Эльвира ЕРҒАЛИНАның әлеуметтік эксперименті

Блогер Эльвира Ерғалина қызық эксперимент жасапты. Ол қайыр сұраудың үш түрін жасап көрген. Бір қызығы, 1 сағаттың ішінде әжептеуір ақша жинап алған. Міне, қайыршылардың неге көбейіп кеткенінің тағы бір айғағы.

Видео өте қызықты. Эльвираны тағы бір қырынан танисыздар  

Әрі қарай

Something the Lord Made кинофильмі. Блэйлок-Тауссинг шунттауы. Кардиохирургия

АҚШ-тың медицина қайраткерлері жайлы «Құдайдың жаратқаны» (Something the Lord Made) кинофильмі. Киноның негізгі желісі Альфред Блэйлок және Вивьен Томастың еңбек жолын баяндайды. Вивьен Томас алғашқы афроамерикандық, кардиохирургия пионері.
Медициналық білімі болмаса да, ұстазы медицина ғылымының профессоры Альфред Блэйлоктың қасында болып, медицина дамуына өз үлесін қосады.
1941 жыл. Екінші дүние жүзілік соғысының басы. Мэриленд штатындағы Балтимор қаласында Джон Хопкинс атындағы госпитальде профессор Блэйлокты бас хирург ретінде жұмысқа шақырылады. Өзімен бірге ассистентін жұмысқа алуды талап етеді. Осылайша қара нәсілді, аула тазалаушыны өз әріптесі ассистент ретінде өзімен бірге жаңа жұмысына алдыртады.
Кинофильмнің кульминациясы.
1944 жыл. Кардиолог Хелена Туссинг «көк бала синдромын» (blue baby syndrome) зерттеумен шұғылданады және осы мәселеге профессор Блэйлоктың көңілін аудартады. Киноның сюжетінде ауруға шалдыққан балалар жатқан бөлімшені Хелен және профессор ассистентімен аралайды. Тізесін құшақтауға жарайтын балалар төсек орындарының үстінде тізелерін құшақтап отырады. Профессор Хеленнен:
-Неліктен балалар тізелерін құшақтап отыр?, -деп сұрайды. Хелен:
-Бір бала тізесін құшақтап отырғанда демалуға жеңілдік береді деген соң, балалар тізелерін құшақтап отыр,-деп жауап берді.
Денесі көкпенбек бір жасар сәбидің қасында тұрған Хелена:
-Мына сәбидің жағдайы нашарлап келеді, екі-үш айдан соң дүние салады, -деп өкінішін білдіртеді.
Профессор және оның ассистенті осы дерттен балаларды құтқару жолын іздестіруге Хеленамен бірге кіріседі.
Түбінде «Блэйлок-Томас-Туссинг» шунтті (ағыл. Shunt -айрық) атты коррекциялық операция түрі дүниеге келеді. Дәрігер емеспін. Ұққанымда, жүректен шыққан тамыр болады. Соның бір жерінен қан нашар өтеді және күн өткен сайын қанды өткізу қабілеті төмендейді. Сол себептен жүректен шыққан тамырға айрық жасап басқа тамырға қосу арқылы жаңа қан айналу жолын ұйымдастыру арқылы денедегі қан айналымын жақсартады. Нақты айтқанда кіші қан айналымын.
Жүректен шыққан тамырға операция жасау үшін жүрекке дейін денені ашу қажет. Яғни жүрекке жасалған операция. Оған дейін жүрекке операция жасау мүмкін емес, жүрек Құдайдың жаратқаны деп саналатын. Жүрек қызметіне адам араласпауы қажет, егер өлім келсе, жазғаны болып есептелінетін. Бірақ, балалардың өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер жаңа операция түрін ойлап табады. Хирургтердің қолдары шеберлігіне қазіргі кезде де таңқалдырады. Операция жасалған қан тамырлары диаметрі 1-2 мм. Үзілген тамырды басқа тамырға тармақ ретінде жалғау дегенді елестетіп көрудің өзі қиын. Онымен қоса операция кезінде ми, өкпе, жүректің жасушаларын зақымданунан сақтану қажет. Пациент өмірі ылғи да қыл үстінде тұрады. Алғаш операция он бес айлық балаға жасалып, сәтті аяқталады.
Кино 1930-шы жылдары рассалық теңсіздік және Ұлы депрессия жайлап тұрған кезде басталады.
Кинодағы драма.
Вивьен Томас аула тазалаушы болып профессор Блэйлоктың зертханасына таныстарының арқасында орналасады. Аула тазалаушы емес, дәрігер болғанды қалаған Вивьеннің арманын Ұлы депрессия жоққа шығарады. Профессор жұмыскерінің аула сыпырудан басқа жұмысқа қабілеттілігін байқап, түбінде өз ассистенті ретінде жұмыстар табыстайды. Вивьен көпке дейін аула тазалаушы болып саналып, соған сай жалақы алады. Ол кездері қара нәсілдер тек қара жұмыс істеуге лайықты деп есептелінетін. Вивьен Томас, Альфред Блэйлок жұмыста әріптестер жұмыстан тыс уақытта рассалық айырмашылықпен бөлінгендер. Профессор Блэйлок Вивьеннің құқығын қорғанға қолынан келгеннің бәрін істейді. Вивьен Томас барлық рассалық кемітулерге қарамастан қара нәсілдердің тең құқыққа ие болуын басынан өткізіп, медицинаға көп еңбек сіңіріп, отыз бес жыл госпитальдің зертханаларын басқарып, доктор атағына ие болады. Оның жетегімен АҚШ-тың тамаша кардиохирургтері тәрбиеленеді.
Something the Lord Made Американдық киноөнер институты 2004 жылғы теледидарлық ең танымал фильмі деп атап өтті.

Қосымша деректер:
Хирургтер операциялық процедураны үшінші рет қайталап жасалғанда нағыз табысқа және жетістікке қолдарын жеткізгендеріне күмәнданбады. Сол себепті операцияның оң нәтижесіне сенімді болды.
Операция жасалған үшінші пациент — алты жастағы бала. Операция алдында бала өз бетімен жүруден қалған, ауыр хәлде еді. Операциядан кейін баланың жағдайы жақсарып, денсаулығын қалпына келтіргеннен кейін белсенді балаға айналды.
Өкініштісі, жүрегіне алғаш операция жасалған бала үш жасында дүние салды. Бұл операция түрі үш жастан асқан балаларға жасалғанда тиімді болатыны байқалды.
Блог - bake: Something the Lord Made кинофильмі. Блэйлок-Тауссинг шунттауы. Кардиохирургия

P.S.:
DARA.KZ дерегі бойынша Қазақстанда жылына туа біткен жүрек ауруларына шалдыққан 3000 сәби дүниеге келеді. Бір жылға дейін 10-15%-і ғана өмір сүреді. Қазақстанда баланың салмағы 12 кг-нан кем болса, оның жүрегіне операция жасалмайды. Өкінішке орай, бір жасқа толмаған сәбилердің барлығы бірдей қажетті салмақ жинап үлгермейді.

Дерек көзі:
1) en.wikipedia.org/wiki/Something_the_Lord_Made
2) en.wikipedia.org/wiki/Blalock-Taussig_shunt
3) museum.impharma.ru/text/455
Әрі қарай

Құбыжықтың жазбаларына пікір

Өткен жолғы жазбама авторлық пікір.
Лайвпро (Ресей) блогында «Жалған ғылым мектебі» атты жазбасына тап болдым.
«Сіздерді білмеймін, соңғы кезге дейін мектепте өтетін оқушылардың конференцияларына білімге, ғылымға деген қызығушылық танытатындар ұстаздарының көмегімен алғашқы қадамдарын жасайтына сенетінмін»,- депті. Мектепте оқығанда оқушылар конференциясына қатысыпты және оның одан қандай тәжірибе алғанын еске түсірген.
Жазбасының пайда болуына интернет беттеріндегі келесі цитата себепкер болған.
Блог - bake: Құбыжықтың жазбаларына пікір
«Тоғызыншы класс оқушысы Владислав Станишевский Кока-кола сусыны денсаулыққа зияндылығын туралы сөздерді талай рет естіген соң оның денсаулыққа шынымен зияндығын дәлелдемекші болған. (*Енді ойланып көріңіз, 9 сыныпты білімі бар оқушы қалайша сусынның зияндылығын дәлелдеп көрсеіпті десеңізші?)
Аквариум балықтарын бір стакан суға қоя береді. Сосын әртүрлі өнімдерді стакандағы суға қосады: Кока-кола сусынын, жылдам дайындалатын кеспені, дәрілік препараттарды. Нәтижесінде стаканда жүзіп жүрген балықтар өледі. Балықтың өлу себебі оның жүзіп жүрген суының зиянды заттармен улануынан болған деген тұжырымдама жасаған. Кока-кола сусыны стакандағы балықты өлтірген соң адам денсаулығына зиянды деп шешіпті. Осындай тәжірибені ойлап тауып, Кока-кола сусынның зияндылығын дәлелденгені үшін «Ресейдің жас ителлектуалдары» конкурсының жүлдегері ретінде алтын медаль табысталыпты».
Автор осы үзіндіні өз жазбасына қоса отырып өз ойларын қосқан.
«Неліктен балық өлді? Стакандағы суға Кока-кола сусынын, басқа жылдам дайындалатын кеспені қосқандықтан да балық өлген шығар? Кім оны біліпті? Онда неге жылдам дайындалатын кеспе де адам денсаулығына зиянды деген тұжырым жасамасқа?
Оқушының ғылыми жетекшісі неге келесі жайттарға оқушының көңілін аудартпаған? Балық желбезектерінен суды өткізу арқылы одан оттекті бөліп, соның арқасында тіршілік жасайды емес пе?
Жасаған тәжірибесі ауадағы азотты хлорға айырбастап, адамды осындай ауа құрамымен дем алдырумен пара-пар ғой!».
Білім жүйесіне сын. Бұл жерде блогердің байқағанын конкурс төрешілерінің біреуі байқамаған десек немесе оқушының ғылыми жетекшісі әу бастан байқұс тіршілік иесі-балықтарға жасалынған қиянатын тоқтатпағанына таң қалуға болар еді. Бірақ та бізге де, барлық елге қатысты айтылған сөз «бақ шаба ма, блат шаба ма?» деген логикалық мәселе өз шешімін тапқан сыңайлы.

P.S.: Қандай мәселеге көңіл аудартқым келгенін сезген шығарсыздар.
Әрі қарай

Жұлдызды аспанмен танысу

Ауылға барсаң, түндегі төбеңнен көмкерліліп тұратын жұлдызды аспанның бала қиялына әсері күшті. Алайда қазір далаға, нарға /тапчанға/ сол ауылдың адамдары да ұйықтамайтын болып кетті ғой. Айға бинокльмен қарау, метеорлар көргенде «жұлдыз ақты» деп мәз болысу, МКС /международная космическая станция/ қозғалысын тамашалау /ол кезде МКС екенін білмейміз ғой/, Жетіқарақшы мен Үркер, Темірқазықтың аңызын атаңнан тыңдау — қандай тамаша әрі тәтті кездер еді…
Осы жолы ауылда өткізген бес-алты күнімнің үш түнін жұлдыздар тобын аспаннан тауып үйренуге арнадым.
Ол үшін қажетті құралдар: жұлдыздар картасы /ғаламтордан тауып, қағаз бетіне шығарып аласыз/, жақсы бинокль, бірге жұлдыз іздесетін дос.
Ең әуелі аспаннан Жетіқарақшыны табамыз. Оны білмейтін, түнгі аспаннан таба алмайтын адам жоқ деп есептейміз. Жетіқарақшыны халықаралық астрономия қауымдастығы Үлкен Аю жұлдыздар шоғыры деп атайды. Жалпы әрбір жұлдыз шоғырының /созвездие/ атауының өзіндік аңызға сүйенген қызықты тарихы болады. Жетіқарақшыны жанындағы сәулелері әлсіз жұлдыздармен ойша сызықтар арқылы қосатын болсақ, типі аюға ұқсас фигура шығады деп есептеген екен баяғының гректері. Солай деп біз де енді қабылдап алдық.
Блог - Nodar: Жұлдызды аспанмен танысу
Тереңдеп кетсек, бұл жұлдыз шоғырының әрбір жұлдызының атауы бар, олардың бәрі арабтар берген есімдер. Үлкен Аю арқылы Кіші Аю жұлдыз шоғырын тауып көрелік. Ол үшін Үлкен Аюдағы ең жарық Дубхе жұлдызын ойша жоғарыға қарай сызықпен жүргізсеңіз кәдуілгі Темірқазық жұлдызын табасыз. Полярная звезда деп аталатын, жұлдызды аспанда ешқашан орнын өзгертпейтін темір қазықтай жұлдызымыз осы.
Блог - Nodar: Жұлдызды аспанмен танысу
Осы жұлдыздың жанындағы достарымен қоссақ, Үлкен Аюдың кішкентай копиясын көресіз. Бұл жұлдыз шоғырындағы ең жарық жұлдыз Кохаб көзіңізге бірден түседі. Жалпы әрбір жұлдыз шоғырының жекелеген жұлдыздары альфа, бета, омега деп грек әріптерімен аталады. Мысалы Кохаб Кіші Аюдың альфасы, ол Кохабтың осы жұлдыз шоғырындағы ең жарық жұлдыз екенін білдіреді, бетасы — Темірқазық, жарықтығы бойынша екінші орында және тағысын тағылар. Атаулары бар жұлдыздар санаулы ғана, көбісін астрономдар Егіздердің тетасы, Андромеданың сигмасы және т.б. деп атайды. Көбіне белгілі бір өзгеше ерекшеліктері бар және ең жарық жұлдыздардың ғана атаулары болады: Сол манағы Темірқазық, Сириус, Вега, Денеб, Поллукс сияқты.
Әрине бұл тек түнгі аспанның беткі пердесімен танысу ғана. Жұлдықдар шоғырларында сонымен қатар, тұмандықтар, галактикалар, ауыспалы немесе қос жұлдыздар, плеядалар орналасқан. Көбісін тек телескоп арқылы ғана көруге болады.
Блог - Nodar: Жұлдызды аспанмен танысу
Блог - Nodar: Жұлдызды аспанмен танысу
Кіші Аюды тапқасын, екеуінің ортасынан бұралаңдаған Айдаһар жұлдыз шоғырын табу оңайға соғады.
Блог - Nodar: Жұлдызды аспанмен танысу
Әсіресе, бұл жерде Сізге Айдаһардың басы болып табылатын төртбұрыштағы жұлдыздардың жарықтығы көмектеседі. Сондағы көзіңізге бірден түсетін ең жарық жұлдыздан солға қарай ойша сызық жүргізсеңіз, жарқыраған Вега атты әдемі жұлдызды көресіз.
Блог - Nodar: Жұлдызды аспанмен танысу
Біздің Күнімізден де үлкен Вега талай ғылыми-фантастикалық шығармалардың арқауы болған екен.

Мінекей достар, біз тек қана үш жұлдыз шоғыры мен үш жарық жұлдызды аспаннан табуды үйрендік. Ал біздің көк күмбезімізде дәл осындай 88 жұлдыздар шоғыры бар, олардың әрқайсысының өз қызықтары бар. Ал кейбір жұлдыздардың біздің Күнімізді айналған сегізі сияқты, планеталары, яки экзопланеталары бар екенін, оларды ашу жолдары, жыл сайын қайталанатын метеорлар жаңбыры мен кометалар және т.б. ескерсек, бұл материалы көз алдымызда жатқанымен, зерттелетіні мен қарайтыны көп ғылым екенін ұғамыз.
Әрине, мұның бәрін түнде жағылып тұратын көше шамдары жоқ, алыс ауылда демалып жатқаныңызда бастағаныңз жөн. Уақытыңыз бен кішкентай телескопыңыз болса, астрономия ғылымын қалай дос етіп алғаныңызды да білмей қаларсыз.

П.С. Осыған ұқсас ақпарат пен нұсқаулықтар ғаламторда толып тұр. Пост тек қызығушылығыңызды ояту мақсатында жазылды.
Әрі қарай

Ән тыңдайық

Нұржан Керменбаевты өзім сүйіп тыңдаймын. Сіздерге де ұсынамын.



"Әке арманы" жаңа ән емес, бірақ Нұржанның орындауында ерекше.



Ал бұл ән біраз уақыт қалтафонымның қоңырауында тұрған, кейде әнді ұзағырақ тыңдау үшін жауап бермей, күтіп тұратынмын.

Әрі қарай

Фариза акынга арнау

Поэзия падишасы Фариза апам,
Поэзия, өлеңмен таңы аткан.
Қаңтардың жиырма үші дүние салып,
Қайғы салдың жүректерге тулап жатқан.

Маңғыстаудан шыққан қазақ мақтаны,
Сіз туғанда күн нұрланып атқаны.
Сіздей жанды өмірде мынау жоқ десе,
Атқан күннің мұнартып барып батқаны.
Әрі қарай

Шелли Мэрлидің романы және бас кейіпкері Виктор Франкенштейн

Шелли Мэрли (1797-1851) ағылшын жазушысы 18 жасында «Франкенштейн немесе заманауи Прометей» атты көркем-фантастикалық романын жазды. Романды оқи отырып оның авторы 19 ғасырда өмір сүріп, 18 жасында мұндай романды жазу үшін білімі, дүниетанымы жоғары
Әрі қарай