Қош бол, "Али Сами Йен"!



Қазақта «Мың рет естігенше бір рет көр» деген сөз бар. Оның үстіне Түркияда өмір бақи оқымаймыз, елге оралғанға дейін сол елде аты аңызға айналған Галатасарай клубының стадионын бір көрмесек футбол жанкүйері деген атымызға сын. Міне осы ой көптен бері маза бермей жүрген еді, әйтеуір қаңтардың он бірінші жұлдызында жиырма төрт мың жанкүйермен бірге матчты Али Сами Йен стадионынан көру бақыты бұйырды. Көру бақыты бұйырды деп екпін түсіріп айтуыма негіз де жоқ емес, өйткені дәл осы күні мен түгілі, Галатасарайдың бағзыдан бері келе жатқан бірталай жанкүйерінің өзі билет таба алмай, жер сипап қалған-ды. Енді ше, Али Сами Йендегі соң матч, әр әркімнің-ақ куә болғысы келеді. Тарата айтсақ, Галатасарай клубына 1964 жылдың 20-желтоқсанынан бермен қарай қызмет етіп келе жатқан, команданың іргетасын қалаушы Али Сами Йеннің атын иемденген бұл стадион жабылып, «Арыстандар» сыйымдылығы елу екі мың жанкүйер, Еуропа-2016 талаптарына сай су жаңа «Түрік Телеком Арена» стадионына көшкелі жатқан-тұғын. «Арыстан» дегеннен шығады, Түркияда әр команданы белгілі бір аңға немесе құсқа теңейді. Міне осы метафоралар олардың екінші аты болып қалыптасқан. Мәселен, Галатасарайды «Арыстан», Бешікташты «Бүркіт», Фенербахчені «Канарейка», Бурсаспорды «Қолтырауын», Трабзонспорды «Анчоус» (балық түрі), Аданаспорды «Торос(тау аты) Жолбарысы» дейді. Газет бетінде де команда жайындағы мақала тақырыптары көбінде аталмыш аттармен беріледі. Мәселен, Галатасарайдағы үсті-үстіне келген жеңілістен кейін голландиялық бапкер Франк Райкард орнынан кетіп, Георге Хаджи келгенде, ұмытпасам «Заман» газетінен «Жаралы арыстанға Хаджидің қолы тиді» деген мақала тақырыбын оқығаным бар. Немесе Бешікташ жеңілісінен кейін «Бүркіт қарсыласына тырнағын батыра алмады», «Бүркіттің қауқары қайта бастады» сыңайындағы мақала аттарын ұшыратуға болады. Мұнан бөлек, Барселонаны блауграна дейтін секілді Галатасарайды – «Сары-қызылдар» (Сары-қырмызы), Фенербахчені – «Сары-қою көктер» (Сары-Ладжыверт), Трабзонспорды – «Күреңқызыл-көгілдірлер» (Бордо-мави) деп атау да кең тараған. Бұған қоса, Галатасарайдың Джим Бом дейтін қосалқы аты тағы бар. 1940-тардан бермен қарай келе жатқан бұл ат еуропалықтардың өз тілдеріне икемдеп шығарған атауы болып шықты. Сонымен, Джим Бом дейсіз бе, әлде Сары-қызылдар, қаласаңыз «Арыстан»....қысқасы, Галатасарай Зираат Кубогының кезекті матчын өз алаңында өткізіп, өздеріне қырық жеті жыл қызмет көрсетіп, ащы жеңіліс, тәтті жеңісіне ортақ болған, қуаныштың, өкініштің көз жасы сіңген, Хакан Шүкір, Хасан Шаш, Окан Бурук, Бүлент Қорқмаз сынды түрік футболының көзі тірі аңыздары атой салған Али Сами Йен стадионымен қош айтысты. Бейпазары Шекерспормен ойналған матч та «Али Сами Йенмен» қоштасуға әбден жарасатын нәтижемен тәмамдалды: 3-1. Алғашқы голды Түркияның ұлттық құрамасындай ойнайтын, бойының ұзындығымен ерекшеленетін Сервет Четин соқса, екінші голдың авторы команда капитаны Арда Тұран. Үшінші гол команданың су жаңа мүшесі, Фенербахчеден ауысқан, ауысуы талай-талай әңгімеге арқау болған Колин Казимнан келді. Матч бітісімен белгілі журналист, тележүргізуші, «Футбол дегеніміз – өмірдің өзі» секілді бірнеше кітаптың авторы Али Кырджа «Али Сами Йенмен» қоштасу хатын оқып, һәм аяқдопшыларды, һәм жанкүйерді толқытты. Алдымыздағы экраннан капитан Арда Тұранның, Хаджидің және бас бапкер көмекшісі Тугай Керімоғлының көзіне жас алғанын көрдік. Мұнан бөлек, сол жердегі жиырма төрт мыңның әрқайсысы ішінен жылап тұрғаны анық еді. Али Кырджаның хатынан кейін «Али Сами Йенмен қоштасу» әні қосылып, жарықтардың бірте-бірте сөне бастағаны Али Сами Йенде бұдан былай матч ойналмайтынын, бұдан кейін тек сағынышпен еске алынатынын сездіріп, көңілді онан әрмен босататын сәттер еді…
Дәл сол тарихи күнде, кез-келгеннің уысына түспейтін сәттің куәсі бола алғаным үшін өзімді бақытты сезіндім. Бұдан былай бұзылып, орнына сауда орталығы салынатын стадионның атын тек тарихтан ғана оқитын боламыз.
Сол матч үшін билет қалмай, клубтың айналасындағы ықпалды біреулерді салып жүріп, VIP-тен бір дөкейге берілген шақыру билетін аттай қалап төл ақшамызбен жиырма бес мың көк қағазға сатып алғанымды ақымақтыққа балағандар бар. Ал менің еш ішім күймеді. Есесіне қандай сәттердің куәсі болдым десеңші…


Бөлісу:

20 пікір

asaubota
Dört sene üstüste şampiyon olduk
Avrupanın kralı olduk
Gerçekleri tarih yazar
Tarihi de Galatasaray


(Төрт жыл қатарынан чемпион болдық
Европаның крорлі болдық
Шындықты тарих жазады
Ал тарихты Галатасарай)


деп әндетуші едік кезінде… талай тарих жазылған Сами Йенде, ендігі жаңа тарих жазу кезегі Аренада.

p.s өтініш: ілмек жазған кезде араларына үтір салшы
aktobe88
Kup bolady, Admın gagay!
Nurgisa
Админ Гага деген персонаж елестейді екен… Ультразаманауи, ешкімге ұқсамайтын аққұба бейне :)
aktobe88
Айтпақшы, админ ағай,… деп әндетуші ек кезінде дегеніңізге қарағанда, сіз де Галатасарайлы болғанға ұқсайсыз ғо
asaubota
түрік командаларынан Эскишехир мен ГС ұнайды, біраз матчтарына бардым.
aktobe88
Хммм, солай деңіз… Али Сами Йенге талай рет бардым десеңізші онда.
asaubota
Сами Йенге бару нәсіп болмады. biz deplasmancıyız be abi :)
muza
Иа жанкуйер болсан мендей бол дегеннин нагыз куаси сиз боларсыз.Али Сами Иеннин жабылу салтанаты керемет болганменен Аренанын ашылуы даулы да шулы болганы жаман болды.
aktobe88
MashAllah! jan-jaktylygynyzga tantimin. ony kaydan estip koidynyz. men KZ-nyn bir akparat kozinen bul turaly materiyal kormep em…
muza
туркияда журмин десем калай болады
TERISKEI
Керемет екен!!! Мұндай кереметтерді көзімен көріп, «ДАБАЙына» жазған, админ ағасынан бұл жолы ескертуден өзге сын естімеген сен қандай БАҚЫТТЫСЫҢ!!!
asaubota
өзім де «тақырыпта» болғасын мақаланы оқыған жоқпын :)

оқып көрейін бе? :) мысалы:

Али Сами Йендегі соң матч

соңғы дегісі келген болуы мүмкін :)
aktobe88
Өзім де «тақырыпта» болғасын деген не, орысшаға аудардым, түрікшеге аудардым, бірақ түсіне алмадым, админ ағай.
Сосын, осы соң матч пен соңғы матч дегеннің арасында қандай айырма бар екенін аңғара алмай-ақ қойдым.
Және, ағай, осы жолы, тағы қандай жерінде кемшілік бар екенін Шаншардағы Нұржан секілді, «айтып айтып тастасаңыз да» қабыл етемін.
asaubota
қазір не жазсам да бәрібір ештеңе өзгермейді. жазғандарың өзіңе дұрыс болып көрінеді, ал түрікше білетін адамға қателерің анық көрінеді. «емделу» үшін түрікше ойлануды тастап, қазақша ойлап жазу керек. Бекжан сияқты бәріміздің басынан өткен нәрсе бұл.
aktobe88
түһ, тыныш отыршиш енді. бүлдірдің тағы:-)
Bekjan
Сосын, осы соң матч пен соңғы матч дегеннің арасында қандай айырма бар екенін аңғара алмай-ақ қойдым.

соң

1. конец
жұмыстың соңы → конец работы
кітаптың соңында → в конце книги
2. послелог затем; после; за
бес минуттан соң → по прошествии пяти минут
мен әкемнің соңынан жүрдім → я шел за отцом
сабақтан соң → после уроков
әрі-беріден соң → наконец

*************************

соңғы

последний; последующий
бізден соңғылар → те, кто следует за нами
соңғы екі жылда → за последние два года
соңғы кезде → за последнее время
□ соңғы түйенің жүгі ауыр → у замыкающего верблюда груз самый тяжелый (т.е. у того, кто выступает последним или что-то делает последним, ответственность вдвойне больше)
Адрес словарной статьи: sozdik.kz/ru/dictionary/translate/kk/ru/соңғы/
Bekjan
Мәселен, Галатасарайдағы үсті-үстіне келген жеңілістен кейін голландиялық бапкер Франк Райкард орнынан кетіп, Георге Хаджи келгенде, ұмытпасам «Заман» газетінен «Жаралы арыстанға Хаджидің қолы тиді» деген мақала тақырыбын оқығаным бар.

Бұл жердегі сіздің меңзегеніңіз "қатарынан" болуы керек… Мысалға:
Джонс кубогында қазақстандық баскетболшылар қатарынан төртінші рет жеңілістің ащы дәмін татты

Ал түрік тілінде солай қолданылады, мысалға:
Dört sene üstüste şampiyon olduk

Сіз тікелей аударып тұрсыз… Ол көбіміздің басымыздың өткен… біраз мұқият болмасаң, өзіңе дұрыс сияқты болады дағы тұрады..:) Сондықтан жиі жиі қазақша мақалалар оқып тұру керек… :) Іске сәт…
aktobe88
түсіндім. аңғардым. ескертулеріңізге рахмет, Бекжан ағай. Админ ағай сізге де.