Сабақ жоқ күн )

Бүгін бізге сабақ жоқ) Әр аптаның сәрсенбісі -демалыс. Осыны пайдаланып, түске дейін ұйықтадым :)))
Бәлен сағат ұйықтағанымды қайтейін, неше түрлі түстер көріп ұйқым жөнді қанбады. Бір құрбымның «Адамның ұйқысының қанбауы-түс көруінен» дегені рас-ау деп қалам осындайда :)))
Сағат екіде факультетте Дидар Амантайдың кітабының тұсаукесері болады дегенді естіп рухани байлық алып қайтайын деп корпусқа қарай тарттым. Барынша жақсы өтті. Дегенмен, кемшіліксіз кеш болған ба, Мейіржанның сынын естігенде(оқығанда) «Баяндама жаса» дегенде, жасамағаным дұрыс шешім болған екен деп ойладым.
Әйтіп-бүйтіп жүргенде қараңғылық та жер-әлемді қымтап үлгерді. Зымырандай зымыраған уақыт десеңші…
Айтпақшы, бір-екі сағат бұрын Теріскей мен Қарасақал ҚазҰУ-дің жанынан өтіп бара жатып соғып кетті. Ол екеуінің жерлес екендерін білмеппін:)))
Бөлісу:

13 пікір

satibaldi
Қорс-қорс жыладым.
satibaldi
Аса қадірменді тұлғаңызға июге келетін икемі бар жерлерімнің барлығын ие отырып, факультет-азаттық көтерілістің қорытындысымен тарихи бағасын беріп жіберуіңізді сұраймын.
ushkin
«Артық қылам деп тыртық қылды» общым…
satibaldi
Жоға, "Қанды жексенбі", "Қаралы қыркүйек" деген атпен тарихта қалатындай атыс, кісі өлтіру болған жоқ па дейм?
ushkin
))) Ондай болмады
satibaldi
Соны да көтеріліс деп!!!(((
«Соттың сәні — жаза, көтерілістің сәні — қаза» демекші, ірілі-ұсақты бас көтеру, дүмпулердің сәні — аздап кісі өлімімен, көз көгеріп, мұрын сынумен кірмек емес пе? Жастардың танкі астына секіріп, кеудесімен ірікалибрлі мылтықты жауып, жазым болған жағдайда ұлт ардақтысы болып тұрудың еш сөлекеттігі болмаған. «Прага көктемі», «Боярлар Думасының земстволық соборға патшаға претензиялармен баруы» сияқты ұлы оқиғаларға қашан куә боламыз осы нақ, іш пысып кетті???
aktobe88
Теріскей белгілі де, ана Қарасақал кім?
Бақытты екенсің, Теріскейді бетпе-бет көріп жүрген. Біз мынау, Кенанды көргенімізге шүкірлік айтып жүрген.
Көретініңді білгенде оған құшақ сәлем айтатын едім. Иййййй, ашкиымен қоса сағынып кеттік өзін. Ендігі көргеніңде маңдайынан мен үшін сүйіп қоясың ғо.
blackbeard
мен ана емеспін:) болашақ әке деп айтыңыз:)
aktobe88
Жарайды, анасың ба, әкесің бе, ол жағы бәріне белгілі ғой. Тек Теріскейді танығаныңа қарағанда, КазГУ-ға соққаныңа қарағанда сен де өзіміздің бала сияқтысың.
blackbeard
Екеуміз бір мектепте оқыдық! Мен 8 сынып оқып жүргенде, Мейірбек тестке дайындалып жүретін еді(11a сыныбында).
aktobe88
Аааа. Түсіндім. КазГУ-ға ше? қатысың жоқ па?
blackbeard
КазГУге күнде барып тұрам! Сонда оқитын достарым бар! А так қатысым аз!