Авторлық құқығыңызды қорғау үшін


Авторлық құқығыңызды қорғау үшін сайтыңызда немесе блогыңызда ескерту (баннер, мәтін немесе т.с.с. мүмкіндіктер түрінде) болуы шарт. Оған дәлел: "ҚР Авторлық және сабақтас құқықтар туралы" Заңының 19-бабы. Онды былай дейді:
19-бап. Туындыны автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей пайдалану
Автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей, бiрақ туындысы пайдалынатын автордың есiмiн және қай деректен алынғаны мiндеттi түрде көрсетiле отырып, шығарманы пайдалануға мынадай жағдайларда жол берiледi:
1) заңды түрде жарияланған туындылардан түпнұсқа күйiнде және аударма түрiнде ғылыми, зерттеу, пiкiрталас, сыни және ақпараттық мақсатта, баспасөзге шолу ретiнде газеттер мен журналдар мақалаларынан алынған үзiндiлерiн қоса алғанда, дәйексөз алу мақсатына сай көлемiнде дәйексөз алу;
2) заңды түрде жарияланған туындыларды және олардан алынған үзiндiлерiн оқыту сипатындағы басылымдарда, радио және телехабарларда, дыбыс-бейнежазуларда алға қойған мақсатқа сай көлемде пайдалану;
3) ағымдағы экономикалық, саяси, әлеуметтiк және дiни мәселелер бойынша газеттерде немесе журналдарда заңды түрде жарияланған мақалаларды немесе эфирге берiлген осындай сипаттағы туындыларды жалпы жұртшылық назарына жеткiзу үшiн, автор тарапынан мұндай көшiрмелеуге, эфирге беруге немесе хабарлауға арнауы тыйым салынбаған жағдайларда, газеттерге көшiрiп басу, эфирге тарату немесе кабель бойынша хабарлау;
4) көпшiлiк алдында сөйленген саяси сөздердi, үндеулердi, баяндамаларды және басқа осы сияқты туындыларды ақпараттық мақсатқа сай көлемде жалпы жұртшылық назарына жеткiзу үшiн газеттерге көшiрiп басу, эфирге тарату немесе кабель бойынша хабарлау. Бұл орайда автордың мұндай туындыларды жинақтарда жариялау құқығы сақталады;
5) ағымдағы оқиғалар барысында көрiнген немесе естiлген ағымдағы оқиғаларды суретке түсiру немесе кинематография құралдары, эфирге тарату немесе жалпы жұртшылық назарына жеткiзу үшiн кабель бойынша хабарлау арқылы ақпараттық мақсатқа сай көлемде шолуларда көшiрмелеу немесе көпшiлiк назарына арналған хабар. Бұл орайда автордың мұндай туындыларды жинақтарда жариялау құқығы сақталады;
6) заңды түрде жарияланған туындыларды бедерлi-нүкте жазумен немесе зағип адамдарға арналған басқа да арнайы тәсiлдермен, осылайша көшiрмелеу үшiн арнайы жасалған туындыларды қоспағанда, пайда таппай көшiрмелеу.
Ескерту. 19-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586, 2009.07.10. N 179-IVЗаңдарымен.

Жоғарыда ерекшеленген қатардағы «автор тарапынан мұндай көшiрмелеуге, эфирге беруге немесе хабарлауға арнауы тыйым салынбаған жағдайларда» дегеніміз сіздің Интернет-ресурсыңыздағы арнайы ережелер мен ескертулердің болмаған жағдайында мақалаңызды дерек көзін көрсету арқылы көшіруге болады дегенге саяды. Егер ескертіп, алдын алмасаңыз, қарақшы газет-журналдарды соттасып, қырылысып жүріп жеңуіңіз екі талай. Себебі заңның өзі оларға (баспа өнімдерін шығарушыларға) көп еркіндік берген.

Ескерту баннері ретінде өзіңіз мынадай дүниені жасап алсаңыз болады:
Бөлісу:

14 пікір

meirzhan
Жаңа медианы үйрететін семинар-тренингтерде айту керек бұндайды.
Zako
Менде де осындай идея пайда болып еді.
KILYZAMAN
КЕРЕКИНФО
xawgim
osi КЕРЕКИНФО degendi tusinbeymin, hazahxa kerek degen maginada ma?
KILYZAMAN
Керек мәлімет(ақпарат, мағлұмат, өсек емес, тағы не десем екен )
xawgim
ahparat degennen keyin tusinikti boldi, osek emes ol
manshukn
керекИНФО — керекАҚПАРАТ НЕМЕСЕ МӘЛІМЕТ
meirzhan
Керекинфо — kerek ahparat (malimet). Инфо information (agilshin soze) degen sozden xihhan
Nurgisa
dures aitaseng xawgim, hazahtargha jane Qazahestanga qereq inparmatziya ghoi. Jalpe, bul atawde Arxat pen Bekjan atte baverlaremez sonaw eki mynynchi jeldare oilab taphanen aiteb otsem dewmin. Bul jerde adam balasena hajette barleq ahparat qamtelghan!
xawgim
ya sol ertede kiretinmin, birah maginasina dudamal edim, rahimet nurhysa bilip aldim
Adiletshu
Уаахахахаххаха. Өліп қалдым
Zako
Сайт материалдарын сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз БАҚ-да жариялауға болмайды деген ескертуге телеарналар мән бермей ме дерсің… бүгін осындай ескерту жазылған Зеренің блогындағы мына мақаланың мәтіні (http://akzere.dosym.kz/?p=507) "Қазақстан" телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасында сюжет болып жасалған (сюжеттеріне пайдаланған). Сөзбе-сөз қайталанған, бірақ сол жерде оның кімнен, қайдан алынғандығы айтылмаған.
Бірнеше ай алдын «Енді ұрлықы материалдарды ірі БАҚ-тан тауып алу керек» дегендерге қажет дүние болды.