Трейлер музыкасы

Трейлердің «крутой» болып шығуы фильмнің болашағына оң әсерін береді. Ал, күшті трейлер жасау үшін белгілі бір мини-сюжеті бар кадрлар реті мен сәтті таңдалған әдемі музыка өзара үйлесім табуы керек. Осыдан келіп трейлерлер арқылы кейбір әндер хитқа айналып жатады.

Сол секілді, мен үшін көп әндер фильмдердің анонс-роликтері арқылы белгілі болды. Көпшілігі әлі тұрақты плейлистімде. Бұл жерде композитор арнайы жазған әуен туралы айтып отырған жоқпын, бұрыннан бар, белгілі бір әнші немесе ұжым орындайтын кәдімгі ән. Трейлер музыкасының шағын хит-парадын жасап көрейінші, өзімше болып:

5. «Форсаж 7» фильмінің трейлері (керек музыкамыз роликтің 1 минут 50 секундынан бастап ойнайды):

Трейлердің динамикасын беріп тұрған осы музыка сияқты. Сонысымен ұнап қалды. Кейін іздеп жүріп орындаушыны тауып алдым. DJ Snake & Dillon Francis – Get Low. MP3 нұсқасы:

4. Жаңарған «Ниндзя-тасбақалар». Тасбақалардың «реалистичный» болып шығуы, небір жаңа технологиялардың пайдаланылуы, секси Меган Фокстың сексилігі кем емес Эйприл О'Нилды сомдауы фильмнің сәттілігіне кепілдік беруі керек еді. Бірақ продюсер Майкл Бэйге құр сөзбен айтылған анонстар аздық еткен сияқты. Бонус ретінде «Ниндзя-тасбақалардың» әдемі трек қосылған музыкалық трейлері жарияланды:

Ән Shell Shocked деп аталады. Wiz Khalifa, Juicy J және басқа да маған есімі белгісіз орындаушылар айтады. Музыка сәйкесінше фильмнің үздік экшн-көріністерін тізбектеп берген:

3. «Терминатор: Генезис». Әйгілі «Тыдыт-ты-тыды, Тыдыт-ты-тыды» жайында айтып отыр деп ойлап қалмаңыз. Басынан бастап жайменен ойнап тұратын музыканы айтып отырмын. Бұл ән арқылы не айтқысы келді, мен анық білмеймін. Бірақ музыка ұнап қалды. Шамасы оқиғаның қайғылы тұстарына басымдық бергісі келген болар.

Фильмнің өзін көрген жоқпын. Бірақ трейлердегі әнді плейлистіме қосып алдым. Jetta – I'd Love to Change the World:

2. Көптен көрінбей кеткен Киану Ривздің әсерлі камбэкі. Шынымен «Джон Уиктің» экшн-көріністері ерекше әсер береді. Ал трейлерінде, тіптен, ең үздік моменттері жиналып көрсетілген (біздің музыка 1 минут 30 секундтан бастап ойнайды):

Енді әнді толығымен тыңдап көріңіз. Brain Reaction Ft. Redman and Lettuce — Break Science (SuperVision Rmx):

1. Бұл әсерлі музыка «Көш: Патшалар мен Құдайлар» фильмі трейлерінің бас жағында ойнайды:

Құдыретті бірдеңенің келе жатқанын көрерменге сездіртетін басқа қандай музыка болуы керек? Меніңше, керемет таңдалған әуен.
Толық нұсқасы. Coldplay – Midnight:

Әзірге тұрақты тыңдайтындардан осылар. Плейлистіме жаңа әндер қосам десеңіз жаңа фильмдердің трейлерлерін көріп жүріңіздер ;)
Әрі қарай

Қазақстандағы "Өлі көл", демалу тегін!))

Блог - vebred: Қазақстандағы Өлі көл, демалу тегін!))

Сонау Нарынқолдың Қарасаз ауылынан ары 10 шақырым жерде «Тұзкөл» аталатын шағын көл бар.
Жағрафиялық немесе «саяхатшылар» тілімен айтсақ, ол Алматының оңтүстік -шығысында шамамен 310 шақырым қашықтықта орналасқан.

Бұл еліміздегі құрамында тұзы ең мол көл. Оның тұздылығы Израильдегі "Өлі көлдің" тұзымен шамалас.

Ғалымдар тіпті бұл көлді: "Әлемдік топан судың болғандығын дәлелдейтін бірден-бір айғақ" деп отыр. Мүмкін, болса-болар!
Сонымен, көлдің ерекшелігі неде?

Біріншіден: ол суға шомылсаңыз батпайсыз, тіпті сүңгу де қиын, өйткені судың құрамы тым тығыз. Көлге шілде, тамыз айларында ғана шомылуға болады. Өйткені су салқын.

Екіншіден — емдік қасиеті. Денеңіздегі түрлі жарақаттардан тез айығасыз.
Үшіншіден — "Өлі көлдің" құрамымен шамалас бұл көлден Израильге барғандай әсер алмасаңыз да, "Өлі көлге шомылғандай" қуат аласыз!

Төртіншіден- батпағы. Алматы маңындағы санаторийлердің барлығы да осы көлдің батпағын емделушілеріне ұсынады.
Жарнамасын асырдым деп айта алмаймын, дегенмен жазғы демалыста салқын әрі тыныш жерде бір-екі күн жүргіңіз келсе таптырмас орын!

Айтпақша, күн ашық күндері, сонадайдан «Хан Тәңірі» мен мұндалап анық көрініп тұрады!

Барғыңыз келсе, жекеге хабарласыңыз! Жатын орын, тамақ, қымызбен қамтамасыз етуге көмектесем, әрине қосымша ақыға)))

Қосымша мәлімет, мына тұста: maxala.org/kazahstan/33045-v-yuzhno-kazahstanskih-gorah-issleduyut-unikalnoe-solenoe-dopotopnoe-ozero-tuzkol.html#.VZX2CPntmko
Әрі қарай

СТУДЕНТ КЕЗДЕГІ ҒАШЫҚТЫҚ немесе ғашық болғым келеді...

Біз алғаш танысқан кез қыстың шыңылтыр аязды күні болатын. Менен 2 курс жоғары оқитын Шолпан екеуміз әлдебір іспен бір жерге баратын болып, автобусқа отырдық. Соңындагы 2 орын бос болғандықтан, сонда барып жайғастық. Онда бізден бөлек 2 бозбала отырды. Оның бірі сен едің. Шолпан екеуміз үндемей отырсақ та сендер танысайық деп коймадыңдар. Біз жай ғана атымызды айттық та, межелі жерден түсіп калдык. Сенің бет-бейнең есімде де қалмады.
Ертесіне сабақ уақытында аудиториядан шығып, далізде кетіп бара жатқам, артымнан 3-4 баланың дауысы шыкты. Бұлар кімдер деп қарап едім, сұңғақ бойлы, талдырмаш, келбетті жігіт «Салем » деді. Алғашында танымай, түріне қарап тұрып қалдым. Сен де соны байқап «танымадың ба? мен ғой » деп есіміңді айттың. Сонда барып мен сені есиме тусіріп, амандастым. Бірақ дәл сол мезетте саған ғашық болып қалғанымды сезбеген де едім…
Содан бастап мен университетте елеңдеп, өзіңді іздеп жүретін халге жеттім. Менің бұл жағдайымды группадағы қыздардың бәрі білетін еді. Солардың көмегімен сенің бізбен бір корпуста оқитыныңды, бізден 2 курс жоғары екеніңді білдім.
Бірде кешкісін сабақтан шығып аялдамаға бара жатсам, бір топ баламен тұр екенсің. Мені көрдің де "Қалайсың, досым? " деп айқайладың. Мен сені көргендегі қуанышымды білдірмеуге тырысып, барынша сыпайы жағдай сұрастым. Оқу корпусында өзіңді аңдумен болатынмын. Құрбыларым да сені көріп қалса жерден жеті қоян тапқандай жетіп келіп, маған айтатын. Аңғалдық-ай десеңші. Неткен ғашықтық деймін қазір ойласам. Э
Солайша сезімге толы күндерім өте берді. Есімдеқалған бір оқиға, кешке сабақ бітіп, 2-ші қабаттан төментүсіп келе жатқанбыз. 1-ші қабаттың фойесінде бір топ жігіт тұр екен. Мен мән бермеп ем, құрбыларым сенің де бар екеніңді айтып, түртпектей бастады. Дұрыстап қарасам, о тоба (!) менің арманыма айналған сен тұрсың. Сол кездегі жайымды сөзбен айтып жеткізк мүмкін емес. Көзім қарауытып, аяқтарымды дұрыс баса алмай қалдым. Қыздардың көмегімен есімді жиып, бірінші қабатқа да жеттім-ау. Сен мені көрдің де, күлімсіреп амандық сұрастың. Барынша салқынқанды болуға тырыстым сонда. Біз жандарыңнан өтіп кеткеннен кейін қасыңдағы балалар менің кім екенімді сұрап жатты сенен. Ал сен « Сен мени кордин де кулимсиреп, амандык сурастын. Барынша салкынканды болуга тырыстым сонда. Биз кастарыннан отип кеткенмен кейин касындагы балалар менин ким екенимди сурап жатты сенен. Ал сен «3 курста оқитын қыз ғой. Өзін көрсем балапан көргендей боламын» дедің. Ал біз сол сөздеріңе күліп баражатқанымызды сезбеген де едің…
Мен 3-ші курсты бітіргенде сен 5-шіні тәмамдап, диплом алып кеттің. Содан кейін мен сені университетте кездестірген жоқпын. Есесіне, сол кездегі сәнге айналған агент желісінде достарымның әлемін шарлап отыр едім, „Таныс болуыңыз мүмкін“ деп сенің суретің шыға келді. ойлануға уақыт жоқ, жалма-жан сенің әлеміңе сүңгіп кеттім. Әр суретіңді көрген сайын тамсанып, ерекше қуанышқа бөленіп отырғанымды бүгін мойындамасқа лажым жоқ. Бірақ оны ешкімге де білдірген жоқпын. Ал ертесіне сенің маған достыққа сұраныс жібергеніңді көргенімде төбем көкке екі елі жетпей қалғандай-ақ болды. Бірден достастым. Солай біз виртуалды әлемде дос болып, хат алмасып тұратынбыз. Сен менің шағын денеме, аңқау түріме қарап па, әлде менен өзіңнің үлкендігіңді сездіргің келе ме, білмеймін, үнемі „балапан, ботақан“ деп атайтынсың. Мен сол сөзіңе еркелеп жүре беруші едім. Бірде сен менің ұялы телефонымның нөмірін сұрадың. Бердім. Хабарласып тұрдық. Кездесуге шақырсаң, неге екенін білмеймін, үнемі келіспейтінмін.
Біздің арамызда ештеңе болған жоқ. Менің саған деген іңкәр көңілімнен басқа ештеңе де бізді жалғамайтын. бірақ мен ешқашан да саған сезімімді білдірмейтінмін. Барынша сездірмеуге тырыстым. Оның үдесінен шықтым деп те ойлаймын. Сенің менімен қандай оймен араласқаның бір Аллаға, сосын өзің аян.
Сен өте келбетті едің. Сені көрген кез келген қыз „мына жігіттің әдемісін-ай“ деп қарап өтетін. Сонымен қоса сыртыңнан көрген жан сені көкірек, адам менсінбейтін деп ойлаушы еді. Бірақ ешқайсысы сенің бойыңдағы мейірімділікті, еркелікті, сезімталдылықты көргісі келмейтін. Саған ғашық қыздар өте көп еді. Тіпті маған келіп саған ынтық екендігін айтқан қыздар да болды. Мен ләм-лим деп тіл қатпайтынмын. Сенімен араласатыным түгіл, танитынымды да айтпаушы едім. себебі, оның көңілін су сепкендей басқым келмейтін…
Бірде сенің нөміріңнен маған түсініксіз хат келіп жетті. Ашып оқыдым да, қолым дірілдеп, жүрегім дүрсілдеп, сол заматта-ақ сенің нөміріңді жойып, агентте елеусіз достардың қатарына қостым. Содан кейін біздің байланысымыз үзілді.
… Мен төртінші курсты бітіретін жазда әпкемнің үйінде жүретінмін. Бір күні әдеттегідей жездем, әпкем, жиендерім — бәріміз ауладағы шағын дәмханаға бардық. Үй ыстық болғандықтан біраз сергіп қайтқымыз келген. Үлкендер жағы сыра ішіп отыр, ал балалар соларға жақын жерде қыдырып жүрміз. Біз күнде азық-түлік алатын дүкен болатын. Ондағы сатушы ерлі-зайыптылармен жақсы сөйлесетінбіз. Сіңлім балмұздақ жеймін деген соң сонда кіріп, балмұздақ таңдап тұрғам… Бір қарасам есіктен жүзің нұр шашып сен кіріп келе жатырсың! Адам мен адам кездеседі деген сол екен ғой! кірдің де сатушымен жақын амандаса бастадың. Мені көрдің де, сен де таңғалып тұрып қалдың. Сосын амандық сұрасып, немен шұғылданып жатырсың деп жөн сұрастық. шамалы сөйлескеннен кейін мен сыртқа шығып кеттім. Бардым да үлкендердің қасына отырдым. Бірақ көңілім алай-дүлей… Екі көзім дүкеннің есігінде. Көп күттірмей сен де шықтың-ау. бардың да бір топ ксінің қасына барып жайғастың. Ал мен байқатпай ғана саған қарап қойып отырмын. Сол кезде жездемнің темекі шеккіштігі ұстап, маған әкеліп беруді өтінді. Жарайды деп, қайтадан дүкенге кеттім. Сол екі арада сен маған „үйдегілер кеткен соң қалшы. Өзім шығарып саламын. Сөйлесейік“ дедің. Ал мен ештеңе деп жауап бермей, жымидым да кетіп қалдым. Солай отырғанда түнгі 12-ден де асып кетті. Кішкентайлар шаршай бастағаннан кейін, үйге барып ұйықтайық деп біз де орнымыздан көтерілдік. Бірақ мен сенің өтінішіңді орындамадым. Түннің бір уағында сенімен жалғыз қалу да ақымақтық болар еді. Біздің тілдесуіміздің алды-арты сол болды…
Содан бастап дүкендегі аға маған қулана қарап, мені көрсе күлетін болды. Оның себебін іздеп жатқан мен жоқпын. Бірде әдеттегідей қажетті затымды алып, шығуға ыңғайланып тұрсам, сенің атыңды айтып „Хабарласып тұрасыңдар ма?“ деді. Мен „жоқ“ деп жауап бердім. Сөйтсем, ол сенің туған ағаң екен!
Осылайша біздің арамыздағы бас-аяғы жоқ байланыс мүлде үзілді…
Айтпақшы, жақында мен сені сыртыңнан көріп қалдым. Бұрынғыдай жүрегім тулап, көзім қарауытқан жоқ. Бірақ өткен күннің тәтті естеліктері санамда қайта жаңғырды. Жүдеп кетіпсің. Қалың ойдың құшағында бара жаттың. Басыңда бір қиындық болды-ау, шамасы. Ол жағы маған қараңғы…
Сен дәл қазір сыртыңнан осындай естеліктің жазылып отырғанын білмек түгіл, сезбейсің де ғой. Саған ғашық болған қияли қызды ұмытып та кеткен боларсың. Бірақ саған бақыт тілеймін. Кездесіп қалған күнде сенің көзіңнен мұң емес, қуаныш, Сенің бақытты жанұяның отағасы болып жүргеніңді көргім келеді. Одан артық ештеңе де тілемеймін.
Ал мен өзіңдей жанға ғашық болғаным үшін өкінбеймін. Ең бастысы біздің арамызда жаман естеліктер қалған жоқ. Тек таза, шынайы оқиғалар ғана болды. менің Сені жек көріп кететін тірлік жасамағаның үшін бақыттымын…
Пысы: Әңгіменің бас жағы ұялы телефонмен терілгендіктен қазақша әріптер жоқ. Жазғыра көрмеңіздер!
Тағы да тура солай ғашық болғым келеді…
Әрі қарай

Полковниктің қызы

Блог - Arys_arlany: Полковниктің қызы
Ол жігітпен бірнеше мәрте сапарлас болдым. Бір сапарында «полковниктің» қызымен қалай танысқаны жөнінде айтып беріп еді.
— Үйдегілер үйлен деп қоймаған соң, агент арқылы қыздармен көптеп таныса бастадым — деп бастады әңгімесін, — содан күнара бір қызды кездесуге шақырып, машинаммен қала алып шығып, қыдыртып, отбасы, өзі туралы сұрап, таңдай бастадым. Өзімнің бала кезден ішкі істер саласына қызметке орналасып, үлкеееен азамат болсам деген арманым бар еді. Содан танысқан қыздармен әңгіме барысында папаң қайда жұмыс жасайды? Қазіргі қызметі қандай деген сұрақтардан ол қызбен қарым қатынасымның болашақтағы қадамдары шешіле бастайтын. Бастапқы кезеңдерде кездескен қыздардың көпшілігімен қарым қатынас тез үзіле берді, өйткені олардың папасы мілитса болып жұмыс жасамайтын еді. Содан үмітсіз шайтан деп жүріп, бір күні бір қызбен кездесудің сәті түсті. Екеуміздің әңгімеміз тез жарасып, біраз уақыт жүріп қалдық, содан үйіне шығарып саларда: папаң қайда жұмыс жасайды?- деп сұрай қалған едім, " ішкі істер органында" деп жауап қатқанда іштей қуаныштан қолым көкке екі елі жетпей қалды. Жолда келе жатып, папасының жас шамасына қарай қызметтік шені кем деген «подполковник» болар, отбасын құрып, бірер уақыт күтсем «полковник» болып қалар деп сол аңнан олжалы қайтқан аңшыдай көңілім тоқ қайтты. Содан ертесі күні кешті зорға батырып, әлгі «подполковниктің» қызына асықтым. Бүгін бұл қызға ойымды білдірейін деп кешкі ас ішуге кафеге отырғыздым. Кафеден шығып, үйіне келе жатып, жолда «папаңның званиесі қандай?» деп сұрай қалып едім, «старший сержант» деп жауап бергенде басымнан біреу қойып қалғандай әсер алдым. Кешегі бүкір арман жоспарымның күлі көкке ұшып, «полковниіктің» күйеу баласы деген атпен біржолата қош айтыстым солай — деп әңгімесін аяқтап еді.
пысы: Содан оны естіп алған мен біраз уақыт әлгі жолдасымды келеке етіп жүрдім. Оданда сразу полковникке тиіп алмайсың ба? Папасы полковник қыздың саған не керегі бар? Әлде жарқыраған погон үшін арыңды да, адамгершілігіңді айырбастай саласың ба деп. Ия, өмір біз ойлағаннан да бұралаңдау.
Әрі қарай

Сіз білмейтін Чанаккале жайында шындықтар

Бiрiншi Дүниежүзiлiк соғыс қарсаңында 1915- 1916 жылдары түрік халқының Чанаккале жерiнде болған азаттық соғысы түрiктер үшiн ғана емес, бүкiл адамзат үшiн маңызы зор. Алаш ақыны Мағжан Жұмабаевтың әйгiлi “Алыстағы бауырыма” атты өлеңi де, отты жылдары қан майданда жан алысып, жан беріскен алыста азап шеккен туыстас бауырларға арналып жазылған туынды болатын.

Түркияның Радио және Телевизия Жоғары Кеңесінің (RTÜK) ұйымдастыруымен, TRT avaz телеарнасымен, Чанаккале 18 март университеті (ÇÖMÜ), Чанакале қаласының әкімдігі, Түркия Республикасының Байланыс және Ақпарат Министрлігінің қолдауымен Чанаккале жеңiсiнiң 100 жылдығына арналған кезектi «VII.Келешекпен байланыс» 3 күндiк медиа семинарынына қатысып қайттық. Бұл жылғы тақырып «Өңірлік ынтымақтастықты дамытуда БАҚ-тың рөлі». Әлемнің қырық елінен 123 адам қатысты. Оның ішінде медиа алаңында білім алып жатқан студенттер мен кәсіби мамандар бар.

Конференция барысында газет, графика, видео болып үш топқа бөлініп, іс-шара соңында, осы салада білім алып жатқан студенттер Чанакале рухы жайында көрген, сезінгендері бойынша өз сезімдерін мақала, репортаж, өлең ретінде жазып, ашықхаттар жасап, таспаға видео түсірді. Жұмсалған еңбек нәтижесінде газет пен ашық хаттар, шағын Чанаккале жайында фильмдерін жұртшылыққа ұсынды.

Конференция аясында Чанаккале жерінде болған әйгілі соғыстың орнын өз көзімізбен көріп, рухын сезінуге мүмкіндік алдық. Бұл қалада нендей сыр жатыр? Жол нұсқаушы маманның берген ақпараттарынан көп мәлімет алдым. Сіздермен де сол көрген-білгендеріммен бөліскенді жөн көрдім.

Измирге жақын орналасқанын білсем де, Чанаккалеге бұрын соңды барып көрген жерім емес. Түскі он екі жарымда шығып, кешкі алты жарымда мәремізге жетіп жығылдық. Жол бойы таң қалумен болдым. Түркияның ең жасыл аймағы Қаратеңіз өңірі деп жиі естігем. Алла-ай, бұл аймақтың өзі жап-жасыл қалың орман, көк жайлау. Қаратеңізі қандай болды екен?!

Түрік тарихында бұл соғыс Гелиболу деп аталса, ағылшын, француз, австралия, жаңа зеландия қайнақтарында Галликоли соғысы деп аталады. Мұндан жүз жыл бұрын дүниенің ең қанды шайқасы осы жерде болған. Чанаккаледе аты айтып тұрғандай түрлі қорған, бекіністер орналасқан. 16 қорған бар. Мұның сегізі бұғаз бойында орналасқан. Әр түрлі падишахтар мен ел басқарушылар тарапынан бой көтерген. Төрті Анадолы жағасында, қалған төрті Гелиболу аралында орналасқан. Ертеден Анадолының жүрегіболған Стамбулдың қауіпсіздігі, осы мекенден бастау алған. Бұл дегеніміз, ежелден бері маңызы зор аймақ екенін көрсетеді. Яғни әскери горнизондар орналасқан.

Бұл аймақта ежелден маңызды стратегиялық мәнге ие болып келген су жолы бар. Ордағы Дарданелл бұғазы Еуропамен Азияны бөліп жатыр. Измирге қарай баратын Егей теңізі мен Стамбулға шығатын Мәрмара теңізі жалғасып жатыр.

Дарданелл бұғазының азиялық жағалауында Түркияның Гелиболу ( грекше Галликоли), Еуропа жағалауында Чанаккале порттары орналасқан. Дарданелл бұғазының экономикалық әрі стратегиялық маңызы зор екенін жоғарыда атап өттік. Бұл күндері де бұғаз арқылы Қазақстаннан тауар (мұнай, астық, түсті металдар, т.б.) тиеген кемелер әлемнің бірқатар елдеріне сапар шегеді.
480 жылы Ксеркс патша өзінің әскерін бұғаздың Еуропа жақ бетіне өткізу мақсатымен сол тұстан екі көпір тартуға әмір еткен. Ал, әйгілі македон билеушісі Ескендр Зұлқарнай Шығыс елдеріне жорыққа шығарда бергі жағалауға дәл сол жерден өткен.

Чанаккале шайқасы Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында болған. 1914-1918 жылдардағы бұл соғысқа 38 мемлекет араласып, 74 миллион адам әскерге алынса, соның 10 миллионы өліп, 20 миллионы жарақат алған.

Соғыс неден басталды?

Осман империясы 2 тамыз1914 жылы Германиямен одақтастық туралы шартқа қол қойғанымен, баста бейтараптқ танытып, уақытша құпия сақталған болатын.
Ол замандар Балқан соғысынан шыққан Осман мемлекетінің әлсіреген тұсы болатын. Соғыс кемелеріне мұқтаждықтары бар. Соғыс басталмастан бұрын Осман елі Ұлыбританияға ақшасы нақты төленген екі соғыс кемесіне тапсырыс береді. Тапсырыс берген кеменің уақыты келіп, түріктер кеменің қолға тигенін күтіп отырған болатын. Осман пашалары кемелерді қабылдап алуға барғанда, кеменің берілмейтінін және ақысы да қайтарылмайтынын естіртеді.

Сол уақыттарда екі неміс кемесі ағылшын және француз әскерлерінің әскери кемесінен қашып теңіз жолымен Түркиядан көмек сұрайды. Осман елінің соғыс министрі Энвер паша бері өтуіне рұқсат етеді. Алмания Түркияға соғыс әскерін өздерінен сатып алуды ұсынады. Түркия да немістерден екі соғыс кемесін сатып алады. Осы оқиғадан кейін түріктердің ағылшындарға деген өкпесі, немістерге деген бір жақындағы пайда болады.

Ағылшындарға өкпелеген түріктер екі неміс әскерін бұғаздан бері өткізеді. Бұл хабар Англия, Франция мен Ресейдің құлағына жетіп, әсіресе ағылшындарды қатты ашуландырады. Бұл кемелер үшін, 500.000 алтын түрік лирасы төленгені, кеме атауын «Явуз», «Мидилли» деп ауыстырғанын және ол кемелер енді Осман еліне тиесілі екенін естиді. Мармара арқылы Стамбулға жеткен екі неміс әскері, 16 тамызда Осман мемлекетінің офицер шеніндегі әскери киімін киіп, кемелерін де Осман елінің байрағымен ауыстырады. Бұл жағдайдан соң 45 күннен кейін неміс әскері адмирал Сушон Османлы теңіз әскери флотының капитаны болып сайланады. Император Кайзер Вильгельмнен келген нұсқау бойынша адмирал Сушон, 14 қыркүйек 1914 ж. уақыттан бастап Османлы әскери теңіз флотының Қаратеңізге тәжірибе мақсатында шығып көруіне, түріктержағын барынша күш салып көндіруге тырысып бағады. Балқан соғысынан енді шыққан түріктер бұған келіспейді. 20 қыркүйекте Османлы үкіметі бұл шешімге қарсы шығады. Алайда, сол күні Энвер паша бір күнге тәжірибе мақсатында Қаратеңізге кемелердің шығуына рұқсат береді. Дәл сол күні де Саит Халим паша бұл жағдайға қарсы шығып, кемелер қайта кері шақырылады. Қарсылыққа қарамастан 27 қыркүйек 1914 жылы неміс адмиралы Сушон бастаған 9 кеме Қаратеңіз жаққа шығып орыстардың Севастополь, Одесса, Новороссийск порттарын бомбалайды. 2 қазанда Ресей, 5 қазанда Ұлыбритания Османлы Империясына қарсы соғыс ашады.

Осылайша, Анадолы жерін анталаған дұшпан қоршауға алады. Ал, Түркия болса, олардың ластанған саяси ойынының құрбанына айналып, Бірінші Дүнижүзілік соғысқа ойламаған жерден араласып кетеді.
Жау тарапы Осман империясын ыдыратып, Анадолы жерін өз араларында теңдей бөлісіп алмақшы болады. Дәл ол замандары Осман империясы әлсіреп, басынан бағы тайған уақыт болатын. Батыс елдері түрік елін әбден әлсіреп, дымы құрыған, «ауру» деп санаған еді. Олардың ойынша, елді бөліп алуға уақыттың ең оңтайлы сол сәт болып, бұл істі оңай көреді…

Осы кезде әскери-теңіз министрі, ағылшын флотын басқарған әйгілі Уинстон Черчилль «Осынау зілзалада даудан басы арылмаған, қирап, әлсірген, қалтасы тесік Түркияның күні енді не болар екен?» деп күле қарап, соғыста ойсыра жеңетініне сенімді болған еді. Алайда Дарданел бұғазындағы шайқаста масқара болып жеңіліске ұшырайды. Уинстон Черчиллдің операцияның бастамашысы ретінде отставкаға кетіп, министр портфелінен айырылып қалған кезі де, дәл осы сәт болатын.
Соғыс туралы егжей-тегжей әңгімелеп жатпай-ақ қояйын. Өзім әсерленген кейбір оқиғаларды айтып өтейін тек.
Сүңгі соғысы
«Нағыз ер – қиындықта сыналады» демекші, тұралап, титықтап тұрған түрік әскерлері ерліктің нағыз үлгісін осы Чанаккале шайқасында көрсетеді.
Мұстафа Кемал Ататүрік– түрік армиясы тарихында подполковник шенімен дивизия басқарған бірінші адам. Оның жұлдызының жарқырауы осы сәттен басталған болатын. Оқ-дәрілері таусылып, әбден әлсіреген түрік әскерлеріне сүңгі-пышақтарымен жауға соғысуға, сондай-ақ, Ататүрік өз командирлеріне «Мен сендерге шабуылға шығыңдар деп бұйырмаймын, мен сендерге шайқаста жан тапсырыңдар деп бұйырамын!» деп әмір еткен. Бұл сөзімен, «Біз бәріміз өліп болғанша біраз уақыт өтеді, оған дейін біздің орнымызға басқа әскерлер келіп үлгереді» деп түсіндірген. Бұйрық орындалып, 57-ші полктегі түрік әскерлері қасық қандары қалғанша соғысып, соғыста түгелмен шеһит болады. Оқ-дәрісіз қала тұра түріктердің қарсы шапқанын көрген дұшпан әскері артқа шегінеді. Осылайша, түрік әскері уақыттан ұта тұрғанша артқы жақтан қосымша күш келіп жетеді.

Соғыс барысында Мұстафа Кемал Ататүрік жүрек тұсынан ауыр жарақат алады. Жүрек тұсындағы сағаты төртке қақ айырлып паршаланып сынған екен. Мынау ескерткіш сағаттың төртке паршаланғанын білдіретін домалақ ескерткіш тастар.
Чанаккале соғысы қаһармандарының бірі – Сейіт Али Чабук. Қатардағы жауынгер бұғаз бойындағы артиллерияда расчетта болған. Ауыр артиллериялық снарядтарды көтеретін тетік бұзылып қалып, 240 миллиметрлік, 276 кг ауыр салмақтағы үш снарядты көтеріп тасып, жауға қарсы оқ атып ерлікпен көзге түскен. Бұл сандар ауызбен оңай айтыла салатын сандар емес. Қазіргі заманда арнайы жаттыққан спортшылардың өзі, мұндай салмақты оңайлықпен көтере бермейді.
Стамбул университетінің мыңдаған студенттері өз еріктерімен соғысқа қатысып, оның он мыңы ерлікпен қаза тапқан. Осылайша Түркияның ең алғашқы университеті болған білдей бір оқу орны оқушысыз қаңырап қалады.
Сұм соғыс жас талғамады. Жасы 13-ке жаңа толған, салмағы 45 килоға жетсе болды, ондай өрімдей бозбалаларды майданға аттандыра берген.
ШаҺиндере ауруханасы.
Бұл жер аурухана деп аталғанмен, соғыс кезінде ең комфортты деген аурухана табылған әр бір ағаштың көлеңкесі болған. Соғыс уақытында көлік болмағандықтан, әскерлер өз күштерімен, ат арбаларымен тасыған. Әрбір төрт әскердің үшеуі өмірлерімен жол үстінде қоштасқан. Ағаш көлеңкелері жаралылары әрі күннен, әрі жаңбырдан қорғаған.
Соғыс жағдайында жейтін астарына шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа жабысып тыным таптырмаған. Солардың әсерінен көптеген әскерлерге жұқпалы эпидемия жаппай жайылып, сүзек ауруынан қайтыс болған. Осман мемлекетінде «шейіт» сөзінің мағынасы жоғары болғандықтан, соғыс уақытында аурудан қайтыс болған әскерлерге шейіт атауы берілмеген.

Дәрігерлерге берілген әмір мынадай еді; әуелі жедел жәрдем көрсетілетін адамдардың кезегінде ауыр жарақат алғандарды бірінші кезекте емдейтін болса, бұл шайқаста керсінше болады. Бірінші жеңіл жарақат алған әскерлерге алғашқы жәрдем көрсетіліп, әскер санының аздығынан соғыс алаңдарына қайта жіберіп отырған.

Өте ауыр жарақат алған, аяғын кесуге тура келген жаралылар, өз өтініштерімен соғысқа қайта баруға тілек берген. Ауру басатын дәрі-дәрмектер жеткіліксіз болғандықтан, ауырсынуды басу үшін, тістерінің арасына ақ киізді тістетіп жанын шыдаттырып аяқтарын кесуге тура келген.
Сондай шарттары ауыр, қиын-қыстау күндердің бірінде дала ауруханасында жәрдем көрсетіп жүрген дәрігер Салих бей, өз естелігінде мына бір хикаяны баяндап берген екен. «Ешқашан ұмытпаймын, қарны бинтпен оралған өте ауыр жаралы бір әскер әкелінді. Ішек-қарны ақтарылып кеткен.Жүзі қаннан көрінбейді. Жаралыны жаныма тастап кетті.Жаралы әскер дәрігерге қайта-қайта әлсіз ыңырсынған бар даусымен «Әке» деп шақырады.» Басында өлер аузында жатқан әскерлердің ата-аналарын еске алып жатқан даусы шығар деп мән бермейді. Қайта-қайта бірнеше рет «Әке» деп шыққан жаққа бұрылып, қолындағы бинтпен қанды жүзін сүртсе, жаралы әскер, өзінің Стамбул университетіне енді оқуға түскен мектеп жасындағы ұлы болып шығады. Соғысты естісімен өз еріктермен майданға аттанған екен. Сол арада түр-түсі бұзылып кеткен дәрігер: «Бұл менің ұлым, бірақ, ұлым болса да кезегін күтсін! Кезегі келгенінде мен оны қайта қараймын» дейді. Осылайша қан майданда әке мен ұлы осындай жағдайда ұшырасады. Осылайша аурухананың жеке бөлмесі деп есептелген басқа бір ағаштың түбіне орналастырады. Кейін ұлының кезегі келіп, жатқан жеріне барса, ол жаралыны ұлыны көре алмайды.
Маңайындағылардан сұрастырса, ұлының шейіт болып кеткенін естиді…

Белгісіз әскер

Менің тұла бойымды тітіреткен оқиғаның бірі мына бір хикая. Соғыс кезінде Жаңа Зеландиялық бір әскер соғыстан қашып бара жатып, шейіт болған бір түрік әскерінің басын кесіп алып, сөмкесіне салып еліне алып кетеді. Мумиялап, сандық түбінде 90 жыл бойы сақтайды.Достарына, жақындарына бұл «ерлігін» мақтаныш етіп көрсетіп жүрген. Ойлап қараңызшы, сұм соғыстың адамдарды не хәлге түсіргенін?! Ол адам дүние салғаннан кейін, үй ішіндегі өлі бас сүйек әсерінен немерелерінің әбден мазалары, тынышы кете бастайды. Австралия үкіметіне хабар беріп, Автралия үкіметі Түркия үкіметіне хабарлайды. Шейіт болған бас сүйектің көз үсті мен басының артқы жағында бірнеше қорғасын оқ өткен тесіктер табылған. 18 Mart 2003 жылында Түркия әкеліп ресми рәсіммен шехиттерге арналған бақшағы қайта арулап жерленеді. Ең соңғы болып топырағына қауышқан шейіт.

Жалғасы бар…
Чанакале,
1915-2015 жж.
Әрі қарай

Жаралы менің жүрегім

Негізі өлеңңң… дәл уақыты есімде жоқ енді 2010-2011 жылдары ақынсымақ боп жүргенде жүректі жарып шыққан ғо. Мәтіні төменде. Оқып бағасын бере жатарсыздар.

Жаралы менің жүрегім

Шықпай қойдың ғой миымнан
Ғашық болғам ба өзіңе?
Бой алдырмайтын адам едім ғой сезімге?
Ақылды шіркін ақымақ сезім жеңдің бе?
Қалай болғанын түсінбей тұрмын мен мүлде.

Қай жерің мені елітті екен өзіңе?
Шашың ба, қасың, қарақат қара көзің бе?
Ерінің шығар шиедей болған қып-қызыл?
Тәнің бе әлде ұқсамайтұғын ешкімге?

Айтарым осы, жаралы менің жүрегім
Бір көру сені қазіргі менің тілегім.
Сыздаса жүрек, сағыныш басса кеудемді
Ұйықтап түнде, қалайша күндіз күлермін?

Жаралы менің жалындап жанған жүрегім…
Әрі қарай

мемлекеттик кызмет

Мемлекеттик кызметке тест тапсыргандар бар ма? Калай болды? Тестин сурактары мен жауаптары бар болса менин поштама жибересиздер ма? ulya_91-91@mail.ru
Әрі қарай

Ирина Шейк: «Бала кезде журналист болуды армандадым»

Жыл басында әлемге әйгілі ресейлік модель Ирина Шейктің футбол жұлдызы Криштиану Роналдумен ажырасып кеткені қызу талқыланып еді. Футболшы Роналдудың өмірі, спорттық карьерасы барлығы халыққа белгілі. Ал ару қыз Иринаның осы жетістікке қалай жеткенін біреу білсе, біреу білмес. Ендеше, осы красавица туралы не білеміз.

Блог - Bek-enu: Ирина Шейк: «Бала кезде журналист болуды армандадым»
Өмір жолы


Иринаның тағдыры Золушка ертегісіне ұқсас. Әлемді табындырып жүрген ару Ресейдің Челябинск облысының Еманжелинск қаласында дүниеге келген. Әкесі шахтада кенші болып жұмыс істген. Анасы музыка пәнің мұғалімі. Шағын қалада өмір сүрген адамға әлемдік деңгейге көтерілемін деп армандау қиынға соғатыны белгілі ғой. Алайда Ира бала кезінде болашақта ешкімге ұқсамайтын ерекше тағдыр күтіп тұрғанын сезеді. Әр түрлі қиялдарға беріліп, басқа әлемде өмір сүреді екен.

Мектепте оқып жүргенде оның сыртқы сұлулығын бразилиялық супермодель қыздар Адриано Лима мен Анна Беатрис Барроспен салыстыратындар көп болыпты.

Ал Ира 14 жасқа толғанда әкесінің ауруы асқынып, қайтыс болады. Екі қызды дұрыстап бағып-қағу үшін анасы қосымша тағы бір жұмысқа тұрады. Үлкен қызы Татьяна мен кішісі Ирина да аналарына көмектесіп, жақсы оқып, үй жұмыстарына жәрдемдеседі.

Ирина мектепті бітірген соң Челябинскідегі мемлекеттік университеттің маркетинг факультетіне оқуға түседі. Оқумен қатар анасы қызын жергілікті модельдердің студиясына апарады. Ол жердегілер бірден жас қыздың сыртқы келбетін ұнатып, «Супермодель-2004» байқауына қатыстырады. Бұл конкурстан Ирина Шайхлисламова бірінші орын алады.

Қазылар алқасында модельдерді іздеп жүретін скаут, әлемге жаңа жұлдыздарды танымал етудің шебері Гия Джикидзе отырады. Бұған дейін Наталья Водянова, Евгения Володина, Полина Куклина, Ольга Шерердің жұлдызын жаққан маман байқаудан кейін Иринаға келіп өз ұсынысын айтады. Ира бұл ұсыныстан бас тартпайды. Әпкесі мен анасы киімдерін жинауға көмектесіп, жас қыз Парижге ұшады.

Блог - Bek-enu: Ирина Шейк: «Бала кезде журналист болуды армандадым»
Францияда оны жаңа өмір күтіп тұрды. Бұрынғы Ирина Шайхлисламова деген аты-жөнін қысқартып, Ирина Шейх деп өзгертеді. Shayk Париждегі сән агенттіктерінің бірімен келісімшартқа отырады. Агенттік негізінен шет елден сұлу қыздарды табуға әбден маманданған. Басында Иринаға аптасына бар-жоғы 50 еуро ғана төлейді. Парижде бұл ақшаға тек тек пәтер жалдауға ғана жетеді. Сондықтан ақырындап, тамақ жеуді азайта бастайды. Бірақ Ира берілмеуге тырысады. Үнемі кастингтерден қалмай, өзінің болашағына сенеді.

Сол төзімділік пен сенімділік көп уақыт өтпей, өз жемісін берді. Алғаш рет 2005 жылы жаңа белеске көтерілді. Танымал журналдардың бірінің мұқабасына суреті шығады. Ирина 2007 жылы өміріндегі маңызды қадам италиялық «Intimissimi» компаниясымен келісімшарт отырды. Үш жыл бойы осы компанияның бет-бейнесі болып, жарнама роликтерден қалыс қалған емес. 2010 жылдан бастап, аталған брендтің елшісі болып табылады.

Иринаның дене сымбатына қатты қызыққан америкалық атақты спорт журналы «Sports Illustrated» бірге жұмыс істеуге шақырады. Жыл сайын журнал танымал спортшылар мен модельдердің суретімен арнайы жеке номерін шығарады. Міне, осы журнал 2007 жылдан бері Иринаның суретін беруді ұмыт қалдырған емес. Ал 2011 жылдан бастап, мұқабасында шығарып жүр.

Блог - Bek-enu: Ирина Шейк: «Бала кезде журналист болуды армандадым»

Криштианумен махаббаты

Әлемнің үздік ойыншыларының бірі Криштиану Роналдумен махаббаты оның есімін әлемге танымал етті. Әйтпесе 2010 жылға дейін Иринаны көпшілік жұрт біле бермейтін.

Португалиялық футболшымен Emporio Armani жарнамасының түсірілімінде танысқан. Төрт жылдық махаббат романы керемет танымалдылыққа алып келді. Оның өміріне қызғатындар мен жаңа келісімшарттар көбейді. Сондай-ақ өсек-аяңда толастамады.

Жақында екі жұлдыздың ажырасқаны белгілі болды. Батыс журналистерінің жазуынша, Ирина Шейк Роналдудың анасының 60 жылдық мерейтойына қатысудан бас тартқан көрінеді. Кейін екеуінің арасында жанжал болып, әйгілі спортшы қалыңдығымен әрі қарай қатынасты үзетінін айтқан.

Бейтаныс қаладағы өмір

Бірнеше жыл Парижде тұрғаннан кейін Миланға, кейіннен Нью-Йоркке көшіп кетті. Ол жақтан пәтер сатып алды. Анна Вьялицина мен Джессика Уайт секілді танымал модельдермен құрбы болды.

Бала арманым журналист болу еді

– Ешкім білмейтін басқа қандай талантың бар?

– Мен модель болғанша, жеті жыл музыкамен айналыстым. Анам музыка пәнінің мұғалімі. Сондықтан бала күнімнен пианинода өте жақсы ойнадым. Содан өзім ләззат алатынмын. Қыздарға негізі музыкант болған жарасады ғой. Әлі күнге дейін Бетховеннің сонатасын ұнатамын. Сондай-ақ нотаны ұмытқан емеспін. Әрине көбірек қолға алып тұрмаған соң қиын. Қолым шыға бастапты.

шБлог - Bek-enu: Ирина Шейк: «Бала кезде журналист болуды армандадым»

Ал негізгі арманым журналист болу еді. Бастысы, кім болсамда туған қаламнан алысқа кететініме сенімді болдым. Бұл менің тағдырым екенін сездім. Ал елден кеткен күні құр қол бос қайтпаймын деп өз-өзіме сөз бердім. Бұл мақсат мені кәдімгідей қанаттандырды. Айтпақшы, модель бизнесіне тек жұмыс ретінде қараймын. Бұл жұмысқа келгендердің көбісі жылайды, шағымданып жатады. Жүйкелері сыр беріп, шыдамай кетеді. Мен карьерамды аяқтағаннан кейін бұл туралы ойлауды ұмытатын боламын. Модель бизнес хоббиім емес. Сондықтан басқа істермен айналысамын. Менің ең сүйікті жұмысымның бірі қаржы саласы.

– Жұмыс, жұмыс… қалай демаласың?


– Міндетті түрде аптасына бір рет моншаға барамын. Нью-Йоркте Фултон-стрит деп аталатын орыс моншасы бар. Бұл монша денемнің тазаруына ғана емес, сондай-ақ отаныма деген сағынышымды басады. Вуди Алленнің киноларын көремін. Мураками мен Достаевскийдің кітаптарын оқығанды ұнатамын.

– Біраз уақыт бұрын киноға түсіп, актерлік қабілетінді сынап көрдің. «Геракл» фильмінде эпизодтық рөл емес, бірден басты рөлді сомдадың. Өзіннің актерлік талантынды сездің бе?

– Шынын айтқанда өте қиын болды. Кез келген кәсіп дайындықты қажет етеді. Менің бұл рөлге келіскенім, орыс тілің жақсы білетін болғандықтан.Paramount pictures студиясымен жұмыс істеген қатты ұнады. Адамдарының барлығы өз кәсібінің мамандары екен.

– Осындай қызықты мамандықтың арқасында біраз қаланы араладың. Соның ішінде қай жер ерекше ұнайды?

– Маған Италия ұнайды. Әсіресе, Милан қаласы. Әлемдегі ең стильді қала деп білемін. Бұл жерде жақсы киінуге болады. Сондай-ақ Нью-Йоркті жақсы көремін. Ол жақтан кез келген іздегенінді табуға болады. Сән әлемінің барлық қызықтары осында.

– Қандай дүкенге жиі барасың?


– Мен қазіргі кезде Нью-Йоркте тұрамын. Сондықтан осы қаланың дүкендерін аралаймын. Менің сүйікті дүкендерім – Scoop, Intermix, Jill Stuart, Blue and Cream. Ал Миланға барғанда Intimissimi-ге соғамын.

Блог - Bek-enu: Ирина Шейк: «Бала кезде журналист болуды армандадым»

– Нью-Йорктегі өзің баратын 5 сүйікті құпия жерді атап өтесің бе?

1.Батыс тас жолы. Өзеннің жаңында орналсқан. Мұнда келіп Нью-Джерсиді қараған ұнайды.
2. Манхэттен мен Бруклински көпірінің арасындағы саябақ. Бұл жерде судың қасына келіп, айналадағы болып жатқан қызықтардың бәрін көруге болады.
3. Менің үйім. Көп уақытымда үйді өткізгенді жақсы көремін. Бірақ өкінішке қарай, көп жұмыс істегендіктен уақытым бола бермейді.
4. жаттығу залы. Аптасына 4-5 рет барамын.
5 Фултон-стрит орыс моншасы. Аптасына бір рет барып тұрамын.

– Sports Illustrated и victoria's Secret өнімдерін жарнамалайсыз. Осындай сіз сияқты сұлу болу үшін қандай кеңестер бересіз?

– Бұл өте маңызды. Өз денсаулығынды күтуің қажет. Мен көп жұмыс істеймін. Боксты ұнатамын. Құнарлы тамақ пен көп су ішемін. Бастысы, бақытты болу керек. Өз сұлулығынды бағалап, күту қажет.

– Ешкім білмейтін қандай құпияларыңыз бар?

– Көңіл күйім жақсы болғанда, күлкілі шығармалар жазамын.

– Қандай мемлекеттерде болғыңыз келеді?

– Мен бұған дейін Мадагаскарға баруды армандаған едім. Осы жұмыстың арқасында былтырғы жылы ол жақта болдым. Қазіргі кезде Жаңа Зеландияға барғым келеді. Бұл мемлекетті суреттен көрдім. Енді, өз көзіммен көрсем деп ойлаймын.

Дайындаған Бек Төлеуов
Әрі қарай