Тринидадтан футболшы келді!

Біздің чемпионатта алғаш рет Тринидад пен Тобаго елінің футболшысы ойнайтын болады. 20 жасар Роберт Примус (мүмкін Праймус) «Ақтөбе» сапына қосылды. Бұл футболшыға қазір Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүрген «Ақтөбенің» бас бапкері Мухановтың көңілі толған екен. Примустың бізге өткені туралы Тринидадтықтар да растап отыр. Trinidad Express газеті «Примус Қазақстанға барады» деген мақала жазыпты.
Жас футболшы 3 рет ұлттық құрама формасын киген.
Ақтөбе сапындағы қараторы тағы бір басқа жігіт бар еді, серіктес болатын бопты ғой :)
Қарадомалақ жігіттеріңнен айналдым!