Трансвестит сөздер

Блог - patick: Трансвестит сөздер

Жынысын өзгертетін сөздер де болады екен. Қазақстанда, мысалы «сотка», «домашка» деген сөздер бар. Жіктейміз:

Сотка — сотовый телефон

Сотовый телефон — алғашқыда, «Он» деген еркек болған. Қазір, ол «Она» болып әйелге айналды.

Мысалы:

Чья сотка? — моя сотка (жен. род);

Чей сотовый телефон? — мой сотовый телефон (муж. род).


Сол секілді қайғылы оқиға «Домашний телефон» сөзінің да басынан өтті. Қазір, бұтына юбка киіп алып, еркектерге қырындап жүр «Домашкамыз»…
Бөлісу:

13 пікір

sammita
орыстың «кофе» деген сөзі муж.род па, әлде сред.род па деген дауы болып еді былтыр.
patick
бұл басқа тақырыптағы әңгіме ғой
alisha
бірдеңе жазсам, жігіттер ренжіп қалар…
patick
айтқан екенсің, тарқата отыр, әңгіме болсын :)
alisha
қазір кейбір жігіттер де «сотка» мен «домашканың» кебін киіп жүр ғой… бұл жердегі жігіттерге қатысы жоқ;))
patick
ееее. ондай-ондай қыздар арасында да болып тұрады. бұл жердегі қыздарға қатысы жоқ :)
alisha
енді өзіңнің «трансвестит сөздеріңнен» осының айғағындай бір-екі мысал келтіре кетсеңші…
patick
мысалы «зубный паста», «зубный щетка». айта берсе көп қой :)
alisha
«род» деген нәрсенің мұрнына исі бармайтындардың айтатыны ғой бұл, қанағаттанбадым жауабыңа, балапан!;)
omarbirat
«Кофе» сөзі мужской родқа жататынын университетте білдім.
patick
Былтыр қабылданған орыс тілінің жаңа ережесі бойынша, кофе — муж. род та, сред. род та бола береді екен.
omarbirat
Сондай мәселе көтерілгенін естігенім бар. О баста-ақ средний род қыла салулары керек еді, бастарын қатырмай :)
sammita
оған бөлек тақырып ашам ба енді, тұра берсінші)) Есіме түсіп кетті.