ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жоқ қой қазір, журиктер!
Газет шығарушылардың көбісін топас десең, журналистерге тиеді. Ұрлық жасайтындарын шетке ысырып қойып, газеттерінің төлқұжатын дұрыс толтыра алмайтындарға тисейік енді.
Шымкентте не көп, арзанқол газет көп. Барлығы дерлік қазақ тілінде жарық көреді. Қазақтілді газеттердің сорлы халін көріп, "қазақ тілі газет шығару саласында да дамымай жатыр екен" деуден басқа ауызға сөз түспейді. Жазатындары 5-6 сөйлемнен аспайтын шимай, көбінесе. Онысымен қоймай, «тұщымды мақалаларды Интернеттен алып жариялап отырамыз» деп қояды арасында. Оны қойшы…
Әр газеттің тиісті министрлікте тіркелгендігін растайтын тіркеу куілігі болады. Газеттің төлқұжатында тіркеу куәлігін берген министрліктің немесе сол министрлікке қарасты басқарманың (немесе комитеттің) аты жазылады. Бұл — адамның төлқұжатында берген мекеменің аты жазылғандай жағдаймен пара-пара.
Мынаған қараңыздар.
Бұл — Шымкент қаласында шығып, Қазақстан аумағында таралатын, «Ernur-Press» ЖШС-не тиесілі «Екеудің құпиясы» газетінің төлқұжатынан үзінді.
Мүмкін, қандай сорақылық бар? дерсіздер. Онда былай…
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 2010 жылдың наурыз айында таратылып, орнына Мәдениет министрлігі мен Байланыс және ақпарат министрлігі құрылды. Сонда, мына бейбақтар газеттерін қайдағы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркеуден өткізіп жүр?!
Мұндай газеттерге ешқандай бақылаудың болмайтындығын осы төлқұжатының олақ болуынан көруге болады. Алматыда шығатын газеттерге қойылатын талаптар мен бақылау өте күшті. Газеттің төлқұжатында жазылған қате деректер үшін айыппұл да салынады. Ал Шымкентте ше?..
Оны қойшы...
Кейбір газеттер өздерінің Интернетте мақала ұрлайтындықтарын ашықтан ашық жазып қояды. Мысалы, мына суреттегідей:
Бұны да қойшы...
Газетін толықтай ұрлықы материалдармен толтырып отырып, мақаланың авторларына уағыз айтып, адамгершілік, мораль тұрғысынан өнегелі әңгіме айтатын ақпараттық қарақшылар өз газеттерінде жарияланатын ұрлықы мақалаларды өздерінің меншігі етіп алады екен. Оған дәлел ретінде @Gastarbaiter-дің мақалаларын «аяусыз» ұрлап, кейін @asaubota-ның да мақаласына курсор салған журналистсымақтар «Сырлаcайық оңаша» газетінің төлқұжатында мынадай ескертпе жазып қойыпты:

дым сөз жоқ, тек осы суретті қойып кеткен. кейін көрсетермін деп сақтап қойдым да постты өшіріп тастағам
осындай газеттердегі «дизайнерлердің» бірі ау деймін.
Егер газет БАМ құрылған кезде тіркелсе, неге БАМ-ды жазбайды? БАМ құрылғаннан кейін газеттерді тіркеу қызметі осы министрліктің (БАМ) қарамағына өткен еді. Егер БАМ наурызда құрылса, бұл газет сол жылы тамызда ол уақытта тарап кеткен министрлікте тіркелген болып шығады. Олай болуы қалайша мүмкін.
Бұл газет бұрынғы министрліктің атын жазады. Себебі бұрын тіркелген. Ал жаңа министрлік тіркелгенде тіркелгендер жаңа министрлікті жазады. Өйткені жаңа министрлік қана тіркейді газеттерді.
2010 жылы