Нүктесін өзіңе қалдырдым...

Блог - ademi_alem: Нүктесін өзіңе қалдырдым...
Қашан сені оңаша ойлағаным,
Терең ойдың түбіне бойлағаным
есімде жоқ… Содан болар әлі де,
Ауыр мұңнан арыла қоймағаным.

Қашан сенің алдыңда сыр ашқаным,
Адамдардан жырақтап, қыр асқаным
есімде жоқ… Содан болар, білмеймін,
Күннен күнге өзіңнен жырақтауым…

Қашан сенің алдыңда жылағаным,
Шын көңілден бір тілек сұрағаным
есімде жоқ… Содан болар өмірдей,
Ұлы жолда кей кезде құлағаным.

Қашан сені риясыз мадақтадым?
Құлшылықпен көз ілмей таң атқаны
есімде жоқ… Содан болар көңліме,
Қаяу түсіп жүргендей, Жаратқаным!

*** *** ***
Тарам-тарам жолдарында тағдырдың,
Қорқыныш көп қалмай арттан аңдыр мың.
Басы бар да, аяғы жоқ өлеңім,
Ал нүктесін тек өзіңе қалдырдым…
Кешір, Аллам!..

Зарина Әбілмәжінова
Бөлісу:

2 пікір