Елордада қар тазалауға арналған 300-ге жуық техника қысқы маусымға дайын

Астана жаңалықтары: Елордада қар тазалауға арналған 300-ге жуық техника қысқы маусымға дайын

Елордада алдағы қысқы маусымға дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. «Астана-Тазалық» ЖШС хабарлауынша, қазіргі кезде қар тазалауға арналған 292 техника дайын.

Астана қаласының коммуналдық қызметі 18 қыркүйектен 10 қазанға дейінгі аралықта техникаларды тексеруден өткізуде. Өзінің мамандандырылған техникасынан бөлек компания қар тазалау жұмыстарына өзге мекемелердің қосымша самосвалдарын тартады. Бір ауысымда қосымша 150-200 жуық КамАЗ жалданады. Бұдан бөлек, коммуналдық қызметкерлер көктайғақты алдын алу мақсатында 33 мың текше метр тұзды-құм қоспасын дайындады. Сонымен қатар, қосымша 7 мың текше метр құм әкелу жоспарланған.

Айта кетейік, қыс кезінде елордалықтардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жұмыскерлер жолдарды және олардың жиектерін қардан тазалайды. Күн сайын тиісті жұмыстарға 750 арнайы техника мен 450 жұмысшы тартылады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9213
Бөлісу:

2 пікір

ken
Елордада қар тазалауға арналған 300-ге жуық техника қысқы маусымға дайын
дұрыс болған екен