Creative Commons және Мәліметтер.орг
Қазақ блогшыларының алғашқы құрылтайында Қазақстан Пираттар партиясының төрағасы Марат ағамыздың өтініші бойынша Creative Commons лицензиялары туралы және олар арқылы авторлық құқықты қорғау туралы презентация жасаған болатынмын. Ол уақытта "Ана мен бала" сайты мен "Мәліметтер.орг" сайтына қатысты авторлық құқықтың өрескел бұзылулары тіркелмеген еді. Алғашқы сайттың ашылғанына 3 апта болып еді.
Блогшыларға Creative Commons лицензиялары арқылы блогтарындағы контентті қорғаудың жолдарын түсіндірдім. Презентация жасау қиын болмады. Себебй ол тақырыпты құрылтайға дейін де қызығушылықпен талдап жүрген болатынмын. Презентация басқа да презентациялармен бір уақытта өткендіктен көп адам болмады. Егер Creative Commons лицензиялары туралы білемін десеңіз мына жерден қарай қойыңыз.
"Мәліметтер.орг" сайтындағы контентті CC BY-NC-SA лицензиясы (ақпарат көзінің көрсетілуі — коммерциялық емес мақсатта пайдалану — өңдеуге, түзетуге болады) аясында пайдалануға толыққанды құқық беретіндей етуді көздедім. Бірақ уақыт өте келе жүзеден аса мақаланың ұрланып, басқа Интернет-ресурста жарияланғанын көріп, CC BY-NC-SA лицензиясының тиімсіз екендігін түсіндім. Неге десеңіз, біреу сайт ашады да келіп біздің сайттағыы контентті толықтай көшіріп алады, ақпарат көзі ретінде біздің сайтты көрсетеді, жасап отырған әрекеттері коммерциялық мақсатта емес дейді. Нәтижесінде контентті жасаушы сайттың оқырмандары мен танымалдылығы азяды. Біздің бір жылда жеткен жетістігімізге біреулер 2-3 аптада көшіру арқылы жетеді. Әділетсіздік пе? Әділетсіздік.
Интернет-ресурстардан мақала ұрлаумен күнкөріп (нәпақасын айырып) келе жатқан ұры газеттер сіздің қойған лицензияңызға қарамайды, одан қалса, СС лицензиялары ҚР заңдарымен бекітілмеген. Сотта Газет редакциясы тарапынан СС лицензиялары бұзылды деген айып тағылмайды.
Қазақша Уикипедия үшін «Мәліметтер.орг» СС лицензиясына өту керек екен. Бұл ұстанымды жоғарыда айтып кеткен Марат ағамыз айтты. Оған салсақ, Уикипедиядан басқа энциклопедиялық сайттардың барлығы Уикипедияға жұмыс жасап, соның контентін молайту керек болады. Мынадай болмайтын әңгімені 20 маусым күні Алматыда өткен, қазақшасы шала және қазақша түк қақпайтын Қазақстан Интернет Ассоциациясы белсенділері ұйымдастырған «Интернеттегі қазақ тілін дамыту» атты тіктөртбұрыш үстелде естідім.
Қазақстанның нөмірі бірінші пиратына «Мәліметтер.орг» ешқашан Уикипедия үшін тегін контент дайындап бермейді және оның қолжаулығы болмайды. Неге біз Уикипедия үшін жұмыс жасау керекпіз? Оның өз адамдары мен қолдаушылары бар. Қазақстанда қазақша Уикипедиядан басқа, оған бәсекелес бола алатын Интернет-ресурстар болмау керек пе?" дедім. Ол «Сендер „Мәліметтер.орг“ сайтын тегін Wordpress CMS арқылы жасадыңдар, сондықтан халық та сендердің мақалаларыңды тегін пайдалану керек, қоғамдық игілікке жұмыс жасау керек» дейді. Мұндай сөзді айтатын адам алдымен қандай сайт туралы айтып жатқанын біліп алу керек еді. Ары қарай әңгіме жалғасын таппады. Себебі ортақ тіл табысу мүмкін емес еді.

Есі дұрыс адамдар ағылшынша үйреніп алып, сондағы Уикиді қарап жүр.
Егер сенің ресурсың авторитетті болса, онда қанша жерден ұрланса да, оны жұрт біледі ұрланғанын.
Егер сенің ресурсың авторитетсіз, ал ұрлаған газет авторитетті болса (ол қиын, себебі авторитетті газеттер өзінің репутациясын қызғыштай қорғайды) онда айқай шығарам, масқара қылам деп қорқытуға болады. Бірақ, бәрібір ойланып қарасаң, ол бір лузерлердің жауының есік алдына тышып кеткені сияқты тірлік.
Одан пайдалы да, өзіме лайықты тірлікпен айналысудың орнына, сол бір бейбақтардың жұмыртқасын қуырам деп әлек болғаныма ұялмаймын, плагиатшылар жазаға лайық адамдар.
Бірақ, меніңше, оған кеткен уақыт пен тозған жүйке, қайтатын ақша мен табысты тұрмайтындай көрінді. Олар жазаға лайық, бірақ әрбір кепеге тығылған баспаларды аңдып, оған бас ауырту, оған қоса олармен жағымсыз диалогқа түсудің өзі бойың мен ойыңды былғайтынын білдім.
«Становится мерзко на душе» дейді ғой әлгі.
Әрине, кей жазбаларыңның көзіңді бақырайтып қойып, біреудің ақшасына айналып жатқанын, ал одан маған бір тиын пайда келмейтінін көргенімде, тіпті атым жазылмайтынын білгенде пенде болған соң менің де енегім езілді.
Бірақ, адам өмірі қысқа. Сен өлген соң, бәрібір сенің тірлігің осы әлемде қалады.
Интеллигентті адам әлгі арзан газеттерді туалетте де қолданбайды. Репутациясы мықты, профессионал журналисттері бар баспаларды оқиды.
Ал уикиге қатысты не?
Қазақтар жайлы ағылшынша мақала көп пе уикиде?
ҚазУикипедияның мәні бар. Тек...Қазақстан ішіндегі, қазақстанға қатысты, және қазақ ғалымдары, тарихы, мәдениетіне қатысты дүниелерді әбден толтырып алса, соның өзі жақсы ғой.
Қазақ ССР -үлкен энциклопедиясы (қызыл түсті он екі томдық) әлі бар біздің үйде. Ырым-жырымы шыққан бірақ бар. СОдан үлгі алсақ. Белсебет ойлап тауып қайтеміз.
Ал ағылшын уикиіне парабар болмақ түгілі соның көлеңкесіне ұқсайтын бірдеңе жасаймын деу, меніңще өзіңе көп алушылық.
Жалпы сайт ашқанда, ақпараттық сайт десе болады.
Энциклопедия! деген дауысы қатты әдемі шыққанмен, жүгі ауыр дүние.
Энциклопедияны бір тақырыпқа арнап, соның егжей тегжейін беруге көбірек көңіл бөлу керек.
Қай-қайсымызда интернетке келгенде авторлық құқықты қорғап нәпақа табу үшін келмеген болармыз.
Тек өз ойымызбен, қызығушылығымызбен бөлісу үшін.
Сондықтан, бірнеше адамға пісірген тағамыңды, қонақ кеткен соң, қалдығын тарақандар азық қылды деп шаш жұла ашуланудың мәні бар ма?
Меніңше жоқ.
Ұрыларға келсек Гастаға қосыламын