Ескертпе баннерін орнатсаңыз
Соңғы күндері авторлық құқықтың сақталмауы, "ұятсыз" газеттердің Интернет-ресурстардағы мақалаларды үтір-нүктесіне дейін айнытпай көшіріп басулары жайлы жазылып жатыр. Айтылып та келді. Сондай келеңсіздіктердің алдыналу үшін, кейін кінәлілер «білмедік, кешірім өтінеміз» деп шықпас үшін, сайтыңызға немесе блогыңызға ескертпе, құлақтандыру ретінде баннер орнатсаңыз, не болмаса, соқырға таяқ ұстатқандай етіп көрінетін жерге жазумен-ақ жазып қойсаңыз, дұрыс болады деп ойлаймын. Баннерде немесе ескертпе жазуда сайтыңыздағы (блогыңыздағы) жазбаларды, мақалаларды, аудио-видео немесе сол типтес материалдарды рұқсатсыз, гиперсілтемесіз көшіруге болмайтындығын ескертуіңізге болады. Мысалы, мынадай баннер:
Егер сіздің жазған еңбегіңіздің кез-келген мақсатта кез-келген адамның кез-келген жолмен пайдалануына қарсы болмасаңыз, ештеңе жасамасаңыз да болады.
Авторлық құқық туралы ескертпелердің Creative Commons (СС) ұсынатын қызметін пайдалануыңызға болады. Creative Commons-ты пайдаланатын бір ғана блог бар-ау деймін (urimtal.wordpress.com). СС-дің баннерінде мынадай белгілер бар.
Алғашқы белгі көшіргенде автордың кім екенін көрсетуді міндеттейді. Екінші белгі коммерциялық мақсаттарда пайдалануға болатындығын білдіреді. Ал соңғы белгі көшіріп жатқан материалдың өзгеріске ұшырамай жариялануын талап етеді.
Мен білетін екі түрлі нұсқаны қалауыңызша пайдаланып, еңбегіңізді авторлық еңбекті оңай иемдене кететін журналистсымақтар мен газет-журналсымақ қызметкерлерінен қорғауға көмектеседі.Бірақ Интернет-ресурстар арасында бұл мәселе қиындық тудыруы мүмкін. Қожайынының кім екенін белгісіз сайттар мен, ұятсыз қожайыны бар сайттар сіздің ескертпеңізге құлақ аса бермейді. Оны надақтық дейміз бе, сауытсыздық дейміз бе, білмедім.
Блогтар үшін төмендегі баннерді орнатуға болады.

<img class="alignnone" src="http://pics.kz/s2/67/e4/6f/67e46f70193bfd41c5c35c8bec6c7ca9.png" alt="" width="270" height="57" />
… сонда сен, еліміздегі газетке жарияланып кеткен мақалаңның, авторлық құқығын дәлелдеп, сот болып, онда ұтамын дегенге сенесің ба?
АЛ сотта ұту жағына келсем, алдымен өзіміздегі құқықтық құжаттарды реттеу керекпіз.
интернетте көшіріп жүргендермен күрес туралы бар (негізінде көбі сілтеме қояды). қағаз БАҚтар мәселе болып тұр, бұларға қарсы заң керек. ескертпе баннерлер блефтан басқа ештеңе емес.
Ал егер СС орнатқыңыз келсе, мына сайтқа кіріп, толығырақ біле аласыз.
Себебі, көшіріп алуға беті барған адам, плагиат жөніндегі болжалды процесс алысқа кетіп қалса,«телефон шалмап па едім?» деп, немесе өз е-поштасына Сіздің поштадан хат жазған қылып (сондай сервистер арқылы) көрсетуі әбден мүмкін.
Ал қағаз… Қағаз енді қалт айтқызбас, ал айтқызса — жалтартпас.
Тіптен біреу менің блогыма, және Беу.КЗ -те жазған мақаламды ұрлап,«Жастар.Біз»-ге үтір-нүкте қатесімен бірге жариялапТ.
Менің Жастар.Біз — сайтының админдерінің бірі екенімді ескерсе бұл ситуацияның бұттан кетіру күші еселене түсетінін айтып қайтейін.
Өзімнен ұрлап, өзіме әкеп отыр ана ақкөңіл амиго
Мен көп пунктуациялық қате жіберем әдетте, кейде сауатсыздықтан, кейде арзан журьелар редакциялап зайыбы шықсын деп. Цензурадан тыс сөздер де кетіп жатады. Ойдан шығарылған окказионализмдер. Мыс: «Боқжағыс», «көттепкі», «жаяу эротикалық саяхатқа жіберу» тіпті бір беделді сайттан «Білә» деген сөзді сол күйі көшіріп баса салғанын оқып…
Қой, нақ...Қаззақтар, қандай болсаңдар да жақсы көрем сендерді.