Футбол аптасы
Алдағы 7 күндік Қазақстан үшін футбол оқиғаларына толы болайын деп тұр.

Әрі қарай

Қай тілде сөйлесіп жатыр екен? :)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жоқ қой қазір, журиктер!
Газет шығарушылардың көбісін топас десең, журналистерге тиеді. Ұрлық жасайтындарын шетке ысырып қойып, газеттерінің төлқұжатын дұрыс толтыра алмайтындарға тисейік енді.
Шымкентте не көп, арзанқол газет көп. Барлығы дерлік қазақ тілінде жарық көреді. Қазақтілді газеттердің сорлы халін көріп, "қазақ тілі газет шығару саласында да дамымай жатыр екен" деуден басқа ауызға сөз түспейді. Жазатындары 5-6 сөйлемнен аспайтын шимай, көбінесе. Онысымен қоймай, «тұщымды мақалаларды Интернеттен алып жариялап отырамыз» деп қояды арасында. Оны қойшы…
Әр газеттің тиісті министрлікте тіркелгендігін растайтын тіркеу куілігі болады. Газеттің төлқұжатында тіркеу куәлігін берген министрліктің немесе сол министрлікке қарасты басқарманың (немесе комитеттің) аты жазылады. Бұл — адамның төлқұжатында берген мекеменің аты жазылғандай жағдаймен пара-пара.
Мынаған қараңыздар.

Парақорлық этюдтері. Акт #2: МАИ қызметкері Самат
Саматтың өмір жолы Аспанда емес, жерде жоспарланып қойылған: мектепті бітіргесін әскерге барады да, өзінің апасы жұмыс істейтін гарнизонға түседі; әскерден келгесін — МАИ-ге барады: ағасы — МАИ бастығы.
Әрі қарай
Бүгін Шәмшінің туған күні.
Бүгін, яғни тамыздың 15-і белгілі сазгер, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Шәмші тірі болса 81 жасқа келер еді. Шәмші өмірінде «Сыған серинадасы», "Өмір өзен", «Тамды аруы», «Арыс жағасында», «Кешікпей келем деп ең» сияқты 300 ден астам ән жазды. Бүгін де, Шәмшінің әндері елге танымал, жұрттың жүрегінен орын алған. Жыл сайын түрлі Шәмші әндерінің кештері, фестивальдар өткізіліп тұрады. Қазіргі эстрада әншілерінің көбінің репертуарында Шәмшінің бір әні болса да бар. Көзін көргендер Шәмші Қалдаяқовты өте қарапайым, әрі қалжыңбас адам болып еді деп еске алады. Ол тірісінде көп марапаттар мен атақтарға іліге бермеді дейді. Бірақ, оны халық шын ниетімен жақсы көрген екен.
Шәмші Қалдаяқов 1991 жылы дүниеден озды. Бірақ, оның әндері миллиондаған жүректерде өмір сүріп келеді.
Уай, Аттан
Бір аптадан асты Сағынның «ұрылармен соғысына» куә болып жатырмыз. Бүгін Сағын сотқа арыз беріпті. Бірақ, Қарасақалдың әпшелері не шешім шығарып береді, ол тағы белгісіз. Өзім біртүрлі күмәнмен қараймын. Оның үстіне интернеттегі ұрлық туралы олар бұрын іс қарамаған да шығар. Күлкісі кеп, сағыз шайнап отырып қарайтын шығар.))) Жалпы Сағыннан бөлек интернеттегі елдің еңбегін ұрлау қашанғы жалғаса бермек? Сосын қашанғы жалғыз-жарым күресе бермекпіз? Жалғыздың үні шықпайды. Айтпағым, бірігіп, осы істі соңына дейін жеткізсек. Ол үшін не істеу керек?
Әрі қарай
Авторлық құқығыңызды қорғау үшін

Авторлық құқығыңызды қорғау үшін сайтыңызда немесе блогыңызда ескерту (баннер, мәтін немесе т.с.с. мүмкіндіктер түрінде) болуы шарт. Оған дәлел: "ҚР Авторлық және сабақтас құқықтар туралы" Заңының 19-бабы. Онды былай дейді:
19-бап. Туындыны автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей пайдалану
Автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей, бiрақ туындысы пайдалынатын автордың есiмiн және қай деректен алынғаны мiндеттi түрде көрсетiле отырып, шығарманы пайдалануға мынадай жағдайларда жол берiледi:
Сүйінші! Mail.Ru өлді!

Атырауда түнгі сағат 01-30.
Майлру деп аталатын шовинистік сайтта көп шаруам болмаса да, арасында жұрнағы қалған поштама бас сұғып қоюушы едім. Сөйтсем… Өзім 2002 жылы-ақ тіркелген, кезінде майлрумен ұйықтап, майлрумен оянған "құдіретті" пошта қызметім өліп қалыпты!

ПыСы: Айтып аузымды жапқанша Майл.Ру қайта тірілді. «Хех...» деп қойып, поштама кірсем, мынадай деп тұр:

timurdan.info/?p=699
Стингер келді, жама'ат, Стингер келді"
«Тәлібтер өңшең, ептібайымайдтар!» ©Гүлбеддин Хекматияр.

«9-ая рота» фильміндегі елген қайтып бара жатқан транспорттық ұшақты атып түсіретін 3D-жынД эффект пен аянышты сюжет естеріңде шығар. Тіпті бала-Бондарчук осы жерін айтып қоймай мақтанып еді. Ендеше, сондағы тау арасынан атқан оқ — осы «Стингерден».
Очм, астымызағы ғасырдың сексенінші жылы совет әскерлері ауғанстанға басып кірді. Пәкістан жағынан