Қауымдастықтар



Сайтымызға аздаған өзгеріс енгіздім. Бұрын «Ортақ блогтар» деп аталған блогтарды "Қауымдастықтар" деп өзгерттім. Осылай дұрыс болған сияқты. Әр түрлі тақырыпта қауымдастықтар құра аласыздар, оған басқалар қосылып, сол қауымдастық блогына сол тақырыпта жазбалар жаза алады. Қауымдастықтар тізімін мына жерден көре аласыздар: www.dabai.kz/blogs/
Ал оған қосылып, мүше болу немесе қауымдастықтан шығу үшін мына суретке бассаңыз жеткілікті:

Қауымдастықты кез келген қолданушы аша алмайды, қауымдастық бастау үшін рейтингіңіз кем дегенде 1 болуы керек. Сондай-ақ қауымдастығыңызға мүше болушыларға да шектеу қоя аласыз, рейтинг өлшемін белгілеп, тек жоғары рейтингті қолданушыларды мүше қылуға болады.
Бөлісу:

13 пікір

urimtal
рахмет, админ ағай! Жақсы жаңалық екен!
asaubota
(1.52 Kb, 48x92)

мақала бетіне кірген кезде оң жақта тұратын мына суреттегі сандарға басып көрдіңдер ме? қандай сан тұрады, соншама жаңа пікір бар деген сөз. солс анның үстіне бассаңыз соңғы жазылған пікірге апарады, тағы бассаңыз одан кейінгіге. өте ыңғайлы фишка, жаңа пікірлерді іздеп отырғанша осымен бара қоясың. көкке басып бетті жаңартуға болады, жаңа пікірлер қосылған болса саны көрсетіледі.
alisha
ия, игілігімізге пайдаланып жүрміз! Сосын «тікелей эфир» өте оңтайлы нәрсе!
sammita
ол қай жерінде?
asaubota
саламатсыз ба? :)
asaubota
иә, мен өзім сол тікелей эфирден қарап отырамын жаңа жазбалар мен пікірлерді.
alisha
мен де сол, сосын әп-сәтте сонда бара қоямын;)
nurjanbay
өзіме жеке былог ашайын деп ем. «былог ашу» деген кінопканың қай жерде тұрғанын көрсетіп жібересің бе?
asaubota
тіркелген адамда онсыз да блог ашылады. Жаз дабай деген түймеге бас та жаза бер, мына жерден: www.dabai.kz/topic/add/
sammita
жаз Дабайды басып, тақырып ашасың.
nurjanbay
кездесу.ком-ның сайтқа байланысты ұсыныстар деген жерінде ме есімде жоқ бір жеріне жаңа қосылған пікірлер қою түсті болса, ал ескірген пікірлер солғын тартып тұрса екен, сол кезде пікірлердің қайсысы бұрын қайсысы кейін жазылғанын қарау ыңғайлы болар еді деген сияқты ұсыныс жазғаным бар еді.

осы дабай.кз-тегі жаңа пікірлер жасыл болып тұрғанға айтқаным ғо :)
asaubota
Жұма күнгі боянндарға жазғысы келгендер алдымен сол қауымдастыққа қосылулары керек. қалай қосылу керегін осы мақаладан оқығандары дұрыс.