Мен көрген Парламент

Парламент — мемлекеттің қабырғасын ұстап тұрған үш биліктің біреуі, биліктегі халық өкілі, заң шығарушы билік. Анықтамасы қандай керемет еді, Конституция бойыншада әжептеуір билігі-күші бар. Жай көпшілік халықта депутаттарға құрметпен қарап, осылар
Әрі қарай

Mazda автоконцерні ақау шыққан 5 млн көлігін кері қайтарды

Жапондық Mazda автоконцерні оталдыру жүйесіндегі ақауға байланысты күллі әлем бойынша 4,9 млн машинаны, оның ішінде АҚШ нарығынан 1,2 млн көлікті кері қайтаруды бастады, деп хабарлады Associated Press.Блог - maratamirov: Mazda автоконцерні ақау шыққан 5 млн көлігін кері қайтарды
АҚШ-тан атап айтқанда, 1989-1998 жылдары шыққан
Әрі қарай

Арқаның арсыз аязы...

Блог - Aiym: Арқаның арсыз аязы...
Қош!
Қош енді күздің таңы,
Шықпас енді жердің шаңы.
Күтпес енді мына мені
Қоңыр күздің әні.
Алдымызда алты ай қыс,
Күн борап тұр.
Арқаның арсыз аязы,
Тондырмас мені…
Сен бар
Әрі қарай

Сіздің қолыңыздан бәрі келеді!

Блог - erke10: Сіздің қолыңыздан бәрі келеді!

Өмірден үлкен ұстаз жоқ. Киікбай деген би айтқан екен: “Нағыз бақ еңбектіге бітеді, өмір үйретіп, данышпан етеді”,-деп. Өзі үшін ғана өмір сүріп, өзіне ғана пайда болсын деген адам бақытты бола алмайды. Айналаға шуақ шашып, өзгелерге қуаныш нұрын
Әрі қарай

Менің Қазақстаным!

Қазақстан телеарнасына жұмысқа орналасқаныма көп болмаса да, арна туралы біршама нәрсе білемін ғой деуші ем. Қателесіппін.
Оны бүгінгі Қазақстан телерадио корпорациясына жасаған блог-турымызда байқадым.

Блог - aikarakoz: Менің Қазақстаным!

Корпорация басшысы — Нұржан Жалауқызы медианарықта көшбасшы бол үшін аянбай тер төгу керегін, еңбек етіп қана қоймай, тың идеялар, креативті ойлар керегін атап өтті.
Әрі қарай

Махаббат – сезімнің биік шыңы!

Сезім – қасиетті нәрсе! Қасиетті бағалай білу қажет! Ал махаббат – ең асыл сезім! Махаббат – сезімнің биік шыңы! Ол шыңға жету үшін, біраз дүниелерді анық білу керек! Махаббат пен ғашықтық бір қарағанда екеуі бір сияқты. Бірақ, олай емес! Ғашықтық –
Әрі қарай

«Арай» саябағында «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінің аллеясы ашылды

Астана жаңалықтары: «Арай» саябағында «Астана ақшамы»  және «Вечерняя Астана» газеттерінің аллеясы ашылды

Бүгін республикалық «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» қоғамдық-саяси газеттерінің алғашқы санының жарыққа шыққанына – 25 жыл толды.

Бүгінгі мерекелік санында жарияланған басылымды мерейтойымен құттықтауында Елбасы: «Республиканың жаңа елордасы сіздердің көз алдарыңызда бой түзеді. Астанамен бірге оның жаңа басылымдары да қалыптасты. Газет беттерінде шырайлы шаһардың қызу тіршілігін айшықтап көрсетіп, өз оқырмандарыңыздың қатарын ұдайы көбейтіп келдіңіздер. Астаналық қос басылымға тың табыс, жоғары жетістік, ұжымдарыңызға денсаулық пен бақ-береке тілеймін!» деп шығармашылық ұжымның қажырлы еңбегін атап өтті.

Сондай-ақ, мерейтой иелеріне Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков, Қазақстан Республикасы Парламентінің, дипломатикалық корпустың, жетекші бұқаралық баспасөз құралдарының басшылары, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері жүрекжарды құттықтауларын жолдады.

Астана төріндегі «Арай» саябағында салтанатты жағдайда «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінің аллеясы ашылды. Сонымен қатар, мерейлі датаға орай футболдан газет жүлделері үшін республикалық жарыс ұйымдастырылды. Бас бәйгені Қызылорда облысынан келген әріптестер ұтып алды.

«Ақшамдықтар» мерейлі мерекеге арналған поэзия кешін, көрме, оқырмандармен кездесу, сондай-ақ, бильярд және боулинг сайыстарын өткізеді.
Әрі қарай

Елордада қар тазалауға арналған 300-ге жуық техника қысқы маусымға дайын

Астана жаңалықтары: Елордада қар тазалауға арналған 300-ге жуық техника қысқы маусымға дайын

Елордада алдағы қысқы маусымға дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. «Астана-Тазалық» ЖШС хабарлауынша, қазіргі кезде қар тазалауға арналған 292 техника дайын.

Астана қаласының коммуналдық қызметі 18 қыркүйектен 10 қазанға дейінгі аралықта техникаларды тексеруден өткізуде. Өзінің мамандандырылған техникасынан бөлек компания қар тазалау жұмыстарына өзге мекемелердің қосымша самосвалдарын тартады. Бір ауысымда қосымша 150-200 жуық КамАЗ жалданады. Бұдан бөлек, коммуналдық қызметкерлер көктайғақты алдын алу мақсатында 33 мың текше метр тұзды-құм қоспасын дайындады. Сонымен қатар, қосымша 7 мың текше метр құм әкелу жоспарланған.

Айта кетейік, қыс кезінде елордалықтардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жұмыскерлер жолдарды және олардың жиектерін қардан тазалайды. Күн сайын тиісті жұмыстарға 750 арнайы техника мен 450 жұмысшы тартылады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9213
Әрі қарай