Жамбылда Каплан мен Герман да жүріпті...


Қазақ жастарының Альбина Жанабаевамен мақтанатын жөні бар шығар, ә. Танымал «ВиаГРА» тобының ұзын сирақ, бүйрек бет әншісі Еділградта туғанымен, түп-тегі өзіміздің Атыраудан екенін айтып жүр ғой. Бастысы, Жириновский секілді жиіркенбесе болды да. Тегі болмаса, «МузТВ-ның» жұлдызы Лера Кудрявцеваның Өскеменде туып-өсіп, сондағы музыкалық училищені тауысқанымен бірталай жас мақтанатын көрінеді. «Қой» демейміз, қуана берсін.
Әрі қарай

Сабақ жоқ күн )

Бүгін бізге сабақ жоқ) Әр аптаның сәрсенбісі -демалыс. Осыны пайдаланып, түске дейін ұйықтадым :)))
Бәлен сағат ұйықтағанымды қайтейін, неше түрлі түстер көріп ұйқым жөнді қанбады. Бір құрбымның «Адамның ұйқысының қанбауы-түс көруінен» дегені рас-ау деп қалам осындайда :)))
Сағат екіде факультетте Дидар Амантайдың кітабының тұсаукесері болады дегенді естіп рухани байлық алып қайтайын деп корпусқа қарай тарттым. Барынша жақсы өтті. Дегенмен, кемшіліксіз кеш болған ба, Мейіржанның сынын естігенде(оқығанда) «Баяндама жаса» дегенде, жасамағаным дұрыс шешім болған екен деп ойладым.
Әйтіп-бүйтіп жүргенде қараңғылық та жер-әлемді қымтап үлгерді. Зымырандай зымыраған уақыт десеңші…
Айтпақшы, бір-екі сағат бұрын Теріскей мен Қарасақал ҚазҰУ-дің жанынан өтіп бара жатып соғып кетті. Ол екеуінің жерлес екендерін білмеппін:)))
Әрі қарай

21 келіп шал атандым!


Кеше түні бойы ұйқы бермеген 3 тісті, стоматолог наққа жіберді. Түні бойы көз ілмедім, бала кезім болуы керек 4-5 сынып оқитын кезім. Бір тісім ауырып, дәрігерге әкем ертіп апарған. Ол дәрігер ауызға бірденкені сеуіп, укол салмаған еді. Содан не керек тісімді шыңғыртып жұлған. Бала негізі өмірінде сондай бір жайттарды естен шықпастай жаттап алады екен. Сол кезде ендігәрі дәрігерге бармаспын деп өзіме серт бергенмін. Сомен не керек ол тістің орнына тіс шыққан. 1 айдан кейін қайтадан үйде кәмпит қоймайтын едік қой. Кеше түнімен ұйықтай алмай қойғансаң, Қарасақалдың Отырар университетінде өткішген лекциясына қатысып, Облыстық Стамотологияға бардым. Кассаға барып 3700 теңге төлеп кел, үш тісіңді жұламыз деп қояды. Сомен төле дегенін төлеп келдім. Жарықтық уколды салды, аузымды сезер емеспін. Қатарынан 3 тісті лезде жұлып тастады. Түк те сезген жоқпын, баяғы дәрігердегідей ойбайлайтын болдым ғой деп отқанмын. Болды боссың деді. Ертеннен бастап тұзды сумен аузынды шаясын деген кеңес берді. Үйге келген соң бас айналып, организмнің әлсірегенін сезіндім. Қой жата берегн болмайды деп, телмірейіп компьютердің алдына келіп отырып алыдым. Баяғыдай тіс ауырмаса да, еттері ауырып қалған болуы керек. Жай сыздап ауырып қояды. Басым ауырып тұрған еді, оның себебі шай екен. 3-4 пиала шайдан кейін бойыма қан жүгірді. хе-хе-хе Ең бастысы енді қиналмайтын шығармын, 1-2 күн шыдауға болады!
Әрі қарай

Виза үшін, жұмыстан сұрану үшін т.с.с. кімге Шақырту керек?

Ағайыыыын!

Құрылтайға ешкімді шақырмайтынымызды білемін ғой. Десе де қазіргі қағазбастылық заманда кейбір кісілерге виза үшін, жұмыстан сұрану үшін т.с.с. жағдаяттарға орай Ресми шақырту керек болса, алдын ала хабар берулеріңізді өтінемін.

пысы. Егер дайын мәтіндеріңіз болса, оны да қоса тіркеп, поштама жібере салыңыздар. Рахмет!
Әрі қарай

кәрі каспий!

Алдымызда Қылышын сүйретіп қыс келе жатқан Күз «маусымынын» соңы айында, Атырауға сонау Алатау бөктерінен Апамыз бен Апамыздың баласы яғни «Жиен»
,«той» мен "өлімге" келетін "қазақтар", келді! Содан Атырауда Алматылықтарға не қызық болсын! теңізге шығуды жөн көрдік! «Путинаның» басталған кезі еді! «Хотя бы тамаққа» дейін барсақ деген оймен теңізге қарата жол тарттық! Арине «Рыбохрнаның катерімен»… сонда шыққан кезімізде бір «осторовоктың» тұсына келіп тұрдық 100 кейін теңіз басталады!.. шіркін ай сонда тапқан приколды аитсищ!

жарты столба! Пішеннің биіктігі адам бойынан асады байқасаңыздар…

және бір қызық, айдалада мұндай зат деуде қиын өзі! айтеуір алдымыздан шықты)))
Әрі қарай

Аршавин 5 минутта шашып тастады


Фото: AFP/Lluis Gene

Кешегі ойындар өте қызық өтті. Арсеналдың 1-ші таймдағы ойынына, Барселонаның бірнеше гол мүмкіндігіне қарап, ірі есеппен жеңеді деп болжап отырғанмын. 2-ші таймда мүлдем басқа Барселона көрдік, Арсенал 0-1 ұтылып жатып, жоғалтатын ештеңесі болмағасын басты шабуылға. Ойынға кейіннен қосылған Аршавин 5 минут ішінде алғашқы голдың шабуылын бастады, артынан өзі де гол соғып, нәтижені белгіледі.

Ал Римде Донецкінің Шахтеры тур мәселесін 1-ші таймда-ақ шешіп тастады деуге болады. Ойын қортындысы 3-2, украиналықтардың пайдасында. Реванш матчында 2 голмен жеңіліп қалмаса болды енді.
Әрі қарай

Құлақтағы жамбас (үйрек қалпында)

«Ішетін дым жоқ» ©Ақзере

«Қалай ғана білмегем? Қалай ғана білмегем… Жауабы — мұрнымның алдына тұрғанда, қалай ғана иісі де келмеген? Әбіл-ай!!!». Жұмамұрат Саймон ауыр күрсінді. Абақтының керуетін сықыр еткізіп, нешінші рет аунап түсті…

Бәрі, бәрі жақсы басталып еді ғой нақ! Кент канцеляриясынан «Антуан Шәріп хан кентіміздегі ең мықты шаруа қожалығын көргісі келеді» деді. Әп сәтте күйлі шаруа қожалықтарының тізімі жасалды. Таңдау – тезек басып сатудан
Әрі қарай

Nefret feat Ceza. ISTANBUL



Стамбул! Шынымен әлемдік қала. Сүйікті қалаларымның бірі. Стамбул туралы ән көп. Бірақ мына Стамбулға арналған рэп ерекше әсер берді. Жұмыстан шаршаған кезде басты жақсы демалтады. Жоғары темпте рэп ұнататындарға. Клипі әлсіз, музыкасы, сөзі жақсы.
Әрі қарай

Мәуліт - Мұхаммед Пайғамбарымыздың туған күні (14-15 ақпан 2011)


Мәуліт тарихы

Имам Ахмад риуаятындағы хадис – шарифте:

“Көпшілік мұсылмандар жақсы деп санаған iс, Алла тағала алдында да жақсы”,– делiнген. Демек, мұсылмандар бiр iстi жақсы деп санаса, ол iс Алланың құзырында да жақсы іс боп табылмақ.
Рабиүл әууәл айы «Мәуліт айы» деп те аталатыны баршаңызға белгілі. Бұл айға есендікте жеткізген Жаратқан Аллаға шүкірлеріміз болсын. Баршаңызға мәуліт айы құтты болсын. Шаңырақтарыңызға жақсылық жақын болсын, бірлік пен берекелеріңіз болсын.
Бүгінгі күні Мәулітті мәселеге айналдырғысы келетіндер табылады. Сондықтан, мұсылмандардың ішінде кейбірі мәулітке қарсы, дегенмен көпшілік әсіресе, үлкендеріміз: «Ата-бабаларымыз мәуліт оқытқан, оқысақ не бопты?»– дейді. Сауап болса, сауап күнә емес қой деп қарайды. Бұл толық жауап болмағанмен, өте орынды айтылған деп санаймын. Осыған қоса, аздап мәуліттің пайда болған кезеңіне ғылыми тұрғыда ізденіс жасап көрелік.
Әрі қарай