Сіздің қолыңыздан бәрі келеді!


Өмірден үлкен ұстаз жоқ. Киікбай деген би айтқан екен: “Нағыз бақ еңбектіге бітеді, өмір үйретіп, данышпан етеді”,-деп. Өзі үшін ғана өмір сүріп, өзіне ғана пайда болсын деген адам бақытты бола алмайды. Айналаға шуақ шашып, өзгелерге қуаныш нұрын төге білген адамның да өмірі жақсылыққа толы болмақ.
“Өзің үшін өмір сүргің келсе, біреулер үшін өмір сүр ”,-депті Сенека. Өзіңе деген сеніміңді үзгісі келетіндерден қашу керек, олай ету ұсақ адамдардың қылығы, қайта мүмкіндігіңді бағалап, оны әрі қарай дамытқысы келетіндерге жанасқан дұрыс.
Әбу Саид ибн Әбу Қайыр шайық айтады: “Тоқырап қалған ой мен ұшқары пікірден қаш, бетіңді тағдырың боларлық ойларға бұр ”. Кісіні көлеңкесі жетелемейді, кісі көлеңкесін жетелейді. Ендеше көптен бері армандап, бірақ байқап көруге бата алмаған немесе бір рет байқап көріп, қиюы келмей, қолыңызды бір сілтеген істі қайта жасап көріңіз. Шынайы қалаған іске қол жеткізуге қашанда мүмкіндік бар. Сіздің қолыңыздан бәрі келеді!
2 пікір