындыкты айтсам менде кiна жок. ОРАЛМАНДАР — ЕВРЕЙЛЕР СЕКIЛДI АКЫЛДЫ! (бiрак Монголиядан келгендерi жергiлiктi казактстандыктар секiлдi вкусi жок, мал секiлдi) Бирак Китай, Озбекстаннан келген Оралмандар местныйлардан артык. Местныйлар кошпенды малбагар сасыктаргой.
Sashok
Мынаны минустап тастау парыз, халқым.
TASHKENTDENORALGAN
Сонi бастаган оздерiн. Аркiм ауiр айтса ауiр жауап алады. Ашуiм шыкты, озiмдi баса алмай жаксылаб удар беруге тiрiстым. Оралман туралi анау мiнау десендер одан бетерлерiн окiйсндар. Анау тенiзден тамшы
007
онда қазақстанға атаңның басын іздеп келдіңбе ептібайымайд,қаңғып келгеніңде құшақ жайып қарсы алып,қара нанына тойдырып пол жуушы болғызсада жұмыс тауып бергеніне рахмет айтпайсыңба, жалпы оралмандарға көмектесіп наху себебі қазіргі оралмандардың ата-әжелері кезінде қазақтың басына күн туған заманда елін, жерін, ағайын туысын тастап шекара асып кетпедіме, бұларданда шығат сондай,, ертең соғыс боп кетсе автоматтарын тастап бірінші қашатында осы оралмандар болат,, лібәдтің айтып отырған сөзін қараш ,, Ташкент жақсы болса келмес едің так что ойланып сөйле
TASHKENTDENORALGAN
Шынында сол кашып кеткенсiндер деген соз бiлiмсiздык, аулбайлыктын натижесi. Сендер сол миймен отсендер оптом идин н… й… Казактар тарихта калаган жерiне кошiп журген, олар шекара дегендi дурiс тусiнбегенде, сен мiсал ауiлында аштык басталса, ауiлдагыларын аштан олудi бастаса или аулдын байлары саган кок тiйин устатпаса сенде косылыб аштан олуге дайндаласынба? Или алiн жетiп турса омiр ушiн куресiп калага тайп каласынба? Алi жеткендер кеткен сол уакытта. Мумкiн Калып кеткендер орыстарга кiзметтенип тiрi калганшар. Ешкiм блмейди. Коп сойлеме сонын ушiн. Пайдаларын тиймеседе зияндарын тимесiншi, орыска или баска ултка келгенде ихх етiп т...iп коясындар, оралмандар ундемегенiне. И кай жардем? Жумiстi азаматтык алгасын озiмiз табамыз, квота бар азгана сол и все. Шынында есiме тускенi, Азаматтык алгасын оралман мартебесы жойылады. Казiр ч.а о.р атынан айтысканым кате болiптi. Кароче азам.к алгасын, оралман десен каласа соттай алады екен.
007
ақталмай-аққойш қашып кетскенсіңдер,, ешкімде орыстраға қызмет еткен жоқ бәрі отбасы, бала шағасы үшін қызмет етті. Осы тәуелсіздіктіде алып берген Қазақстанның қазақтары сендердің бір тиын пйдаларың тиген жоқ. Тәуелсіздік алғасын дайын асқа тік қасық болғаннан басқа не істеп отырсыңдар
TASHKENTDENORALGAN
Сен зорсын, бiз пас. Болдыма? Ендi ендi пайдамыз тиедыгой, тек колдау керек олардыда, бiрлiк-тiрлiк. Местныйлар Оралмандарды бiрер дурiс жумыска жакындатпаса, конечна пайдасы тiймейдигой. Ато таланттi кабилеттiлерi колдаудын жоктыгынан болмайтын жумыстармен жур. Мемлекет сол адамий потенциялды пайдалана алмай адамдардыда, сонiмен озiнде кор етiп жур. Адамдары бай мемлекеткана абиройлы бола алады. Оралмандар таза патриоттар, оларды колдау мемлекетке артыгымен жауап турiнде пайда акеледi. Депутаттык и сол секiлдi Мемлекеттык кызмет усiну емес, (ол советтiк баю жолы) бизнес истейм дегендi жолын тоспай, барынша колдау керек. Оралманга кун бермеу ол зиян акеледы, пайдасын орыстар кормесе казактар кормейды и все.
TASHKENTDENORALGAN
Тауелсiсдiктi 15 республикага орыстар оздерi сыйлади десе болады. 2. Мысал Шымкентте оте улкен зауттi гулдетып облыс економыкасына пайдасын тигизiп жургендердын 100% менын земляк оралмандар. 50 мын тенге алады, бiрак зауiт гулденып букiл республиканы тауармен камтамасыз етедi. Економыкага пайда. Сол арматурный зауттан Кытай жумысшыларда оралмандар келгесiн кеттi. Кок тудын (казахский флаг) авторыда Ташкенттен келген казак. Ол бiлетiним гана. (жазуда кателiктерiм коп, узбекше мектепте окыгам). Жаксысi Казак и Шала казак деп болiну пайда акелермедi.
Abilakim
Мен оларды жамандаудан аулақпын. араласатын жора-жолдастарымның арасында оралмандар да бар.Оларды шеттетпейміз, оларда бөлектенбейді. Мәселе олардың ата-анасында -ау деймін. Ол жақтан келгендерқыз алысып, қыз берісуді тек өз араларында жүзеге асырғысы келеді. Бір ұшы біздің тәрбиемізде екені де анық.Дегенмен осылай бөлінбесек екен. Автобуста таныс оралман қызды жолықтырдым соның сөзінен үзінді "Өмірімде «местныйға тұрмысқа шығам деп ойламаппын, алып қашты.негізі жүріп жүргенбіз»
Abilakim
Мен оларды жамандаудан аулақпын. араласатын жора-жолдастарымның арасында оралмандар да бар.Оларды шеттетпейміз, оларда бөлектенбейді. Мәселе олардың ата-анасында -ау деймін. Ол жақтан келгендерқыз алысып, қыз берісуді тек өз араларында жүзеге асырғысы келеді. Бір ұшы біздің тәрбиемізде екені де анық.Дегенмен осылай бөлінбесек екен. Автобуста таныс оралман қызды жолықтырдым соның сөзінен үзінді "Өмірімде «местныйға» тұрмысқа шығам деп ойламаппын, алып қашты.негізі жүріп жүргенбіз"
bazuka
кішкентай кезімізде апам екеуміз монғолиялық қазақтарды «монғол» қытайдағы қазақтарды "қытай" дегеніміз үшін ағатайымнан жақсылап тұрып сөгіс алғанбыз, оларда өздеріндей қазақтар деп ұрысты.
monti
кытайдан қандастар көп келсе!!!.. от солардан КЗлықтар сервис үйренсе ;) мықт енд мықт!
бірде шаштараз қыз жұмс. сұрап бұрын қандай опыт болғанын сұрап отрп. неге анау бір сала бойынша жеке іс ашпадыңыз деп… мен сасып қалдым))) сосын, біздің сана, тәуелді, жалданып жұмыс істегенді қалайд дедім ужас на…
AKY
«Мал қоғам» деді ме)))
monti
жоқ олай деген жоқ))))
AKY
Негізі, оралмандардың өмір сүруге деген бейімділігі зор-ақ. Талай жақсы таныстарым бар, пысық-ақ, жұлып жейді)))
TERISKEI
Оларды қатты мақтаудың да, қатты даттаудың да қажеті жоқ! Админ аға дұрыс айтады:«олардың ішінде де надандары, білімділері бар»- деп. аман болсын АРДА ҚАЗАҚ!!!
nurbergen_makym
Соны айтам, кластастарымыз туралы бұлай айтқан қызық екен…
serjan
Оралмандарды надан екен дегеннің өзі надан немесе іші тар адам, сенбесеңіз факты келтірейін
Қазақ Ұлттық университетіне түскендердің 30% ы Қытайдан келген оралмандар, енді сіз ойлайтын боларсыз үкімет оларға жеңілдік жасады сол арқылы түсті деп, мүлде олай емес мен өзім сол университеттің түлегімін ешқандай жеңілдік болған жоқ жергілікті балалармен бірдей ҰБТ тапсырдық. Жалпы ҰБТ сұрақтарының қиындық дәрежесі Қытайдағы жоғары оқу орнына түсу емтиханымен салыстырғанда түк емес, ҰБТ дан қытайдан оқып келгендер қорықпайды.
Qojeke
Тақырыпты сатып алынғандай.
balzaminka
Осы сөзден өткен ауыр сөз жоқ шығар(((
merkit
Birak osi Kazakhstanda turip, kazaksha eki sozdin basin kosa almaytin kazaktarga janim ashydi,oz tilin bilmeytin sorlilar goi. Al oning kasinda shet elde turip jatkan bizdin kandas bauirlarimizdin kazaksharlari keremet endi,asirese kitay kazaktarining.arasina bi auiz kitaysha kospai taza kazaksh asoyleydi.Al bizde bes sozdim usheui orissha ekeui kazaksha. Sondiktan oralmandarga bas iyemin,shet elde jurip oz tilin umitpagan!!!
chimaq
qandastaryma janym ashyidy!!((((((((((…
Ojdan
Оралмандар қазақтың қаймағы!!!
aza
Оттама, Ождан! Оралмандар-оралмандар!
Altygradus
атауы жаман екен мына жердің:)
KILYZAMAN
Жерұйық іздеген @AsanQaigy, постыңның тақырыбын өзгерткенің дұрыс болар. Көпшілік сұраған сияқты ғой…
VKM
Келгендердің ішінде де, жергілікті халықтың ішінде де жақсы не жаман адамдар бар.Шығыста қазір Қытайдан келген қазақтар көп.Нағышымдар: Тарғын өзенінің бойындағы ағаштан түк қоймады, отынға тасып,ұяттары жоқ екен деп ренжіп отырған.Ал олар сағат таңғы бестен кеш батқанға дейін жұмыс істегендерін мақтап отырады… сол сияқты. Бәрі де жаман, не бәрі де жақсы деп айтуға болмайды
KILYZAMAN
Нағышымдар: Тарғын өзенінің бойындағы ағаштан түк қоймады, отынға тасып,ұяттары жоқ екен деп ренжіп отырған.
Жергілікті әкімшілік дегендер бар емеспе? Кейбір жағдайда, тек түсініктің жетпеуінен болатын келеңсіздіктер көп болады, ондай кезде ұғындыратын ауыл ақсақалы немесе әкімшіліктегі ұйымдастырушылар іске кіріскені дұрыс. Олардан үйренерімізде үйретерімізде көп қой!
007
шығыстағы сол оралмандардың талайын көріп жүрмін менің білуімше олар мүлде жуынбайдығодим қасына жолап кетсең к*ттің исімен қолтықтың исі 5 метрден мүңкіп тұрады
balerke
оййййййййййй бок мурын
007
менің мурнымның боғын сүртіп жүрсіңбе
Maya
Бес саусақ бірдей емес, қай елде, қай жерде болсады бір тентек, бір ғалым, бір ақын, бір ақымақ болады ғой. Тақырып айғайлап тұр ғой, ауыстырса дұрыс болар еді.
Erbol
2006 жылы Қытайдан келген оралман жігіт мені бірге бизнес бастаймыз деп 30 компьютерге лақтырған.Менің тәп-тәуір басталып келе жатқан бизнестегі жолыма төшке қойды. Одан кейін де Қытайдан келген 3-4 жігітпен істес болдым, жасырып не керек алдымен ақшаны ойлап тұрады, өзінше бір сасық қулығы, арамдығы бар еді солардың.Мүмкін маған сондайлары кездескен шығар, бәрін ондай деуден аулақпын.Бірақ сол 3-4 жігітпен істес болу менің жалпы оралмандарға деген көзқарасымды өзгертті.Бауырлар ғой, сырттан келген деп басында аяйтынмын.Қазір ойым мүлдем бөлек.
KILYZAMAN
Ереке, бизнес деген нәрсенің өзі көп талдауларды қажет ететіндігін айтып миыңды ашытпайын… Періштелерде айнып жататын сияқты. Тізгінді өз қолыңда ұстаудың нешебір айла-тәсілдерін қарастырмасаң қыйын нәрсеғой өзі. Отыз компьютердің ақшасын сеніп бере салғаныңа өзің ғана кінәлісің, солай емеспе?
Zilola
Жоғарыдағы ағамның айтқан әңгімесінен:
«Түркия қазағын шақырсаң, жұмыс, үй, т.с.с соц пакет болса ғана барамыз дейді. Моңғолдың қазағын шақырып, мал беріп, жер беріп, екі жылдан соң жағдайын көруге барсаң, үйдің айналасында тал қалмаған, мал жоқ. Неге деген сұраққа, қыста отынға бұтадық ағаштарды, жейтін дым жоқ болған соң малды сойып жедік. Қытайдың қазағы, айдаладан жер бересің, болды. Екі жылдан соң барсаң, үйді салып тастаған, үйдің айналасы гүлденіп кеткен, кіші-гірім цех салып, мал бағып күнін көріп жатыр». Кейде рас сияқты онысы.
KILYZAMAN
Міне-міне, осындай талдаулар жасалып жатсағой шірікін! Қойда аман — қасқырда тоқ болып, ебін тапқандардың ертеңнен күтер үміті зораярма еді? Шыбынды котлеттен ажыратпаса, қортылуы қыйндау болады ғой…
Aigolek
Тошна айтасын. Уйдеги осип турган бир агашты мен машнемен кагып екиншисин Амандык машнемен кагып сындырган.
burkitshi
Сол ағаңыз Монғолиядағы қазақтардың малының осы жақтағы қазақтардың малынан әлдеқайда көп екенін біле ме екен. Жалпы өз басым бөліну дұрыс емес деп білемін. Байқағаным қазақтар оралман жән жергілікті, діндар және дінсіз, мұсылман және кәпір, ханафист және басқаист, таза және шала, бахабист, таблиғ және т.б. қалалық және ауылбай немесе мамбет болып сан тармаққа бөлініп бара ма қалай? Бүйте берсек бір күні Кеңес үкіметі жаман деп үйреткен рушылдық пен жүзге бөлінумен жыласа көрісетін секілдіміз ғой.
Тентегі мен нашары кез келген жерде болады дегендердің пікіріне қосыламын. Жақсысын алып, жаманын алмаймыз деген болмайды ғой
. Өз басым 93 жылдары Көкшетау қаласы, Айыртау ауданы, Қаратал ауылына Монғолиядан көшіп келдім. Өмір сүрген он шақты жылымда бірде-бір кемсітушілік сөз естіп көрмеппін. Анам мед. пунктте, ал әкем Жедел жәрдемде шофырлықта істеді. Жалпы сіңісіп кетуімізге септігін тигізген Қараталдықтарға алғысым шексіз. Балалық шағымның ең қызықты өткен естеліктері осы Қараталмен бірге. Ех, сағынып кеттім ғой
Соңғы түзету:
sigma
Мақаланың аты затына сай емес екен, бірақ мақала аты менің позициямнан шықты.
Lyaila
Рас, «мен мұндалап» тұрған тақырыбына қарап «оралмандар не бүлдіріп жатыр екен деп шошып кетсем) Негізі теріс пікірлерді тударатын да өзіміз ғой, әйтпесе, мәдениет сабақтастығын жалғастырғаннан басқа не „жазықтары“ бар…
boztorgai
оралмандар оңбағандар!!!
тым бомаса өтіп жатқан құрылтайды сыйласаңдар етті
Nurzhol
Өткен тарихты қазбалағанмен, шынымен де көзбен көрген жоқпыз. Қолдан құрастырылған тарихтың кесірінен дау туа беретіні хақ. Мақала авторы айтып отырған алпысыншы жылдардағы көш «Хрущев жылымығы» болатын. Жалпы, бәріміз де қазақтың баласымыз ғой. Ел басына күн туғанда, басыңа іс түскенде, қанша дегенмен шыққан тегің бір болған соң, әр қазақ әр қазақтың жалғызы, асылы екенін мойындау керек.
Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде. Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді.
Болмай қалғандардың кесірінен, кінәсі жоқтардың да өзегі өртеніп жататыны бар. Жақсыны басынба, қиын қыстау күн туса, сол табылар қасыңда дейді халқымыз. Ұлтының құндылықтарын бағалайтын қазақ баласы, мейлі ол Қазақстанда, мейлі Қытайда, мейлі Моңғолияда, тіпті Еуропада тұрса да, барлық бауырларын алаламай бірдей көрсін, әйтпесе жайына жүрсін. Анаған кел деп, мынаған құрмет көрсет деп ешкім ешкімді қинап қыстамайды.
salamat
"Ұлы көштің" екінші кезеңі 1991-жылы наурыздың соңында КСРО тарамай тұрып басталды. Қазақтар еңбек шартымен келді, оларды қоныстанулар перецеленцы деп атады. оралман сөзін депутаттар «ойлап тапты»! оралған немесе оралушы деу дұрыс! бұл уақытша мәртебе! азаматтық қабылдағандарды оралман атау дұрыс емес! олар өздерін де «оралман» атамау керек!
Aigolek
Квота алу ушин ОРАЛМАН боласын. Одан кейн барибир.
salamat
қоныстанушылар деп оқыңыздар
оларға репатриант деп айдар таққан кез де болды
алғашқыларына азаматтық беру оншақты жылға созылды
salamat
айгөлек сен ойыңды маған қаратып отмрсың ба?
Aigolek
и жогей. Прост Оралман болганнын да жаман емес екенин айтайн дегем го.
salamat
оралман ол уақытша мәртебе!
ұлы көш басталғанда квота деген сөз болмаған!
тәуекел түбі жел кайык… деп басталды көш
тоқырап қалғаны өкінішті!
жалпылай айтқанда "ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ" айқындалған жоқ!
AyaulymToleubek
атауы жайлы пікірге қосыламын, өзгерту керек сияқты. тек оңбаған деген сөз үшін емес, жалпы оралман деген сөз дұрыс емес. Қандастар дейік!
Abilakim
қандас деп қан топтары сәйкес келетін жандарды айтпай ма?
salamat
Қазақстанда билік те, опозиция да қазақ ұлтының түйткілдерінен айналып өтеді! сендер оралманды талқылағанша біртұтас қазақ ұлтының мөселссін талқылаңдар!қазақтар неге "қара орыс" болуға талпынады? алты жастағы балаға ағылшын тілін үйрету Дұрыс па?қазақ тілі неге банкте, ұялы баайлаыста, комуналдық мекемеде қолданылмайды? осындай сұрақтардың жауабын іздеуіміз керек.
salamat
оралғандар біртұтас қазақ ұлтының құрамдас бөлігі
Қазақ ұлтының мәртебесін айқындаған кезде назарда болуы қажет!
Sultan-begim
Әркімнің пікірі өзіне ғана құнды ғой. Бірақ сол қандастарыңыздың шектен шығатын кездері де болады. Жүз пайыз тілді сақтады дегендерімен де келіспеймін. Жерімді қызғанып жатқаным жоқ. Соларға берген үйді неге жас отбасыларға бермейді? Қазақтың санын табиғи жолмен көбейту керек шығар.
serjan
Оралмандарды үймен жарылқап жатыр деген сөзге неге сонша имандай сенесіздер түсінбеймін, қане бір оралманды үкімет берген үйімен бірге көрсетші.
balerke
жарайсыз коке уй уй деп оттамандаршы
balerke
колыннан келсе кобейтсей не дейсин оралгандаргаааааааааааааа
temir1986
Әй сол кейінгі келіп жатқан жастардың көбі қытайдан аумайдығой.
balerke
фууууууууууууууу
Simona
Оһ шiркiн, жергiлiктi қaзaқтaр шетiнен бiлiмдi де бiлiктi, тәрбиелi, мәдениеттi, инaбaтты вә мүкәммәл жaндaр.

A тaғы не ғой, шетiнен aрийлiк.
kan
жергілікті қазақтар деп бөліп-жарып айтудың өзі әбестік. Қазақ бірлікте болғаны жөн ісіменде сөзіменде
balerke
оралмандар деп неге коймайсындар??????
balerke
жарайсын созине косылам.
AL-ASTER
Менің балалық шағым ешкімге қызық емес, білем. Сонда да, в тему бір оқиға есіме түсіп тұр. Біздің орыс көрші болған, жалпы ойлап қарасам, мен мектепке барғанға дейін бірнеше рет көшкенбіз, ылғи көршілер орыстар болған. Сосын солардың үйінде қонып жүре беретінмін. Ну енд, үлкендер өзара араласад, кішкентай балаларды олар жақсы көретін болғасын шығар, бала болғанда не үшін деген әңгіме қызықтырмайды ғой. Сосын, біздің үйде ата тұрды. Есімі Төлеген, марқұм болып кетті. Шебер, қолынан көп іс келеді, сәйкесінше көп біледі. Орыс тілді. Бензовоз жүргізушісі, мені үнемі ертіп алатын. Сөйтіп әрбір ауылға, жайлауға шабандарға, сабантай анау-мынаулардың арасында немересі етіп ертіп жүретін.
Кейін, қалаға көштік, атамыз қалды. Қалада да бәрі жақсы еді, бірақ барлық қызық мен мектепке кірген соң басталды. 1 сыныпты ауылда, 2-сыныптан бастап қалада оқыдым. Сол кезде өте қатты әсер болды, ұлдарды сойып аламын, ешкімнен қорықпаймын, себебі әкем солай тәрбиелейтін. Кім болса да, коса қараса бетін ет қыл деп. Мен солай істедім. Бұл жазып отырғаным өте әбестік әрі ақымақтық, бірақ мен бір ауданнан кетіп қалғалы 10 жыл болса да, сол кездегі бірге жүрген балалар әлі қаймығады. Мәселе онда емес, мәселе мені моңғол деп кемсітетіндерінде. Мен түсінбеймін, топ баланың арасында жүремін. Қарапайым ерегес болып қалады, ұрып жығып талқандап кетемін, артынан үлкендерін ертіп әпке, мамалары келіп баланың арасына түсіп солай кемсітіп тұратыны маған ұнамайды.
Өтті, кетті бітті. Бұл очм болмайтын әңгімелер. Прост сондай деңгейге түсіп кету бұл қай жақтан болса да есі дұрыс адамға тән емес қылық деп білемін.

Есесіне, мейлі жергілікті болсын, жергілікті емес болсын, орысы, украині болсын бастысы адамның көңілі кең болса, ұлт анау мынау деген қырт түсініктер жайында қалады. Жоғарыдағы сипаттаған болмай қалған адамдарды есептемегенде, қаншама алтын адамдар барын да ұмытпау керек. Әсіресе, менің есімде барлық адам тату болып, жиналып алып бас қосып отыратын кадрлар ерекше есте қалыпты. Ахаңның әсері де болар, Шәмшінің әні кетіп, бұл дүниеде олардан артық кең көңілді адамдар жоқ қой. Лібә))) Құрсыншы нақ расизм, правокациялар))) Лібә очм болмай қалға лузерлердің мыжыған әңгімесі го)))
burkitshi
Өз басым 92-жылдары Көкшетау қаласы, Айыртау ауданы, Қаратал селосына туған-туыстарымызбен көшіп келдік. Сол жерде тұрған 5-6 жылдың ішінде жергілікті халықпен бір рет болсын бет жыртысып, ренжісіп көрмеппіз. Анам мед.пунктке, ал әкем Жедел жәрдемге жүргізуші болып орналасты. Жоғары маманы барлар жақсы жұмыста, ал маманы жоқтар тоқта (астық кептіріп сақтайтын орынды солай деп айтатын) жұмыс істеп жатты. Балалық шағымның бал дәурені өткен Қаратал ауылы мен оның тұрғындары менің жүрегімде мәңгі жарқын естеліктерімен есте қалады. Ех, сағындым ауылымды, . Ең қызығы көшіп келген бетте көршілес Шанғал деген ауылдан бір ақсақал арнайы іздеп келіп еді. Жергілікті жұрттың бәрі ол кісіні Қытай шал дейтін. Қытайдын 60 жылдары келген сол кісінің әкеме күле отырып ең алғашқы айтқаны: "Қытайдан келгеніме 40 жыл болса да, әлі қытай атым қалмады. Әгераки біреу-міреу монғол деп жатса ренжімендер, қалқам". Аллаға шүкір, оралманы болмаса, монғолын естімедік
bizbike
ол байғұстарға берген квота, жәрдемақыларды біздің арамтамақтар алаяқтықпен жеп кеткені қаншама
dark_nazgul
Тақырып сәтсіз. автордың көзқарасы туралы бірден басқа ойға жібереді.
Blogshy
маған бір оралман бала айфон алдырып берем оригинал акш тан деп сеніміме кіріп, 2 телефон алып беріп, үшіншісіне 85 мың теңгемді алып аумин болып кеткен. Бірақ отыз компьютерді оқып шүкір етіп отырмын
izbasar
Ертеде бір ағамыз айтып еді. Моңғолияда жүргенде олар мені Хасыг қазақ немесе Оспанның сідігі деді. Олаға жағу үшін неш түрін істедім. Олардың Сагаан сар мерекесін оларданда артық тойлап, оларды қонақ қылдым. Қанша тыртыссамда жақпадым сол баяғы Оспанның сідігі Хасыг болдым. Менің арманым моңғол мені қабылдаса екен (Моңғолмен тең болғым келді) дедім. Не керек 1991 жылы атамекенім деп алып ұшып Қазақстанға көшіп келдім. Мен кен инженері едім, осында келіп мал бақтым. Сүйтіп жүргенде бір қазақ келіп әй моңғол дегенде барып арманыма жеттім. Онда мен моңгол болу үшін, моңғолдарға жақпап едім. Өз атамекенімен қара орман қазағыма келіп МОҢҒОЛ атандым деген еді.
Бауырлар Абай атамыздың айтқан жалғыз ауыз сөзінен алыстамайық.
EsetKalmanov
Ағайындар өйтіп бет жыртыспайық, жаман адам қай жерде де жетеді. Мен де Өзбекстаннан келдім. Ақтөбе облысында тұрам. Бірақ бірде бір адам бөліп шеттетіп көрген емес. Құдайға шүкір көршілермен де жақсымыз, ел қатары жүріп жатқан жайымыз бар. «Местныйлардың» ішінде бөліп жарып алалайтын ақымақтар бар шығар, бірақ оралмандардың да бәрі сүттен ақ судан таза емес қой. Сондықтан көпке топырақ шашпай тату болайық ағайын.