Парақорлық этюдтері. Акт #2: МАИ қызметкері Самат

Саматтың өмір жолы Аспанда емес, жерде жоспарланып қойылған: мектепті бітіргесін әскерге барады да, өзінің апасы жұмыс істейтін гарнизонға түседі; әскерден келгесін — МАИ-ге барады: ағасы — МАИ бастығы.
Сөйтіп, тіпті жұмысқа орналасу туралы арызды да (!) біреуге жаздыртып алып жүрген Самат бір күні МАИ-ге жұмысқа тұрады. Анау-мынау емес: майлы деп есептелетін қалаға кіреберістегі постқа орналасады. Онда жүйе былай екен: «жоғарыға» ай сайын 150 000 теңге тапсырасың, қалғаны — саған! Талантына шәк келтірмеу керек: Самат жұмысқа қызу кірісіп кетеді.
Не керек, жұмысбасты боп жүрген Самат сегіз бе, тоғыз ба ай дегенде кеңсеге басын бір-ақ сұғады. Сонда кассир қыз айқайлапТ:
— Самат деген Сіз бе, неге 8 айдан бері айлық алмай жүрсің?
Сонда Самат шынымен таң қалып:
— КетЧ, маған еще айлық төлене ме не? — деген екен…
Нақтың…
Бөлісу:

14 пікір

AKY
Дабай, жаз, тағы жаз
boztorgai
неге 8 айдан бері айлық алмай жүрсің
банкоматты қарамапТ десеңзЧі
satibaldi
Осыны біреу айтатынын біліп едім. Бірақ оқиға өткен мерзімді көрсетіп дәмін кетіргім келмеді. Нақтың.
boztorgai
рахмет!
десемде күлівөлдім
asaubota
лібә сондайлар көп қой, банкоматын баласына, әйеліне беріп қоятын, қанша түсіп жатқанында шаруасы жоқтар.
VKM
Саматқа зачот
Пікір түзетілген: 18 тамыз 2011, 14:47
Elirgen
Бүгін бір қызық оқиға болды, солтүстіктегі бір қаланың көшесімен (машина жүргізіп) келе жатқам, ЖП инспекторы тоқтатты, артқы орындықтаға пассажирдің белдікті тақпағанын бетіме басып айып салмақшы болды. Мен келістім, бірақ, орыс тілін ұқпайтынымды айтып, хаттаманы қазақ тілінде толтыруын талап еттім, инспектордын түрін көрсеңіздер ғой , бір сағат күтуге тура келетінін айтты. Мен келістім, бір сағат өтті, менен кейін тоқтатқан екі жүргізушіге хаттама толтырды, неге мені сонша күттіріп қойды десем, қазақ тілін білмейді екен!!! Басқа постта тұрған, қазақ тілін білетін инспектордың келгенін күтіп тұр екен, мен де бастырмалата бастадым, әлгі инспектор рация арқылы, келмейтінін, хаттаманы өздері толтыруы керек екенін айтты, мені еш ыштрапсыз жібре салды.
jebe_92
Астанадағы ГАИшниктер алматылық әріптестеріне қатты қызығатын шығар…