Бір айдағы өзгерістер
WP-ке жол жабылғасын Индия жайлы жазбаларымды осында жариялауды ұйғардым. Сонымен, қабыл алыңыздар
Бір айда мұншалықты өзгерістер бола қояды деп ойламаған мен, әуежайда-ақ қателескенімді білдім. Алдында таксиді 250-260 рупийге ұстап жүрген едім, солай ғой деп те қалтама сол ақшаны сала салғанмын, қателесіппін. Елу-алпыс рупийге қымбаттапты. Дүкендерде де сол жағдай. Сөйтсем, бензин құны бес рупийге артқан екен де.
Екінші байқаған өзгерісім жолға қатысты болғаны. Біржақты көшелер көп болатын бұрын, қазір саны шегеріліпті. Бірақ, оған қарап жатқан жүргізушілер жоқ, сол баяғыша жүргені-жүрген , қарсы келіп қалған машинаға ба-ап еткізіп қойып кетіп бара жатқаны.
Келесі өзгерістерді универден көрдім . Кураторымыз өзгеріпті, алдыңғы апайым жақсы еді , дегенмен орнына келген ағай да нешуа, әйтеуір өзіме ұнайтын кісі ол да . Департамент, академ курс дегендердің де директорлары өзгерген екен, бұрын ер кісілер еді, орындарына апайлар келіпті. Президентіміз де өзгерді ме десем, бұрынғы кураторым күледі әзірге осы да болар деп , мен де болар деп қоямын ішімнен.
Елде жүргенде сағынбадым деп ойлағанмын ғой, сөтсем..., сөйтсем баққаным қозы-лақ екен демекші, сағынып қалыппын Индияны

14 пікір