Wordpress-тегі блогтардың күйі қандай?

Wordpress блог-тұғырындағы блогтардың ашылмай жатыр дегеніне біраз күндер өтті. Біреулерде ашылғанымен, екінші біреулерде ашылмайды. Оның себебін айтып, "Қазақтелеком" әлі ресми түсініктеме бермегенге ұқсайды. Сұрау салынды ма, салынбады ма, білмедім.

Бұрындары Wordpress-тегі қазақша блогтарда бір күнде жазылатын жазбаларды оқып шығу үшін бірнеше сағаттап отыруға тура келетін: үздік жазбалар саны 60-70 болатын. Ал қазіргі саны небары 4-5 жазба ғана. Суреті төменде



Жаңартылды
15/06/2011 “Тыйым салуға тыйым салынады” orkenegro.wordpress.com
21/06/2011 Бір хаттың сыры tamshi.wordpress.com
23/06/2011 Түсінгісі келмейтін қоғамнан түсінік іздеп әуреге түсудің де кейде қажеті жоқ urimtal.wordpress.com
23/06/2011 Жүрегімді таптама altygradus.wordpress.com
24/06/2011 Маңғолия мемелекетiнiң “АРУЛАР” одағы, “Ару-жұлдыздар” журналының құрылғанына 5 жыл erkalar.wordpress.com
Бөлісу:

14 пікір

meirzhan
"Қазақтелеком" өз жауапкершілігінің төмен екенін көрсетті. Егер бұған бәсекелес тағы бір "… телеком" болмаса мына жағдайдың қайталануы ғажап емес.
Әлде бұлар Қытай үкіметі сияқты интернетті «кірпі қолғабында» ұстағысы келе ме екен. Бәлкім, Араб елдеріндегі «фэйсбук ұрпағының (поколение)» әрекеттерінен бір нәрсе ұққан.
zhazular
бір кілтипан бар.
konvict
Менің жеке пікірімді айтар болсам блогтар арнайы тапсырмамен жабылып отыр. Себебі, блогтар қазір танымал болып кетті және цензура қою қиын. Блогты кез-келген адам жүргізе алады. Және қазіргі саясатқа өз ойын ашық айта алады. Бұл күлкілі пікір де шығар: қытайға жердің жалға берілуімен қатысы бар секілді көрінеді маған. ИМХО
Мен Қазақтелекомға твиттер арқылы сұрақ қойғанмын. Жауабы: біз сайттарды жаппаймыз болды. Неліктен жабылды, өздерінен білдіңдер ме де деген жоқ. Демек, олар бірден басын алып қашуы арты шикі екендігін дәлелдейді. Осында кейбірі олардың қалай шектеу қоя алатынын білетін шығар.
Ертең істелер нәрселер орын алған соң вордпресті қайта ашып, техникалық ақаудан болыпты деп айтатын секілді.
П.С. менің пікірім қате болуы мүмкін және мен өз пікірімді дұрыс деп айтыспаймын. егер менікі қате деп тапсаңдар өз варианттарыңды ұсыныңдар
Zako
Бәрі де мүмкін. "Қазақтелеком"-ның мұртын балта шаппайды. Оның артында бұйрық беріп тұратын адамдар болмаса, өздігінен қазақтелекомшылар маңызды сайттарды бұғауламайды емес пе?!

Live journal-ды қайта ашқан кезде де техникалық себептерге жауып қоя салды емес пе өткен жылдың соңында, ЕҚЫҰ Саммиті қарсаңында.
Aikona
Басқару панеліне өте алмай жүрмін.  Сағындым блогымды… Өзің қожа, өзі би болатын блогымды сағындым. Жазғаныңменде бұрынғыдай іздегендер келіп оқи алмайды.
timurrr
Ендеше жаңадан ашылған qazaqblogger.com блогтұғырына шақырамын
Kasymolzhas
Айтпа. Дегенмен, керекинфо жақсы болды. Блогшылардың шоғарланған жері ғой. Wordpress-ті жапқанмен, блогшылар бәрібір керекинфода.
Serzha
ертең керекті де жабады
konvict
Мен @timurrr-дың көмегімен блогымды жеке хостқа көшіріп алдым. www.abayotar.info
Пікір түзетілген: 26 маусым 2011, 01:47
timurrr
timurrR
konvict
Ескерілді және түзетілді
konvict
Айтпақшы, сол доменге өзімнің блогымды енгізе алмай қойдым
timurrr
Қалай? Қайсы? Нені?
konvict
abayotar.info-ға блогты импорт жасағым келген. Сөйтсем импорт деген жері ащылмайды оның
timurrr
Ашылады. Алайда әуелі wordpress деген импорттаушы плагинді жүктеп алып, іске қосу керек. Сол кезде импорттай аласың.