Ұят болды немесе Уордпресс жабылғаны үшін қалайша 3 рет ыңғайсыз жағдайға түсіп қалдым.
Таяуда:Екі-үш аптадан бері уордпресс блогтұғырнамасында ашылған 4 блогымның ешқайсысы да істемей жүр. Олардың үшеуі математика пәніне байланысты болса, төртіншісі – А. Байтұрсынұлы атындағы мұражай-үйге арналған блог болатын. Бұл блогты жазда, осы мұражайдың директорының өтінішімен бастадық. Мақсатымыз: халықты «ұлт ұстазының» шығармашылығымен, өмірімен таныстыру. Мұражайдың директоры Райхан Имаханбетова – ахметтанушы, ғалым, жиырма жылдың ішінде жинаған материалмен іздемпаз студент, оқушылармен бөліскісі келді.

Бұл наклейкаларды жабыстырудың өзіндің ләззаты мен машақаты бар еді. Жылы суға салып ерітіп, одан кейін әлгі наклейкаңның езіліп кетпеуін қадағалап асқан дәлдікпен жабыстырудың өзі өнер болатын. Кейін келе ғой наклейка жарықтықтар сағыздың ішінен шыға бастап, не боса соған жапсырылғандары.






