Тринидадтан футболшы келді!



Біздің чемпионатта алғаш рет Тринидад пен Тобаго елінің футболшысы ойнайтын болады. 20 жасар Роберт Примус (мүмкін Праймус) «Ақтөбе» сапына қосылды. Бұл футболшыға қазір Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүрген «Ақтөбенің» бас бапкері Мухановтың көңілі толған екен. Примустың бізге өткені туралы Тринидадтықтар да растап отыр. Trinidad Express газеті «Примус Қазақстанға барады» деген мақала жазыпты.
Жас футболшы 3 рет ұлттық құрама формасын киген.
Әрі қарай

Трансвестит сөздер

Блог - patick: Трансвестит сөздер

Жынысын өзгертетін сөздер де болады екен. Қазақстанда, мысалы «сотка», «домашка» деген сөздер бар. Жіктейміз:

Сотка — сотовый телефон

Сотовый телефон — алғашқыда, «Он» деген еркек болған. Қазір, ол «Она» болып әйелге айналды.

Мысалы:

Чья сотка? — моя сотка (жен. род);

Чей сотовый телефон? — мой сотовый телефон (муж. род).


Сол секілді қайғылы оқиға «Домашний телефон» сөзінің да басынан өтті. Қазір, бұтына юбка киіп алып, еркектерге қырындап жүр «Домашкамыз»…
Әрі қарай

Отандық 3D фильм биыл жарық көреді!

"Қазақфильм" киностудиясы таратқан ақпаратқа сенсек, жұмыстық атауы бізге "Қара майор" деген атпен белгілі «Возвращение в, А» фильмнің монтажы 3D форматқа ауыстырылып жатыр. Қазақпарат бұл жайында былай дейді:
Фильмді түсірушілердің айтуынша, оны 3D форматта шығару туралы ұсынысты кинопрокатшылар жасаған. Олар жаңа форматта түсірілген фильмнің көрермендердің көңілінен шығатынына сенімді.

Қазір кинокартина 3D форматқа ауыстырылуда, бұл наурыз айында аяқталып қалады. «А-ға оралу» фильмін қазақстандық кинематографтың серпінді жобасы деп айтуға болады, дейді мамандар.

Еске сала кетейін, фильм сюжеті бойынша қазақстандық және ресейлік телевизия мамандары Ауғанстанға «Ескендір Зұлқарнайынның жүрген жолдарымен» атты деректі кино түсіру мақсатымен аттанады. Олар жолсерік ретінде Ауғанстан соғысына қатысқан бұрынғы жауынгерді ілестіреді. Бірақ, кино түсірушілер жолсеріктің Ауғанстанға оралуға өзіндік себептері бар екенін білмеген еді.

Ендеше, алғашқы 3 Дыны күтейік :)
Әрі қарай

Қауымдастықтар



Сайтымызға аздаған өзгеріс енгіздім. Бұрын «Ортақ блогтар» деп аталған блогтарды "Қауымдастықтар" деп өзгерттім. Осылай дұрыс болған сияқты. Әр түрлі тақырыпта қауымдастықтар құра аласыздар, оған басқалар қосылып, сол қауымдастық блогына сол тақырыпта жазбалар жаза алады. Қауымдастықтар тізімін мына жерден көре аласыздар: www.dabai.kz/blogs/
Ал оған қосылып, мүше болу немесе қауымдастықтан шығу үшін мына суретке бассаңыз жеткілікті:

Қауымдастықты кез келген қолданушы аша алмайды, қауымдастық бастау үшін рейтингіңіз кем дегенде 1 болуы керек. Сондай-ақ қауымдастығыңызға мүше болушыларға да шектеу қоя аласыз, рейтинг өлшемін белгілеп, тек жоғары рейтингті қолданушыларды мүше қылуға болады.
Әрі қарай

Бильярд ойынының пайда болу тарихы

Блог - ErNur: Бильярд ойынының пайда болу тарихыҚазіргі таңда көптеген жандардың сүйікті ойыны бильярд. Шарлар ойыны алғашқы тарихи мәліметке ие болған ойындардың бірінен саналады. Көп зерттеушілердің пайымдауынша, Азия осы бильярдтың отаны болып саналады екен. Қытай саудагерлері орта ғасыр кезеңінде қарапайым шарлар ойынын Англияға апарған көрінеді. Ағылшындар оны ары қарай жетілдіреді, және «Pall-Mall» деп атап, оны тегістелген арнайы алаңда, яғни жерде ойнай бастаған. «Бильярд» сөзінің төркіні ағылшынша «ball» (доп), «yeard» (таяқ) болғандықтан ойынды өздері иемденді.
Әрі қарай

Ескертпе баннерін орнатсаңыз

Соңғы күндері авторлық құқықтың сақталмауы, "ұятсыз" газеттердің Интернет-ресурстардағы мақалаларды үтір-нүктесіне дейін айнытпай көшіріп басулары жайлы жазылып жатыр. Айтылып та келді. Сондай келеңсіздіктердің алдыналу үшін, кейін кінәлілер «білмедік, кешірім өтінеміз» деп шықпас үшін, сайтыңызға немесе блогыңызға ескертпе, құлақтандыру ретінде баннер орнатсаңыз, не болмаса, соқырға таяқ ұстатқандай етіп көрінетін жерге жазумен-ақ жазып қойсаңыз, дұрыс болады деп ойлаймын. Баннерде немесе ескертпе жазуда сайтыңыздағы (блогыңыздағы) жазбаларды, мақалаларды, аудио-видео немесе сол типтес материалдарды рұқсатсыз, гиперсілтемесіз көшіруге болмайтындығын ескертуіңізге болады. Мысалы, мынадай баннер:

Егер сіздің жазған еңбегіңіздің кез-келген мақсатта кез-келген адамның кез-келген жолмен пайдалануына қарсы болмасаңыз, ештеңе жасамасаңыз да болады.
Әрі қарай

ФУТБОЛДАҒЫ ЫРЫМДАР

Футбол, тек қана футбол!: ФУТБОЛДАҒЫ ЫРЫМДАРФутбол, тек қана футбол!: ФУТБОЛДАҒЫ ЫРЫМДАР
(1-қыркүйек 2010-да «Аламанда» жарияланған)
Бес мың жыл бұрын Қытайда жемісін бере бастаған футбол ағашы әуел баста көңіл көтеру, ләззат алу үшін ойналған көрінеді. Алайда команда түрінде ойнауды ең бірінші ацтектер ойлап тапқан. Мұнымен қоса «футбол дуасының» да дәл солармен бірге ортаға шыққаны айтылады. Ацтектер заманында футболда жеңілген тарап берекенің артуы үшін Күнге құрбан еткен көрінеді. Осылай еткенде сәтсіздік олардың айналасынан ізін жоғалтады-мыс. Футбол ережелерінің қазірге жақын нұсқасының орнығуы және көпшілікті соңына ертуі ХІХ жүзжылға сәйкес келеді екен. Футболдың дамуымен бірге «футбол дуасы немесе сиқыры» да жандана түседі. Бұл туралы уругвайлық жазушы Эдуардо Галеаноның «Көлеңкеде және Күндегі футбол» кітабында да айтылады.
Әрі қарай

Мөлдір

Блог - BakytgulSarmek: Мөлдір
Кейіпкердің атын өзгертіп жазсам, әңгімем әдемі шықпауы мүмкін. Сондықтан өзгеріссіз қалдырдым. Өзі туралы жазылған әңгімені Мөлдірдің оқымайтынына да сенімдімін… Себебі өркениеттен тым алыста жүр, мына көркем өмірге жақындауға талпынбайтын да шығар.
Мектеп бітіргенімізге он жыл толуына орай сыныптастар болып ауылда бас қосқанбыз. Ойдағы-қырдағыны түгендей келе Мөлдірге де кезек келді. "Қырда қой бағады. Бес жүз қойы, бір баласы, бір байы бар" деді қылжақбас құрдастардың бірі.
Қарабайыр тірліктен тым алшақтап, қалалық болып кеткенімді сездіргім келіп жасанды кірпіктерімді маңғаздана қағып-қағып: "Қай Мөлдір?" дедім. Менің Мөлдірді ұмытып қалуым ауылдық құрдастардың алдында беделімді, бағамды көтеріп тастардай жорта білмегенсідім.
Білемін ғой Мөлдірді. Малшының қызы. Әке-шешесі ауылға қоныс аударған кезде, тұратын үйлері болмағандықтан біздің сарайды бір қой беріп, уақытша жалдап алған. Басын қозғаса бұйра шаштары серіппедей бір созылып, бір жиналып тұратын қара қыз біздің үйге жүгіріп келіп, мамаларыммен амандасып жатты. «Біздің үйде тұрып жатсыңдар» деген үстемдік ой патшалық құрып, назар аудармауға тырыстым.
Аты Мөлдір екен, туылған кезінде-ақ көзінің әдемілігі, мөлдірлігі байқалып тұрған соң атын солай қойған шығар ойладым ішімнен. Қайқиған кірпігі қолымдағы қуыршақтыкінен де әдемі. Сығыр көздерімнің қиығымен қызғана қарадым.
«Менің қызыммен құрдас екенсіңдер, бірге ойнайсыңдар» деген мамамның сөзін іле-шала: «Көбейту кестесін білесің бе? Тоғызды беске көбейткенде неше болады?» дедім. Бұйра шаштары дір-дір етіп басын шайқады. «Білімі нашарлармен ойнамаймын» дедім де қолым жеткен жердегі қалың кітаптың біреуін ортасынан аша сала дауыстап оқуға кірістім. Жаңа таныс қыздың алдында бір артықшылығымды көрсетуге тырысып жатырмын. Ол маған қызыға қарап тұрды.
Шаруақор екен, таңертең ерте тұрып су тасиды, кілем қағады, жүгіріп келіп біздің үйдің егініндегі арамшөптерді жұлып көмектеседі. Ал мен көлеңкеде жатып алып кітап оқимын.
Қыркүйекте ол мен оқитын сыныпқа барды. Ән сабағында мұрнының үсті тершіп тұрып, ұяла қызарақтап ән айтты. Дауысы керемет, ешкім үндеместен тыңдады. Мұғалім өте сезімтал адам еді, көзі жасаурап Мөлдірдің шашынан сипады. Мөлдір біздің сарайда тұрады, сондықтан ол маған бағынышты, менен асып түсуіне болмайды. «Ағай, оның шашында бит бар, кеше көрдім» деп саңқ етіп, ән әуелеген сынып ішіндегі тыныштықты бұзып жібердім. Ертесіне кешке қарай есік алдындағы сәкіде мамасы Мөлдірдің басынан сірке сығып отырды.
Мөлдір менің меншігімдегі жанды қуыршақ сияқты. Үйге су тасу, бұзау қамау сияқты жеңіл жұмыстарға Мөлдірді жұмсап жіберемін. Қарсылық танытпастан бұйра шаштары н серпіп құлдыраңдап жүгіреді. Сыныпта оның басқа қыздармен ойнағанын көрсем, екі күн сөйлеспеймін.
Арада уақыт өте өздері үй салды да, қоныс тойын жасап көшті. Енді Мөлдірге сөзім жүрмейтінін ойлап іштей көңілім пәс болып қалды. Кешке қарай бұзау айдап келе жатсам, Мөлдір біздің қораның есігін ашып күтіп тұр екен. Бұзаулардың тұсауларын шешуге де көмектесті. «Ертең концертте ән айтамын» деді. «Айтпайсың» дедім көзімді алартып.
Ертеңгі күні әдемілеп өрілген шашына шашылған жылтыр лак күнге шағылысып, ақ туфлиімен желпіне кетіп бара жатқан Мөлдірді көрдім де, концертке бармадым.
Мөлдірлер жазғы демалыста мал бағуға жайлауға кетті. Қыркүйекте мектепке келмеді. Көп кешікпей көрші әйелдің мамама айтып жатқан әңгімесін естіп қалдым: «Дәулетбайдың әйелі қызын ертіп алып аудандағы перзентханада жүр. Жөн сұрасам ештеме айтпады. Санитаркалардан біліп алдым, қызын малшылардың көмекші жігіті зорлаған екен, аяғы ауыр көрінеді. Баланы алдыртпақшы екен». Мамамның көзі алақандай болып маған қарады, мен түсінбеген адамдай кітап оқып отыра бердім. Көз алдымда әріптер тым-тырақай қашып, ойым ойды-қырды қуып жатыр. Ұрлана оқып жүріп, «Мың бір түннің» екі томын тауысқан сұммын ғой, еркек пен әйелдің жақындығы, бала туу дегендерді тым жақсы түсініп тұрмын.
Мөлдірге келген кесапат менің қуанышыма, аздап қорқынышыма айналды. Кекіл тарап, мұрын сүртіп есейіп қалған сыныптастарыма да соңғы жаңалықты таратып үлгердім. Қыздар жағы қорықты, ұлдар болса жұмбақ жымиып таңданысты. Екінші тоқсан басталысымен Мөлдір сабаққа келді. Шашының бұйрасы тарап, әлсіз толқынданып қалғандай, көзі де көптен сүртілмей жылтырынан айырылған айнадай, бұрынғыша мөлдіремейді.
Сыртынан айтылатын сыпсың сөздерден, әр қимылын тергеп қарайтын көздерден шаршап жүргенінде түнде шарбағын баққан ересек жігіттер қосылды. Аудандық байқауға қатыстырамын деп ән сабағының ағайы да қосымша сабаққа шақырып біраз әуреледі.
Мөлдір тоғызыншы сыныпты бітіріп, мектептен шығып кетті.
"Ә, тоғызыншы сыныптан кейін мектептен шығып кеткен Мөлдірді айтасыңдар ма?" дедім құрдастардың әңгімесіне қайтадан ортақтасып. «Күйеуіне екі шөлмек арақ берсең, Мөлдірмен алаңсыз таңға дейін ән айтуға болады екен» деді тілінің уы бар тағы біреуі.
Оның осы уақытқа дейін неше көңілдесі болды екен? Мөлдірмен бақталасуға жетелейтін ескі, таныс ой мені тағы да мазалап қоя берді.
Әрі қарай

Менің шындығым немесе Шалқар неге "криминал қала"?

Менің шындығым немесе ШАЛҚАР неге «КРИМИНАЛ ҚАЛА»?

Қоғам болған соң, танысып-білісіп, араласу қалыпты жағдай. Алдымен аты-жөнің, өмірлік статусың, жасыңнан басталған сұраулар әлбетте туып-өскен жеріңе де жетеді. Менің дүниеге келген жерім – Ақтөбе облысына қарасты Шалқар деген шаһар. Осы тіркес аузымнан шыққан бетте еститіндерім – «ее, әнеу тентек қала ма?», «онда қалай тұрып жатырсыңдар?», «күнде атыс болады дейді ғой, рас па?» деп басталады. Меніңше, бұл жалғыз менің басымдағы жай емес, — барша тұрғындардың құлағына үйреншікті дүние болып кеткені бірталайдан. Осындайда не деп жауап береріңді білмей, жалтақтап қалудан асқан ыңғайсыздық сезімі жоқ шығар. Осыны ескеріп, бұл жазбаға жоғарыдағыдай айдар тағып, Шалқар турасында толық әрі сапалы ақпарат жазуға кірісіп кеттім.
Блог - mazhitova: Менің шындығым немесе Шалқар неге криминал қала?«Тамыры жоқ ағаш, тарихы жоқ халық болмайды» деген Қабдоллов Зейнолла ағамның сөзін ту етіп, алдымен бұл өлкенің өткеніне аз-маз тоқталуды жөн санап отырмын (уйкипедия дәстүріне еліктеп). Еліміздің батыс бөлігінде орналасқан Шалқар жұртының арғы тегі сонау Батыс Түрік қағанатының құрамында болған Әлімұлы бірлестігінің тайпаларымен тікелей байланысты. Әйгілі Шекті руынан шыққан Айтұлы Тілеудің есімі тарихта 1684 жылғы Сайрам соғысындағы ерлігімен әйгілі. Кіші жүз ханы Әбілхайырдың қолбасшылық және саяси қызметтері, отаршылдыққа қарсы күрестері Ақтөбе өңірін тұтастай қамтыған. Ал, 15 жасында-ақ Жайық казактарына қарсы күресте көзге түсіп, «Батыр бала» атанған Есет Көтібарұлын күллі жұрт мақтан тұтады. Онан соң 1900 жылы орыс патшасы Орынбор-Ташкент теміржолын салуға жарлық еткенде істің ақ-қарасын айырып, ел болашағына тиер пайданы көре білген Шеңгел болысы Мырзағұл Шыманұлының берген көмегі ерлік емей немене?! Шалқар жерінде ақ гвардияшылармен күресте Әліби Тоғжанұлы Жангелдиннің еңбегі айрықша. Осы қатарлы есімдері ерен батырлар айта берсең ауыз толарлықтай. Артынша, 1921 жылы 21 қазанда 8 мыңның үстінде халқы бар Шалқар ауданы ұйымдастырылған. Бірер жылдан соң ол уезге айналып, Ырғыз, Қарашоқат, Шалқар аудандарын қамтыған. Содан бері жұртшылық небір нәубетті бастан өткерген. Сол кезеңдерден қазірге дейінгі даму жолын толығырақ білгім келеді деушілерге Т. Тілешовтің редакторлық етуімен басылған «Шалқар энциклопедиясын» сілтеймін.
Блог - mazhitova: Менің шындығым немесе Шалқар неге криминал қала?Ал, енді цифрлар сөйлесін: бүгінде Шалқар – 1 қалалық, 12 ауылдық округке біріктірілген 48 елді мекенді құрайтын, орталығы Шалқар қаласы болып саналатын, Ақтөбенің оңтүстік-шығысында орналасқан білдей бір әкімшілік-аумақтық бөлініс. Жер аумағы – 62,2 мың шаршы квадрат. 2014 жылғы санақ бойынша халық саны – 46 031.
Шалқар өзінше бір құрама штат дерсің. Олай деуімнің себебі бар. Қала темір жол торабының қатысымен 2-ге бөлінген. «Арғы бет» және «Бергі бет». Не деген логика, иә) Барлық мемлекеттік мекемелер (кей мектептерді санамағанда), аурухана мен емхана, сауда үйлері мен вокзал Бергі бетте орналасқандықтан, бұл жақ «Город» аталып кеткен. (Мен «Город» тұрғыны ретінде баяндаймын) Сәйкесінше, арғыбеттіктерге аздап қиындау – барлық шаруаларын тындыру үшін біраз қажып, көпірден өтіп келуге тура келеді. Осы мәселені шешуге де болар еді-ау ниет болса, қолдау болса. Арғыбеттен қатынайтын қалаішілік маршрут болса, құба-құп болатыны сөзсіз. (Бергі жақта екі газель жүретіні әзірге тұрғындардың қуанышы, жұбанышы).
Әлгінде құрама штат дедім ғой. Екі «Бет» те бейресми аудандарға бөлінген. Олар тұрғылықты жерге байланысты шекарамен анықталған және атаулары да тиісінше бір мағынаға ие. Мәселен, «Бойна» деген аймақ бар. Кезінде осы маңда бойня (мал союға арналған орын) болғандықтан, осылай аталып кеткен деседі «бойнаның ағалары». Сосын «Көл жақ». Ойланатын түк те емес – Шалқар көлінің аумағындағы тұрғындар осы бірлестікке кіреді. Айтпақшы, барлық «штаттардың» атауларының ішіндегі қазақшасы екендігін айта кету керек. «Көл жақ» пен «Бойнаның» аралығы «Якорь» деп аталады. Одан әрмен Селиванов деген революционердің құрметіне аталған «Селивановка» деген ауданша бар. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен Терін» оқысаңыз — түсінесіз. Ондағы «атамандар» өздеріне «Зверь» деген атауды еншілеген. «Газопровод» болса, өз атына жауап беріп тұр. Ал, Арғы бетке тоқталар болсақ, «Маяковский» бірлестігі кезінде осы аттас көшенің болуымен байланысты көрінеді. Қазір өзгерген. Қысқартып «Маяк» деп те атайды ) Алайда, оны сумен байланыстыру өрескел қателік. «Вор» деген бар… Иә, сізбен келісем – атауы ұнамсыз. «Рабочий городок». «РобГор» деген «крутой» қысқармасы бар. Жұмысшылар қалашығы болған деседі кезінде. Тағы да бар, бірақ мен білетін «ең танымалдары» осылар. Енді сіздер Шалқардың кішігірім саяси архитектурасын білесіздер. Білуімше, бұл бірлестіктердің тұрақты мүшелері болады. Жыл сайын құрамы толығып, жаңарып отырады. Айтпақшы, ескертемін, бұл — тек ер азаматтардың «ойыны». Берген бағам үшін жерлестерімнен кешірім өтінемін, алайда бұл — субъективті пікірім. Бөлініп жүріп бөріге таланып қалмайық. Кезінде өз жерін қорғау үшін ғана жүзге бөлінген едік. (сол саясатты бұрыс түсінгеннің салдарынан қазір трайбализммен ауырып жүрміз). Бірақ ол кез жаугершілік заман-тын. Қажеттілік еді. Ал, қазір, Аллаға шүкір, бейбіт күнде өмір сүріп жатқанымыз айқын. Соғысты қолдан жасап, берекені қашырудың бес тиынға керегі жоқ. Осының салдарынан талай қан төгіліп, небір орынсыз қателіктердің болғаны жасырын емес. «Қас қылмайды қасқыр да жолдасына». Адам адамға жолдас деп білемін. Хулуси Калканның бір сұхбатында «Айналып келгенде адамзаттың өзі бір атаның баласы ғой. Ал, бір атаның баласына қырық пышақ болып, бір-біріне мылтық кезеп, ажал құштырып жату жараспайтын тірлік емес пе?» дегенін оқып едім. Хайуаннан жоғары тұрған «адам» деген атқа лайық болмақ керек.
Шалқарға еріп жүретін тағы бір тіркес бар, «поезд тоқтатқан» деген. Ол оқиға кезінде халыққа тиесілі жәрдемақы төленбей, жағдай нашарлаған тұста болған. Жұртшылық сол заманда теміржолдың арқасында әділдікке қол жеткізген. Себебі, мемлекеттің қайнар көзі халық екендігіне сүйенер болсақ, халыққа қамқор болу мемлекеттің парызы деп білеміз.
Мінекей, жоғарыдағы жағдаяттардан соң Шалқар халқын «тентек» атап кетті.
Қаламыздың «тентек» атануына және бір себеп «найза беріп, жауға қойғаннан» қалған батыстың қызуқандылығы шығар. Осымен тақырыптағы сүраққа жауап бердім деп ойлаймын.
Ал жастарға айтарым біреу ғана – болам десеңіз шала тентек емес, қажет шағында дана тентек болыңыздар…
Мына жазбадан соң, үркіп қалғандар бар шығар) Алайда шұғыл шешім қабылдамаңыз дер едім.
Жалғасы ертең…
Суреттер: Шалқар Береке Күнділданың көзімен
Әрі қарай