"Керек тілші" репортаждар сайысының жеңімпаздары марапатталды

Блог - asaubota: Керек тілші репортаждар сайысының жеңімпаздары марапатталды

КерекИнфо сайтында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткен репортаждар конкурсы аяқталды. 4 апта бойы блогерлер өз өңірлеріндегі жаңалықтарды репортаж форматында бөлісті. Сайысқа Астана және Алматы қалалары, Қызылорда, ШҚО, СҚО, Атырау, Қарағанды облыстарынан барлығы 15 блогер қатысты.

Блогерлер 1 ай ішінде Салауатты өмір салты, Қоғам, Кәсіпкерлік, Мәдениет тақырыптары бойынша 39 жазба жазды. Репортаждарда қоғамдағы мәселелер, тұрмыстық тақырыптар, түрлі іс-шаралардан фоторепортаждар, сұхбаттар, қала көріністері орын алды.

«Мақсатымыз қазақ блогосферасын және азаматтық журналистиканы дамыту. Блогерлердің азаматтық журналистика саласында шеберліктерін шыңдау, оларды ынталандыру, блогосферада тұлға ретінде қалыптастыру, аймақтардағы жаңалықтарға назар аударту, жетістіктерді және мәселелерді көрсету болған еді. Болашақта мұндай шараларды жиі ұйымдастыратын боламыз және жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз» дейді аталмыш жобаны ұйымдастырушы Аршат Ораз.

4 турлық Мини-блогиадада ең көп ұпай жинаған жүлдегерлер Зарина Долатаева (Шығыс Қазақстан облысы), Ая Өміртай (Астана қаласы), Нұрлыхан Қалқаманұлы (Қарағанды облысы) бағалы сыйлықтармен марапатталды.

baq.kz
Бөлісу:

2 пікір