Ұят болды немесе Уордпресс жабылғаны үшін қалайша 3 рет ыңғайсыз жағдайға түсіп қалдым.
Таяуда:
Екі-үш аптадан бері уордпресс блогтұғырнамасында ашылған 4 блогымның ешқайсысы да істемей жүр. Олардың үшеуі математика пәніне байланысты болса, төртіншісі – А. Байтұрсынұлы атындағы мұражай-үйге арналған блог болатын. Бұл блогты жазда, осы мұражайдың директорының өтінішімен бастадық. Мақсатымыз: халықты «ұлт ұстазының» шығармашылығымен, өмірімен таныстыру. Мұражайдың директоры Райхан Имаханбетова – ахметтанушы, ғалым, жиырма жылдың ішінде жинаған материалмен іздемпаз студент, оқушылармен бөліскісі келді. Бұл орайда блог ашу А. Байтұрсынұлына қатысты ақпаратты топтастырып, қалың көпшілікке қолжетімді қылудың жақсы амал болатын. Бастапқыда бірнеше материал жариялағаннан кейін біршама аудитория да қалыптаса бастаған еді. Кейін, блог ашылмай жүргеннен кейін, ол жұмыс тоқтап қалды. Жақында «Түркі әлемінің данышпандары: М. А. Ерсой мен А. Байтұрсынұлы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткен. Конференция барысында шетелдің ахметтанушыларымен танысып, біз мақтан тұтатын «ұлт көсеміміз» туралы олардың зерттеу жасап жатқаны бізді қуантты. Танысқаннан кейін, блогымыздың мекенжайы жазылған визиткамызды бердік. «Ол блогта А. Байтұрсынұлының өмірі жайлы көбірек мағлұмат жариялаймыз» деп уәде бердік. Амал қанша, конференция аяқталғалы бір апта өтсе де, әлі де ол блогыма кіре алмай жүрмін. Шетелдік доктор-профессорлардың алдында ұят болды.
Оның алдында:
Наурыз айында болған Блог-құрылтайда еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған блогшылармен танысып, блог жүргізудің қыр-сырын үйреніп алдым. Блог-құрылтайда дайындап көрсеткен «Блог-білім бұлағы» атты презентациям блогтың мұғалімдер мен оқушыларға тигізетін пайдасы туралы еді. Мамандығым – мұғалімдік, оның үстіне, мұғалімдердің арасында блог жүргізу – сирек кездесетін құбылыс болғаннан кейін бұл тақырыпты таңдаған едім.
Биылғы оқу жылы басталмай тұрып, қаламыздың білім беру басқармасы әдеттегідей тамыздық конференция өткізіп еді. Бұл конференцияға баяндамашы ретінде мен де бардым. Өзімнің математика және информатика секциясында бұл тақырыпқа қызығып, «мен де блог бастайын» дегендер көп болған. Алайда уордпресс ашылмайтын болса, блог бастау қалаулары, жасаған презентациям да босқа кетті деген сөз. Мұғалімдердің алдында ұят болды…
Маусым айында:
ГеоГебраны аударып болған соң, бұл бағдарламаны кеңінен тарату, насихаттау жұмыстарына кіріскен кезім. Облыстық мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтына барып, облыстан жиналған математиктерді бұл бағдарламамен таныстырайын деген өтініш білдіріп, ГеоГебраға байланысты сабақ өткіздім. Әрине барлық материалды бір курсқа сыйғызу мүмкін емес еді. Сол үшін курста тек қана ГеоГебраға шолу жасап, ары қарай блогыма презентация жариялау арқылы облысымыздың шалғай аудандарынан келген математиктерімізге сабақ беруді жалғастырамын деп ойладым. Бәлкім, қазіргі уақытта оқушылар математиканы жаңаша әдістермен, қызығып үйренер еді. Өкінішке орай, жазда уордперсс жабылғаннан кейін, ол жоспар іске асырылмай қойды. Математиктерден ұят болды…
Пысы: Дамыған елдердің мұғалімдері wordpress, blogspot, blogger блогтұғырнамаларында өз шығармашылықтарын шыңдауда. ГеоГебра туралы mat4allages.wordpress.com (қазір mathandmultimedia.com) блогынан біліп алдым.
Ғылым және білім министрлігінің 2011-2020 жылдарға арналған «Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағдарламасына» қайшы келетін бұл жағдайды дұрыстауға болмай ма?
Сурет мекені.

Өте маңызды мәселе.
Geogebra.kz -тің бар болғаны жұбаныш
жексенұлыҰстаз-блогшылар көбейсе, арнайы солар үшін сабақ беруге ыңғайластырылған блог-платформа ашатындай екен.
Ішімнен пісіп жеткен бұл мәселе енді сыртқа шықты.
Жеке доменге көшкен дұрыс сияқты, Сигмамен, Аршатпен бұл жөнінде ақылдассаң болады.
Қандайын ұсынар едіңіз?