Менің шындығым немесе Шалқар неге "криминал қала"?
Менің шындығым немесе ШАЛҚАР неге «КРИМИНАЛ ҚАЛА»?
Қоғам болған соң, танысып-білісіп, араласу қалыпты жағдай. Алдымен аты-жөнің, өмірлік статусың, жасыңнан басталған сұраулар әлбетте туып-өскен жеріңе де жетеді. Менің дүниеге келген жерім – Ақтөбе облысына қарасты Шалқар деген шаһар. Осы тіркес аузымнан шыққан бетте еститіндерім – «ее, әнеу тентек қала ма?», «онда қалай тұрып жатырсыңдар?», «күнде атыс болады дейді ғой, рас па?» деп басталады. Меніңше, бұл жалғыз менің басымдағы жай емес, — барша тұрғындардың құлағына үйреншікті дүние болып кеткені бірталайдан. Осындайда не деп жауап береріңді білмей, жалтақтап қалудан асқан ыңғайсыздық сезімі жоқ шығар. Осыны ескеріп, бұл жазбаға жоғарыдағыдай айдар тағып, Шалқар турасында толық әрі сапалы ақпарат жазуға кірісіп кеттім.
«Тамыры жоқ ағаш, тарихы жоқ халық болмайды» деген Қабдоллов Зейнолла ағамның сөзін ту етіп, алдымен бұл өлкенің өткеніне аз-маз тоқталуды жөн санап отырмын (уйкипедия дәстүріне еліктеп). Еліміздің батыс бөлігінде орналасқан Шалқар жұртының арғы тегі сонау Батыс Түрік қағанатының құрамында болған Әлімұлы бірлестігінің тайпаларымен тікелей байланысты. Әйгілі Шекті руынан шыққан Айтұлы Тілеудің есімі тарихта 1684 жылғы Сайрам соғысындағы ерлігімен әйгілі. Кіші жүз ханы Әбілхайырдың қолбасшылық және саяси қызметтері, отаршылдыққа қарсы күрестері Ақтөбе өңірін тұтастай қамтыған. Ал, 15 жасында-ақ Жайық казактарына қарсы күресте көзге түсіп, «Батыр бала» атанған Есет Көтібарұлын күллі жұрт мақтан тұтады. Онан соң 1900 жылы орыс патшасы Орынбор-Ташкент теміржолын салуға жарлық еткенде істің ақ-қарасын айырып, ел болашағына тиер пайданы көре білген Шеңгел болысы Мырзағұл Шыманұлының берген көмегі ерлік емей немене?! Шалқар жерінде ақ гвардияшылармен күресте Әліби Тоғжанұлы Жангелдиннің еңбегі айрықша. Осы қатарлы есімдері ерен батырлар айта берсең ауыз толарлықтай. Артынша, 1921 жылы 21 қазанда 8 мыңның үстінде халқы бар Шалқар ауданы ұйымдастырылған. Бірер жылдан соң ол уезге айналып, Ырғыз, Қарашоқат, Шалқар аудандарын қамтыған. Содан бері жұртшылық небір нәубетті бастан өткерген. Сол кезеңдерден қазірге дейінгі даму жолын толығырақ білгім келеді деушілерге Т. Тілешовтің редакторлық етуімен басылған «Шалқар энциклопедиясын» сілтеймін.
Ал, енді цифрлар сөйлесін: бүгінде Шалқар – 1 қалалық, 12 ауылдық округке біріктірілген 48 елді мекенді құрайтын, орталығы Шалқар қаласы болып саналатын, Ақтөбенің оңтүстік-шығысында орналасқан білдей бір әкімшілік-аумақтық бөлініс. Жер аумағы – 62,2 мың шаршы квадрат. 2014 жылғы санақ бойынша халық саны – 46 031.
Шалқар өзінше бір құрама штат дерсің. Олай деуімнің себебі бар. Қала темір жол торабының қатысымен 2-ге бөлінген. «Арғы бет» және «Бергі бет». Не деген логика, иә) Барлық мемлекеттік мекемелер (кей мектептерді санамағанда), аурухана мен емхана, сауда үйлері мен вокзал Бергі бетте орналасқандықтан, бұл жақ «Город» аталып кеткен. (Мен «Город» тұрғыны ретінде баяндаймын) Сәйкесінше, арғыбеттіктерге аздап қиындау – барлық шаруаларын тындыру үшін біраз қажып, көпірден өтіп келуге тура келеді. Осы мәселені шешуге де болар еді-ау ниет болса, қолдау болса. Арғыбеттен қатынайтын қалаішілік маршрут болса, құба-құп болатыны сөзсіз. (Бергі жақта екі газель жүретіні әзірге тұрғындардың қуанышы, жұбанышы).
Әлгінде құрама штат дедім ғой. Екі «Бет» те бейресми аудандарға бөлінген. Олар тұрғылықты жерге байланысты шекарамен анықталған және атаулары да тиісінше бір мағынаға ие. Мәселен, «Бойна» деген аймақ бар. Кезінде осы маңда бойня (мал союға арналған орын) болғандықтан, осылай аталып кеткен деседі «бойнаның ағалары». Сосын «Көл жақ». Ойланатын түк те емес – Шалқар көлінің аумағындағы тұрғындар осы бірлестікке кіреді. Айтпақшы, барлық «штаттардың» атауларының ішіндегі қазақшасы екендігін айта кету керек. «Көл жақ» пен «Бойнаның» аралығы «Якорь» деп аталады. Одан әрмен Селиванов деген революционердің құрметіне аталған «Селивановка» деген ауданша бар. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен Терін» оқысаңыз — түсінесіз. Ондағы «атамандар» өздеріне «Зверь» деген атауды еншілеген. «Газопровод» болса, өз атына жауап беріп тұр. Ал, Арғы бетке тоқталар болсақ, «Маяковский» бірлестігі кезінде осы аттас көшенің болуымен байланысты көрінеді. Қазір өзгерген. Қысқартып «Маяк» деп те атайды ) Алайда, оны сумен байланыстыру өрескел қателік. «Вор» деген бар… Иә, сізбен келісем – атауы ұнамсыз. «Рабочий городок». «РобГор» деген «крутой» қысқармасы бар. Жұмысшылар қалашығы болған деседі кезінде. Тағы да бар, бірақ мен білетін «ең танымалдары» осылар. Енді сіздер Шалқардың кішігірім саяси архитектурасын білесіздер. Білуімше, бұл бірлестіктердің тұрақты мүшелері болады. Жыл сайын құрамы толығып, жаңарып отырады. Айтпақшы, ескертемін, бұл — тек ер азаматтардың «ойыны». Берген бағам үшін жерлестерімнен кешірім өтінемін, алайда бұл — субъективті пікірім. Бөлініп жүріп бөріге таланып қалмайық. Кезінде өз жерін қорғау үшін ғана жүзге бөлінген едік. (сол саясатты бұрыс түсінгеннің салдарынан қазір трайбализммен ауырып жүрміз). Бірақ ол кез жаугершілік заман-тын. Қажеттілік еді. Ал, қазір, Аллаға шүкір, бейбіт күнде өмір сүріп жатқанымыз айқын. Соғысты қолдан жасап, берекені қашырудың бес тиынға керегі жоқ. Осының салдарынан талай қан төгіліп, небір орынсыз қателіктердің болғаны жасырын емес. «Қас қылмайды қасқыр да жолдасына». Адам адамға жолдас деп білемін. Хулуси Калканның бір сұхбатында «Айналып келгенде адамзаттың өзі бір атаның баласы ғой. Ал, бір атаның баласына қырық пышақ болып, бір-біріне мылтық кезеп, ажал құштырып жату жараспайтын тірлік емес пе?» дегенін оқып едім. Хайуаннан жоғары тұрған «адам» деген атқа лайық болмақ керек.
Шалқарға еріп жүретін тағы бір тіркес бар, «поезд тоқтатқан» деген. Ол оқиға кезінде халыққа тиесілі жәрдемақы төленбей, жағдай нашарлаған тұста болған. Жұртшылық сол заманда теміржолдың арқасында әділдікке қол жеткізген. Себебі, мемлекеттің қайнар көзі халық екендігіне сүйенер болсақ, халыққа қамқор болу мемлекеттің парызы деп білеміз.
Мінекей, жоғарыдағы жағдаяттардан соң Шалқар халқын «тентек» атап кетті.
Қаламыздың «тентек» атануына және бір себеп «найза беріп, жауға қойғаннан» қалған батыстың қызуқандылығы шығар. Осымен тақырыптағы сүраққа жауап бердім деп ойлаймын.
Ал жастарға айтарым біреу ғана – болам десеңіз шала тентек емес, қажет шағында дана тентек болыңыздар…
Мына жазбадан соң, үркіп қалғандар бар шығар) Алайда шұғыл шешім қабылдамаңыз дер едім.
Жалғасы ертең…
Суреттер: Шалқар Береке Күнділданың көзімен

шалқарлық достарым көп