Аршавин 5 минутта шашып тастады


Фото: AFP/Lluis Gene

Кешегі ойындар өте қызық өтті. Арсеналдың 1-ші таймдағы ойынына, Барселонаның бірнеше гол мүмкіндігіне қарап, ірі есеппен жеңеді деп болжап отырғанмын. 2-ші таймда мүлдем басқа Барселона көрдік, Арсенал 0-1 ұтылып жатып, жоғалтатын ештеңесі болмағасын басты шабуылға. Ойынға кейіннен қосылған Аршавин 5 минут ішінде алғашқы голдың шабуылын бастады, артынан өзі де гол соғып, нәтижені белгіледі.

Ал Римде Донецкінің Шахтеры тур мәселесін 1-ші таймда-ақ шешіп тастады деуге болады. Ойын қортындысы 3-2, украиналықтардың пайдасында. Реванш матчында 2 голмен жеңіліп қалмаса болды енді.
Арсенал — Барселона


Рома — Шахтер
Бөлісу:

13 пікір

omarbirat
Оршавен мықты! Алдыңғы жылы «Стаутта» отырғанда телебизірден матч боп жатыр екен. Сонда осы Аршавин қайта-қайта гол соғып, ішіп отырған пибіміздің берекесін кетіріп еді :))
Nurgisa
Қатты сынға ұшырап жүр еді осы бала. Енді үнемі жоғары формада бола беру де беймүмкін жайт. Бәрі шетінен Месси емес.
Дегенмен канонирлер шаттық фестивалін кейінге қалдыра тұрар. 2-1 деген өте тайғанақ есеп екенін екі тарап та жіті ұғып отыр. Каталондықтарға 1-0 жетіп жатыр. Месси мен Вильялардың бір саусақтары ішке бүгулі…
Бір қызығы, кеше жұмыста шотландтық бір әріптес дәл осы есепті болжап айтып еді. Дәл келді.
Nurgisa
Ана суретте Бендтнер Андрюшаны періп қалайын деп тұр ма екен? Мәйкісін көрсетем деп пұдіболкісін басына шығарып алуы нағыз ұрымтал сәт жымысқы пиғылына…

Осы Аршавиннің бойы 1.50 сияқты қарап отырсаң.
blackbeard
Жарайсың Арсенал!
yerbol89
Ия сәл іш ашығаны бар, Барселонанын ұтылып қалғанынна. Бірақ байқанңдар Ноу Кампта Баселона не істейтінін мен айтпай-ақ білесіздер. Сондықтан қазірден бастап Арсенал мықты деп тон пішпей-ақ қойыңыздар хе-хе-хе ))))
gunner
Ноу Кампта Пике ойнамайды, Карлес Пуйоль де ойнамауы мүмкін. Ал Арсенал құрамында Бакари Санья шығады кешегі Эбуенің орнына. Егер Арсенал бірінші голды салса Барселона пихологически сынып қалуы мүмкін
aktobe88
Туріктің CNN-і тек Пике ғана шықпайды дейді ғой. Сосын, Пуйольдің шықпағаны нәтижеге анау айтқандай әсер ете қоймайды деп ойлаймын.
gunner
Пике шықпаса Дани Алвеш қорғанысқа көмектесуге мәжбүр болады. Пуйоль шықпап еді Уолкотт Максвелді бірінші таймда жеп тастады, екінші таймда Насри Максвел жаққа кетіп еді барлық шабуыл Максвел жақтан келді. Енді келесі матчта Алвеш жақпен шабуыл болады, өйткені Пике жоқ
akpatscha
Арсенал маладес. Атойлап ойнауын ешқашан қойған емес. Барселона шабуылдайды, бірақ шабуылы постепенно, қысқа фастармен, көбінесе алаңның орта тұсынан, қарсыласына доп бермей қажытумен басталады. әйтеуір, маған солай көрінеді. Ал Арсенал жарады осы жолы. Былтыр Жозенің жігіттері де (Интер) Барсаны дәл осылай құртып еді. Камп-Ноудағы ойын бұдан да қызық болады деп үміттенемін…
Арша жолы болғыш жігіт екен. «удача улыбаетяся смелым» деуші ме еді?!
huanysh
Barca өзінде үш-төрт гол салып тастайды, Арсенал ешқашан өтпеген Барсаны!
huanysh
Арсеналда Ван-Персидің ойыны ұнайды
huanysh
Кейбір соққан голдары Ван-Бастенге келеді