Мен көрген Парламент

Парламент — мемлекеттің қабырғасын ұстап тұрған үш биліктің біреуі, биліктегі халық өкілі, заң шығарушы билік. Анықтамасы қандай керемет еді, Конституция бойыншада әжептеуір билігі-күші бар. Жай көпшілік халықта депутаттарға құрметпен қарап, осылар мемлекет басқаруында үлкен үлес алады деп ойлайды.
Ал енді айтып өткенімдей «Мен көрген Парламент» жайлы айтып өтейін. Бір жылдары жұмыс бабымен Парламентке көп баратынмын, сонда заң жобаларын қарастыратын «жұмыс топтарына» қатысып, заңдардын қайдан пайда болатындарына куә болғанмын. Бүкіл процессті толық түгелдеп жатпай, ЖАЛПЫЛАМА айта кетейін. Біріншіден заң жобасы біз ойлағандай Парламентте жазылмайды, оны өз құзіретіне байланысты әр Министірлік, Комитет, Агентство, т.б. өздері жазады. Сөйтіп заң жобасы жазылып, Парламентке келеді, Мәжіліс депутаттары оны жұмыс топтарында қарастырады, ол жұмыс топтарына сол заң жобасын жазған министірліктің мүшелері қатысады, енді қызығы, Парламентке ол министірліктен жайғана кішігірім специалистер келеді, солай білдей Парламент депутаты кішігірім специалистпен сөз таластырып отырады. Кейде сөзі өтпей жатса депутаттар, «Керек болса министіріңді шақырып аламын, неге сен секілді кішкентай специалистті жібереді» деп, айбар көрсетіп қояды, бырақ алысқа бармай, бұл мәселе депутаттың өзінің шындығында кім екенін сезініп, езу тартумен бітеді. Қысқасы атқарушы билік жағынан, Өкіметтен Парламентке деген ешқандай құрмет жоқ. Негізі құрмет жоқтықта заңдылық, себебі Парламентте кімдер отыр, бірі әнші, бірі спортсмен, бірі мұғалім, бірі ветеринар – мал дәрігері, т.б. халықтың мұңын айтып, айтқанын орындатқызуға біліктілік жетпейді. Арасында бір-екеуі бар достойный, бырақ оларда ештеңе істей алмайды, себебі көп ыңғайсыз мәселелер көтере берсе, көзді ашып жұмғанша орындарынан айырылып қалатынын жақсы біледі…
Бұл тақырып жайлы көп нәрсе жазуға болады, қызықтырып жатса өз ойларыңызды айтыңыздар, талқылайық, не дегенмен бізде демократия ғой, Сократ айтпақшы «В споре рождается истина», сондықтан ақиқатқа жеткізер жолды бірге іздеп көрейік.
Бөлісу:

2 пікір

MERmukhanov
Біріншіден заң жобасы біз ойлағандай Парламентте жазылмайды, оны өз құзіретіне байланысты әр Министірлік, Комитет, Агентство, т.б. өздері жазады.

Тоже мне открыл Америку)))

SSSS
мен мұнда ешкімге Америка ашып отырған жоқпын, менің талқылайық дегенім, неліктен халықтың мұң-мықтажын айтатын депутаттар өңшең марионетка қуыршақтар.