Жылжиды аққу!

Кеше тойдан кейін бір ақсақалдың әңгімесін естідім. Әңгіме бала кезден естіп өскен Кәкімбек Салықовтың «Жылжиды аққу» әні жайлы өрбіді.
… Кәкімбек ағамыздың жақын сырласқан досы дүниеден озыпты. Күйбең тіршілікпен Кәкімбек аға жаназасына қатыса алмай біраз уақыт өткеннен кейін туғандарына көрініп қайтайын деп досының ауылына келеді. Досының үйіне келіп қара құлыпты көрген соң көршілерінен сұрастырады. Көршісі «ауылдың сыртында үлкен көл бар, досыңыз дүниеден озғалы бері анасы сол көлдің жағасында отырады» дейді. Көлге барса жағады жалғыз әйел отыр, қарама-қарсы жалғыз аққу жүр екен. Аққу қайғылы үнмен қаңқылдаған сайын, әйел зарлана жылайды. Осыны сырттай бақылаған Кәкімбек Салықов «Жылжиды аққу» өлеңін дүниеге әкелген екен.
Бұл әнді ес білгелі қанша рет естісем де шығу тарихына, оның не жайлы екеніне соншалықты мән бермеппін. Жүрегіме қатты әсер берді. Әнге қайта ғашық болдым. Түні бойы қайталап тыңдай бердім.

«Қатар жүрген күндерді сыйлайықшы,
Біреу ерте, біреу кеш бір құлайды!»
Бөлісу:

2 пікір

merekeee
Қазір Музарт орындап жүр-ау деймін. Тоқтар да әдемі жеткізді.
Ал, тойдағы ақсақалдың өнерге, мәдениетке қатысы бар ма? Көпшілік назарына дәйекті деректер ұсыну керек. Мен бірінші рет оқып отырмын.
ErzhanKhamitov
Өнерді бағалайтын ақсақал болса керек. Қасыма келіп той жақсы болды балам деп рахметін айтты. Біраз тарихи әңгіменің басын қайырды. Маған да сондай әңгімелер керек еді, қай жаққа барасыз деп таксиге бірге отырдым. Сол сәл уақытта «Жылдиды аққу» және Шәмші ағаның «Сыр сұлуы» әні туралы бір оқиға айтып берді. Журналист, жазушы болмаған соң «Сыр сұлуы» туралы оқиғаны жазба түрде жеткізу қиынға соғып тұр.