Жаралы менің жүрегім

Негізі өлеңңң… дәл уақыты есімде жоқ енді 2010-2011 жылдары ақынсымақ боп жүргенде жүректі жарып шыққан ғо. Мәтіні төменде. Оқып бағасын бере жатарсыздар.

Жаралы менің жүрегім

Шықпай қойдың ғой миымнан
Ғашық болғам ба өзіңе?
Бой алдырмайтын адам едім ғой сезімге?
Ақылды шіркін ақымақ сезім жеңдің бе?
Қалай болғанын түсінбей тұрмын мен мүлде.

Қай жерің мені елітті екен өзіңе?
Шашың ба, қасың, қарақат қара көзің бе?
Ерінің шығар шиедей болған қып-қызыл?
Тәнің бе әлде ұқсамайтұғын ешкімге?

Айтарым осы, жаралы менің жүрегім
Бір көру сені қазіргі менің тілегім.
Сыздаса жүрек, сағыныш басса кеудемді
Ұйықтап түнде, қалайша күндіз күлермін?

Жаралы менің жалындап жанған жүрегім…
Бөлісу:

2 пікір

buzau
Жаралы менің жалындап жанған жүрегім, Сағыныш оған кінәлі қалқам білемін. Ұйқылы ояу бір халге түстім қайтейін, Бір сәтке ғана көрсем деп, сені тілегім.