Creative Commons және Мәліметтер.орг

Қазақ блогшыларының алғашқы құрылтайында Қазақстан Пираттар партиясының төрағасы Марат ағамыздың өтініші бойынша Creative Commons лицензиялары туралы және олар арқылы авторлық құқықты қорғау туралы презентация жасаған болатынмын. Ол уақытта "Ана мен бала" сайты мен "Мәліметтер.орг" сайтына қатысты авторлық құқықтың өрескел бұзылулары тіркелмеген еді. Алғашқы сайттың ашылғанына 3 апта болып еді.
Әрі қарай

Creative Commons туралы бір ауыз

Image representing Creative Commons as depicte...

“ Уважайте труд технички”
“ Блогтар әкелетін және әкеліп жатқан қауіптердің бірі – біреудің атын жамылған блогтардың болу мүмкіндігі” деп Ерлан Оспан “ Алтын Орда” сайтындағы мақаласында айтып өткендей, ғаламторда өзіңнің қауіпсіздігіңді қамтамасыз ету оңай емес.

Қазіргі кезде блогымыздағы жазбамыздың да өзімізге тиесілі болмай, басқа бір ақпарат құралында өзге біреудің атынан шығып жатқанының куәсі болдық.
Әрі қарай

Ескертпе баннерін орнатсаңыз

Соңғы күндері авторлық құқықтың сақталмауы, "ұятсыз" газеттердің Интернет-ресурстардағы мақалаларды үтір-нүктесіне дейін айнытпай көшіріп басулары жайлы жазылып жатыр. Айтылып та келді. Сондай келеңсіздіктердің алдыналу үшін, кейін кінәлілер «білмедік, кешірім өтінеміз» деп шықпас үшін, сайтыңызға немесе блогыңызға ескертпе, құлақтандыру ретінде баннер орнатсаңыз, не болмаса, соқырға таяқ ұстатқандай етіп көрінетін жерге жазумен-ақ жазып қойсаңыз, дұрыс болады деп ойлаймын. Баннерде немесе ескертпе жазуда сайтыңыздағы (блогыңыздағы) жазбаларды, мақалаларды, аудио-видео немесе сол типтес материалдарды рұқсатсыз, гиперсілтемесіз көшіруге болмайтындығын ескертуіңізге болады. Мысалы, мынадай баннер:

Егер сіздің жазған еңбегіңіздің кез-келген мақсатта кез-келген адамның кез-келген жолмен пайдалануына қарсы болмасаңыз, ештеңе жасамасаңыз да болады.
Әрі қарай