Менің Қазақстаным!

Қазақстан телеарнасына жұмысқа орналасқаныма көп болмаса да, арна туралы біршама нәрсе білемін ғой деуші ем. Қателесіппін.
Оны бүгінгі Қазақстан телерадио корпорациясына жасаған блог-турымызда байқадым.

Блог - aikarakoz: Менің Қазақстаным!

Корпорация басшысы — Нұржан Жалауқызы медианарықта көшбасшы бол үшін аянбай тер төгу керегін, еңбек етіп қана қоймай, тың идеялар, креативті ойлар керегін атап өтті.
Төрайымға қойылған сұрақтар үндінің «Келін» сериалын айналып өтпеді. Рейтинг үлесінің басым бөлігін алып тұрған өнімді қайталап көрсету себебі түсінікті: сұраныс бар — оған сай өнім де көрсетілу керек.
Айтпақшы, «Келін» аяқталған соң телесериалдардың басқа толқыны басталады. Оның қай елдікі екені әзірге құпия)))

Корпорация басшылығы арнайы әзірлеген презентацияныы тамашалап, әр бағдарламаның рейтинг үлесін білдік.

Қазақстан арнасындағы ең қымбат жоба — Қазақстан дауысы. Әлемдік жобаға қатысу лицензиясының өзі бәленбай миллион болған шығар деп топшыладым.
Блог - aikarakoz: Менің Қазақстаным!

Арна бөлімдерімен танысуды бейнеқордан бастадық. Мұнда 30 жылдан бері қызмет етіп жүрген Молдабек Сағынбек "қожайын". Қай бейнетаспаның қай жерде тұрғанын жатқа біледі :)
Блог - aikarakoz: Менің Қазақстаным!

1958 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан арнаның архивін Алматыдан Астанаға көшірді.
Қаз-қатар тізілген кассеталар арасынан «Ақжүніс» көзіме оттай басылды. Кезінде күтіп жүріп, сүйіп көретін ток-шоуым еді. Рұқсат берсе, қайта көріп шығуға қарсы болмас ем))
Блог - aikarakoz: Менің Қазақстаным!

Бұл бейнеқорда қандай құнды деректер жатыр десеңізші… Дүниеден өткен қаншама тұлғалардың естелігі бар.
Блог - aikarakoz: Менің Қазақстаным!

Қазақстан арнасында көрсетілетін бағдарлама/сериалдардың 85 пайызы — отандық, қалған 15 пайызы — шетелдік өнім. Ол шетелдік өнімді алу да оңай емес. Оның мәтінін қазақшаға аударып, оны дыбыстап, оның орысша титрын қою үшін Алматыға жолдайды екен. Сосын Алматыдан қайта Астанаға жібереді. Мұны дубляж бөлімінде білдік.

«Жүрегім сізге аманат» сериалындағы басты рөлдегі Майяны журналист Майра Төлепберген дыбыстайтынын білгенде таң қалдым. Фе ханымды да Майра дыбыстайтынын білгенде екінші рет таң қалдым. Мың құбылған дауыс.
Блог - aikarakoz: Менің Қазақстаным!

Қазақстан арнасының жаңалықтарында жаңалықтар бар екен. Бірі — арна жаңалықтары KazNews атауымен шығуда, екіншісі — 7 арнадағы әріптесім Гүлназ Ауданбаева осы арнаның жаңалықтарын тізгіндепті. Керемет!
Он жылдық тәжірибесі бар Мейіржан мен Гүлназ екеуі әдемі тандем ;)
Блог - aikarakoz: Менің Қазақстаным!

Бұл студияның басқа студияларға қарағанда мысы басым ба, әлде 10-15 минут лифтке қамалып қалғанымыздың әсері ме, әйтеуір дәл осы жерге келгенде тым байсалды боп, бойымызды тіктеп қалдық. Жаңалықтың аты — жаңалық, ой, ресмилік болар, бәлкім…
Төбедегі жарықтар басыңды еріксіз өзіне бұрғызады. Жүргізушінің түр-әлпеті сәтті-сәтсіз шығуы осы жарықтарға тікелей байланысты.

Блог - aikarakoz: Менің Қазақстаным!

Блог-тур уақыты мен Әйел бақыты бағдарламасының тікелей эфир уақыты тұспа-тұс келгендіктен бұл студияға да соға өттік.
Осы Лəйлə Сұлтанқызын неге сонша жақсы көреді екем и...?
ааа… таптым!
Лəйлə сұлудың дауысынан ғана емес, күлкісінен, жүзінен күн төгіліп тұратын сияқты. Шын айтам, күн сияқты өзіне құмар ғып қояды адамды)))
Сосын адамды өзіне байқатпай тартатын «сиқыры» бар. Танысын-танымасын, сөйлесіп тұрған адамының не шашын ұстайды, не арқасын қағады, не қолын қысады, не иығын сипайды, не құшақтайды, солай «көрінбейтін» байланыс орнатып алады. Ондай қылықтар бейтаныс адамның бойынан бөтенсіп тұрған сезімді жойып, өзіне жақындата түседі. Бүгін Лəйлə ханымның сыртынан бақылап тұрып, осыны байқадым.
Адамның сүйкімді, тəтті көрінуі үшін күлімдеп, күліп жүру жеткіліксіз, ишарамен де əрекет ету керек екен :)
Блог - aikarakoz: Менің Қазақстаным!

Қалай десек те, Қазақстан арнасы отандық телеарналар арасында көш бастап тұр. Кәдімгідей брендке айналған. Қайнап жатқан шығармашылық орта.
Мұнда қаншама тұлға қалыптасып, қаншама өнер майталманы шыңдалды. Бұл — халықтың көзі, құлағы һәм тілі болып отырған Қазақстан.
Менің Қазақстаным!
Бөлісу:

2 пікір

ken
Бейнеқорға доступ шектеулі ма?
merekeee
КазНьюс деген атауы кішкене нелеу екен :) Үйреніп кететін шығармыз.
Ләйлә ханым уже әрбір үйдің бір мүшесіндей болып қалды ғой, түсі игі.