WSB жаңа формат ұсынды, Астана арландарын жаңа маусым күтіп тұр



WSB сериясы биыл басқа форматта өтетін болыпты. Жаңа 2 команда қосылған: Үндістан және Германия командалары. Барлығы 12 команда 2 топқа бөлінеді. Әр топтағы командалар бір бірімен өз алаңында және сырт алаңда кездесіп шығады. Сосын әр топтың үздік 4 командасы плей-оффқа шығады. А тобының 1-шісі Б тобының 4-шісімен шығады, сәйкесінше 2-шілер мен 3-шілер кездеседі.
Әрі қарай

Тіл: Құрал VS Намыс

Мәңгүрт менеджер:
— Майк плиз, сенд ми електрик чемез оф айыр кондишнің систем. Ох тэнкю, нақмет рақ! Жәдігер, арматураларға 12 градус болатын фаска точить етіп таста! Вась, хуясь — ммуах-ха-ха-ха, шучу. Вась,
Әрі қарай

Ми қайнататын сұрақтар...

Компьютерлер арасындағы желілік байланыс — адамдар арасындағы мәлімет алмасу жылдамдығын арттырып отыр. Егер бұрын әрбір адамның ақпар алу мүмкіншілігі шектеулі болса енді ол бара-бара ұлғаюда. Бұл сізге нейрондарының арасында байланыс түзетін кәдімгі миды елестете алама? Егер дәл осы тұрғыдан қарасақ не көрер едік?
1. Ми әлі даму үстінде және нейрондардың тізбектік байланысы дамылсыз ұзару үстінде. Мәселен, сіз дәл қазір осы мәтінді оқып отырсыз және осы күйіңіз мәтін арқылы екеуіміздің арамызда байланыс барлығының дәлелі. Солай емеспе? Ал енді сіз мәтіннің мазмұнын басқа біреуге айтуыңыз мүмкін ғой…

2. Белгілі бір нәрсемен айланысатын нейрондар тобы құрылады.

3. Ми химиямен уланады(ішімдік, наркотик, шылым шегу және т.c.c). Ал қайсыбір нейрондар келесі бір нейрондарды азық немесе ортадағы өзіне ыңғайлы көрген орын үшін күресте қажытып әлсіретіп жоюға тырысады. Мидағы осындай жасаушаларды — обырлық(раковые клетки) деп атайды.
Әрі қарай

Bushido - Еуропаны мойындатқан араб жігіті

Bushido. Мен айтып жатқан Bushido өкінішке орай, шығыс жекпе-жегінің түрі емес. Ол — Еуропаға аты танымал неміс тілді рэпер!
Араларыңызда немісше тыңдайтындар бар екендігіне күмәнім болғандықтан, «мынау керемет айтады», «сұммдық мықты» деп мақтамай-ақ қояйын!
Экрандарыңызға өзіме ұнаған 4-5 өлеңдерін ұсынғалы отырмын!
Әрі қарай

Бес Интернет-драйв

«Оқитын дым жоқ» © @Akzere

Епті, алдыңғы күні біреу атылып өлмекке дүкеннен патрон алып тұр екен. «Ипотека шаршатты ма?» десем, «жоқ, жәй, іш пысты: оқитын дым жоқ» дейд! Оның айтуынша, Инетте қызық таусылыпты, жаңа идеялар, сервистер жоқ; күнде сол баяғы жұлдыздардың дамбалдары мен жаңалықтар. «Саған да екі патрон алайын ба?» дейд! «Кет-ей нақ!» дедім мен оған. Лібә, Инетте қызық жоқ болса — оны өзің ойлап табу керек емес пе? Сөйтіп онымен, Инетті қалайша ермек қылуға болатынымен бөлістім.

1. @KILYZAMAN -ның құйысқанына жабысып алып — бәдіктену:

2. Жұрт пір тұтатын адамның таланты мен денсаулығына күмән келтіріп, бет жыртысу:
Әрі қарай

Көліктер-2: Бардық. Көрдік. Қайттық.

Көптен бері баруды жоспарлап жүрген соң, бүгін «Көліктер-2» фильміне барып қайттық. Әлқисса:

Үйге жақын «Спутниктегі» кинотеатрға барамыз деп ойлап едім, Кино.кз сайтындағы кестеде қазақшасы қашан болатыны жазылмаған екен. Есесіне қаланың сыртындағы «Алтын орда» базарының жанында тұрған «Апорт» СОСО-да (сауда және ойын-сауық орталығы, Павлиашвили екен деп қалмаңдар ) сеанстардың барлығы дерлік қазақша екен. Сонда барып, сағат 11.00-дегі сеансына билет алдым. Контингентінің басым бөлігі Алматының маңайындағы ауылдардан қыдырып келетіндер құрайтын жерде қазақша нұсқасын көрсетуінде бір саясат бар шығар деп ұқтым мұнысын.

Фильмнің өзіне келер болсақ, былай, көруге болатын фильм. Сценарий, сюжет, кейіпкер, анау-мынау құраушы бөліктерінің барлығы — нағыз «Голыйбұттық» Голливудтық. Ендеше, нағыз Голливуд фильмдерінен тек Голливудқа тән элементтер күтпек ләзім екенін ескермеске болмайды. Жақсы фильм былай, тағы да қайталап
Әрі қарай

Wordpress-тегі блогтардың күйі қандай?

Wordpress блог-тұғырындағы блогтардың ашылмай жатыр дегеніне біраз күндер өтті. Біреулерде ашылғанымен, екінші біреулерде ашылмайды. Оның себебін айтып, "Қазақтелеком" әлі ресми түсініктеме бермегенге ұқсайды. Сұрау салынды ма, салынбады ма, білмедім.

Бұрындары Wordpress-тегі қазақша блогтарда бір күнде жазылатын жазбаларды оқып шығу үшін бірнеше сағаттап отыруға тура келетін: үздік жазбалар саны 60-70 болатын. Ал қазіргі саны небары 4-5 жазба ғана. Суреті төменде
Әрі қарай