Пираттықпен күрес мектептен басталады

Тың игеру: Пираттықпен күрес мектептен басталады
Адам бойындағы ізгі адами қаситтердің қалыптасуына мектептің рөлі өте зор. Жаман мен жақсыны ажыратуды да осы мектептен санамызға құяды. Ал осы канондарымыз ескіріп қалған жоқ па, ұрлық деген тек қолға ілінетін материалдық құндылықтарды рұхсатсыз алумен шектеледі ме? Интелектуалды жеке меншік тек қана ақын-жазушылардың, композиторзиторлар, суретшілердің туындылары ма? Әрине мектепте осы жоғарыда айтылғанның бәрі оқытылады. Қазіргі заманның талабына сәйкес кез келген туынды, ол мейлі бағдарлама болсын, мейлі бағдарламалық код болсын интелектуалды меншік екенін кез келеген оқушы жақсы біледі. Ал осыны үйретуші мектеп біледі ме? Осы мектептеріміздегі ахуал қалай, компьютерлерінде қандай бағдарламалар тұр?

Мектеп басшылары қарамағындағы компьютерлік паркке ревизия жүргізетін болса біраз нәрсеге көзі жетері анық. Әзірше былай тартса арба сынады, былай тартса өгіз өледінің күйін кешіп жүрген информатика пәні мұғалімдері күнбе күн мектепке келген сайын қылмыс жасап жүргенін бірі білсе, бірі білмейді. Кез келген информатик контрафактілік бағдарламаларды пайдаланған кезде бір күні сұрауы боларын сезінсе бұндай олқылық болмас еді. Бұны бір қарағанда сауатсыздық деп қарасаңыз, бір жағынан мәжбүрлік деп айтар едім.

Бір қарапайым компьютерлік сыныптың техникасын кейін қойғанда бағдарламалық жабдықтау қанша тұратынын білесіз бе? Есептеп көрсек, ол дегеніңіз компьютер жұмыс жасау үшін операциялық жүйе windows8, офистік бағдарлама MS office2010, 2013, компьютерлерді вирустан қорғау үшін антивирустар. Орта есеппен алатын болсақ, әрине микрософттың академиялық мекемелерге арналған төменгі бағасымен, бір компьютердің бағдарламалық жабдығы 32-35мың теңгені құраса, орташа компьютерлік сынып 16 компьютер деп есептеңіз 0,5 миллионнан асып жығылады. Мектепте осындай ақша бар ма? Әрине жоқ, мектеп өзін өзі қаржыландырмайтынын бәріміз де білеміз. Жаңа компьютерлер бағдарламасымен келеді дерсіздер, ол не бағдарламамен келетінін ойландыңыз ба? Әрі кеткенде тек операциялық жүйесімен келер, ол да көп жағдайда үйде қолдануға рұхсат етілген нұсқасы ғана (Home Edition). Яғни операциялық жүйенің home edition нұсқасы бар компьютерді мектеп үшін алған болсаңыз тектен тек әр компьютер үшін 30мың теңгені ауаға төледіңіз деп біліңіз.

Ал енді осындай заң талаптарына сәйкес сыныптарда не үйретуге болады? Тек қана windows жүйесінің құрылымы, офистік редакторлар, антивирус құрылымы, болды. Сіз айтарсыз, бағдарламалау тілдері ше, неше түрлі сурет өңдейтін бағдарламалар ше? Кешіріңіз, ол бағдарламаларды да сатып алу керек.
Немене сонда тегін таратылатын бағадарламалар жоқ па? Бар әрине GNU/GPL лицензиялары арқылы таратылатын бағдарламалардың басым көпшілігі тегін, ақылы болса да өте арзан. Мысал үшін линукс жүйесімен компьютерлік сыныпты жабдықтасақ бәрі тегін. Керемет емес пе? Заң алдында директор да, мұғалім де таза, тек оқушыларға білім бер. Кез келген сауатты маман барлық операциялық жүйелер өздеріне тән спецификалық ерекшеліктері болмаса жалпы қызметі бірдей, барлық текстік редакторларының қызметі мәтін басу екенін жақсы біледі. Сонымен қатар электронды кестелердің де, мәліметтер қорының да, сурет өңдеу бағдарламаларының да әр түрлі нұсқаларының негізгі қызметтері бірдей.

Тек енді қолымызға кісен болатын білім стандарты. Стандарт бойынша информатика пәнінде оқушыға тек қана windows операциялық жүйесін, тек қана word, excel, power point, outlook, access, MS блокнот, paint дегендерді оқыту керек деп жазылған. Ал стандарттан ауытқу да қылмыс. Жалпы қарап отырсақ бұл мәселе колледждерде де, ЖООда да орын алып отыр, тек соңғыларында қаражат болғандықтан компьютерлік сыныптарын өздері жабдықтап жүр. Қаражат мәселесі де бір күні шешілер, электронды оқытамыз деп біраз мектеп сыныптары жабдықталып қалды. Тек болашағымыз, балаларымызды қалыпқа салып, оқытатындай қажеттілік бар ма? Неге windowsтан басқа жүйелердің бар екенін көрсетпеске, неге таңдауды мұғалімге бермеске. Тек консоль арқылы басқаруды американ киноларынан көріп, таңғалып жүре беруді қоятын кез келген сияқты. Болашағымызды электронды оқыту, электронды үкімет деп елестететін болсақ информатика пәніне қатысты типтік жоспарды қайта қарайтын кез келген сияқты.
Әрі қарай

«Дыбыссыз режим» Санкт-Петербургте де танымал

Міне қызық! Өткен жылдың аяғында көрермендерімізге жол тартқан «Дыбыссыз режим» атты жаңа жобамыз интернет әлемінде кеңінен танымал болып жатыр. Көрермендердің көңілінен шығып қана қоймай, дыбыссыз ойналатын ойынды ойнауға деген құштарлығын да оятуда.
Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы «Достар» атты қазақстандық жастар ұйымы осы реалити-шоуды кеңінен насихаттап, өз қызығушылығын танытып, өздері де осы ойында ұйымдастырып жатқанға ұқсайды. Порталымыздың тұрақты қолданушысы Вконтакте әлеуметтік желісінен көріп қалып, дереу бізге хабар жеткізіпті. Біз де қолданушыларымызға жақсы хабарды жеткізуді жөн деп шештік. Еңбегіміз еленіп, көрермендерге ұнап жатса, бізде одан артық қандай қуаныш болсын?!

Блог - kaztube: «Дыбыссыз режим» Санкт-Петербургте де танымал
Әрі қарай

Жылжиды аққу!

Кеше тойдан кейін бір ақсақалдың әңгімесін естідім. Әңгіме бала кезден естіп өскен Кәкімбек Салықовтың «Жылжиды аққу» әні жайлы өрбіді.
… Кәкімбек ағамыздың жақын сырласқан досы дүниеден озыпты. Күйбең тіршілікпен Кәкімбек аға жаназасына қатыса алмай біраз уақыт өткеннен кейін туғандарына көрініп қайтайын деп досының ауылына келеді. Досының үйіне келіп қара құлыпты көрген соң көршілерінен сұрастырады. Көршісі «ауылдың сыртында үлкен көл бар, досыңыз дүниеден озғалы бері анасы сол көлдің жағасында отырады» дейді. Көлге барса жағады жалғыз әйел отыр, қарама-қарсы жалғыз аққу жүр екен. Аққу қайғылы үнмен қаңқылдаған сайын, әйел зарлана жылайды. Осыны сырттай бақылаған Кәкімбек Салықов «Жылжиды аққу» өлеңін дүниеге әкелген екен.
Бұл әнді ес білгелі қанша рет естісем де шығу тарихына, оның не жайлы екеніне соншалықты мән бермеппін. Жүрегіме қатты әсер берді. Әнге қайта ғашық болдым. Түні бойы қайталап тыңдай бердім.

«Қатар жүрген күндерді сыйлайықшы,
Біреу ерте, біреу кеш бір құлайды!»
Әрі қарай

"Дыбыссыз режимде" блогерлер

Блог - kaztube: Дыбыссыз режимде блогерлер

Kaztube.kz бейнепорталының «Дыбыссыз режим» атты жобасына әнші, актер, жайдарманшы, журналист сияқты танымал тұлғалармен қатар әлеуметтік желілерде есімі таныс блогерлер де қатысты. Блогерлердің өзара әзілі жарасып, достық қарым-қатынасы тығыз болғандықтан шоудағы тапсырмаларды орындау қиынға түспеді деп ойлаймыз. Өздеріңіз көріп, бағасын беріңіздер :)

Әрі қарай

Тәуелсіздік мейрамы құтты болсын!

  • Kaztube
Құрметті, қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел, азат мемлекет болғанына 23 толуымен құттықтаймыз! Әрқашан еліміздің көк байрағы биіктен желбірей берсін! Жұртымыз тыныш, халқымыз аман болсын! Сындарлы саясатымен еліміздің тыныштығын, жеріміздің байтақтығын сақтап тұрған ақ патшамыз аман болсын!

Тәуелсіздік мерекесіне арналған екі күн демалыста сіздің назарларыңызға порталымыздағы мына видеоларды көруді ұсынамыз:
Kaztube.kz порталының жақында ғана жарық көрген жаңа жобасының 4 шығарылымы
http://kaztube.kz/kz/album/1260

Жақында ғана үлкен шоумен құрылған MBAND тобының онлайн-сұхбаты

Жанар Дұғалова, Илья Ильин — Жас тұлпар 2014 жеңімпаздары

Тәуелсіздік күніне арналады

5) Маржан Арапбаева – Арманыма асығамын

6) Құрмаш Маханов – Риясыз махаббат

7) Ұлытау ұлағаты – Темір жолмен теңіз жолына

Мейрамды біздің бейнепорталмен бірге қарсы алыңыздар!
Әрі қарай

"Керек тілші" репортаждар сайысының жеңімпаздары марапатталды

Блог - asaubota: Керек тілші репортаждар сайысының жеңімпаздары марапатталды

КерекИнфо сайтында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткен репортаждар конкурсы аяқталды. 4 апта бойы блогерлер өз өңірлеріндегі жаңалықтарды репортаж форматында бөлісті. Сайысқа Астана және Алматы қалалары, Қызылорда, ШҚО, СҚО, Атырау, Қарағанды облыстарынан барлығы 15 блогер қатысты.

Блогерлер 1 ай ішінде Салауатты өмір салты, Қоғам, Кәсіпкерлік, Мәдениет тақырыптары бойынша 39 жазба жазды. Репортаждарда қоғамдағы мәселелер, тұрмыстық тақырыптар, түрлі іс-шаралардан фоторепортаждар, сұхбаттар, қала көріністері орын алды.

«Мақсатымыз қазақ блогосферасын және азаматтық журналистиканы дамыту. Блогерлердің азаматтық журналистика саласында шеберліктерін шыңдау, оларды ынталандыру, блогосферада тұлға ретінде қалыптастыру, аймақтардағы жаңалықтарға назар аударту, жетістіктерді және мәселелерді көрсету болған еді. Болашақта мұндай шараларды жиі ұйымдастыратын боламыз және жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз» дейді аталмыш жобаны ұйымдастырушы Аршат Ораз.

4 турлық Мини-блогиадада ең көп ұпай жинаған жүлдегерлер Зарина Долатаева (Шығыс Қазақстан облысы), Ая Өміртай (Астана қаласы), Нұрлыхан Қалқаманұлы (Қарағанды облысы) бағалы сыйлықтармен марапатталды.

baq.kz
Әрі қарай

Ең бірінші жазбам! Хе. Әңгіме былай қандай көлік алуға кеңес бересіздер

тойота каринамды сатып, үстіне жаңа ақша қосып көлік алайын деп едім. Опель астра, Форд фьюжн, Шевроле болып тұр таңдауым. Сосын көршілес Ресейден алмақшымын. Тойота 2010 жылғы болу керек, евро 4 бойынша. Ұсыныстарыңызды айта отырсаңыздар.
Әрі қарай

Android қосымшаларын Windows платформасында қолдану.

Android қосымшаларын Windows-та қолданудың көптеген жолдары бар. Соған байланысты түрлі эмуляторларды мысалға келтіруге болады. Ғаламторды шарлап, BlueStacks деген ыңғайлы да түсінікті бағдарламаны таптым. Бірақ оны эмулятор деуге келмейді, себебі Apk файлдарды ашатын Player-дың қызметін атқарады және ол эмуляторда қажет ететін барлық баптауларды автоматты түрде жасайды. Енді бағдарламаның өзіне көшейік.
1. Бағдарламаны мына сілтеме бойынша жүктейміз → www.bluestacks.com/
2. Оны орнатамыз (орнату процесі мен оптимизация 5-10 мин уақыт алады).
3. Орнатылып болған соң төмендегідей терезе ашылады.
IT маманның кеңестері: Android қосымшаларын Windows платформасында қолдану.
4. Ендігі қадамда «пернетақтаны» баптап алуымыз керек. «Все приложения» бетіне өтеміз.
IT маманның кеңестері: Android қосымшаларын Windows платформасында қолдану.
5. Настройки.
IT маманның кеңестері: Android қосымшаларын Windows платформасында қолдану.
6. Дополнительные параметры.
IT маманның кеңестері: Android қосымшаларын Windows платформасында қолдану.
7. Язык и ввод.
8. По умолчанию → «Аппаратура» дегенді сөнідреміз.
IT маманның кеңестері: Android қосымшаларын Windows платформасында қолдану.
9. Тілді таңдаймыз. «Язык системый» сөндіріп, қажетті тілдерді таңдаймыз.
IT маманның кеңестері: Android қосымшаларын Windows платформасында қолдану.
10. Келесі қадамда Настройки → Добавить аккаунт деп жәшік логинын жазу керек.
11. Поиск бетіне өтіп, Play Market-ке кіру үшін кез келген сөз жаза саламыз.
IT маманның кеңестері: Android қосымшаларын Windows платформасында қолдану.
Ары қарай бәрі түсінікті).
Ескерте кететін жағдай: Бағдарламадан кіріп-шыққан сайын СЕГІЗІНШІ қадамды қайталап тұру қажет(((.
Бұл бағдарлама Android қосымшаларының мүмкіндіктерін зерттеуге, смартфоныңыз көтермейтін ойындар мен бағдарламаларды орнатып қолдануға ыңғайлы.
Әрі қарай

"Дыбыссыз режим" көрермендерге жол тартты

Kaztube.kz бейнепорталында жаңа жоба! Жаңа жоба — өте көңілді, өте қызықты, «Дыбыссыз режим» деп аталатын реалити шоу. Берілген тапсырмаларды дауыс шығармай орындау талап етілетін бұл реалити шоуға әнші, актер, жайдарманшы, блогер, журналист, тележурналист, өнер жұлдызы сияқты танымал тұлғалардан тұратын командалар қатысады.
Ойын шарты бойынша берілген қиын да қызықты тапсырмаларды дауыс шығармай орындап шығу қажет. Сонда жоба жүргізушісі ұсынатын 100 мың теңге жүлдені ұтады. Ал, егер тапсырманы қиынсынып, жиіркеніп не тағы да басқа себептермен орындаудан бас тартса, әр бас тартқан тапсырма үшін 10 мың теңге қысқарып отырады. Ойынның басты талабы — кітапхананың ішінде артық дыбыс шығармай, басқа даоқырмандарға кедергі келтірмей жеңіске жету.

Қазнетте жаңа пайда болған бұл реалити-шоу аптасы екі рет, сейсенбі және жұма күндері шығады.

«Дыбыссыз режимнің» алғашқы шығарылымына жайдарманшылар командасы қатысып, берілген барлық тапсырманы бұлжытпай орындап, 100 мың теңге ұтып алды.

Әрі қарай

ИЩУ ТЕБЯ В АСТАНЕ немесе АСТАНАДА МЕН СЕНІ ІЗДЕЙМІН

Қазір, шынымен де, интернет заманы болыпты. Жаныңа не керек, кім керек – бәрі осында. Тіпті, күн суықта далаға шыққын келмеген уақытта, интернет арқылы тамағыңа да, билетіңе де тапсырыс бере аласың. Сондай-ақ, үйде отырып осы бір ғажайып дүниенің арқасында ақша да таба аласың. Эх, олар былай тұрсын, қазір көшеде жүргенде көріп, ұнатып қалған қызды немесе жігітті де интернет арқылы таба аласың. Ол үшін жай ғана ВКОНТАКТЕ әлеуметтік желісіне тіркеліп, Ищу тебя в Астане деген группаға кіресің.
Блог - UlpanSamenkyzy: ИЩУ ТЕБЯ В АСТАНЕ немесе АСТАНАДА МЕН СЕНІ ІЗДЕЙМІН
Кімді іздеп жүргеніңді, оны қайда, қашан көріп, қандай киімде екенін жасаң болғаны — бәрі жабылып тауып береді. Сілтемесі мынау vk.com/ishu_v_astane. Шыны керек, бүгін бірінші рет кіріп, таң қалып отырмын.
Әрі қарай