Уай, Аттан

Бір аптадан асты Сағынның «ұрылармен соғысына» куә болып жатырмыз. Бүгін Сағын сотқа арыз беріпті. Бірақ, Қарасақалдың әпшелері не шешім шығарып береді, ол тағы белгісіз. Өзім біртүрлі күмәнмен қараймын. Оның үстіне интернеттегі ұрлық туралы олар бұрын іс қарамаған да шығар. Күлкісі кеп, сағыз шайнап отырып қарайтын шығар.))) Жалпы Сағыннан бөлек интернеттегі елдің еңбегін ұрлау қашанғы жалғаса бермек? Сосын қашанғы жалғыз-жарым күресе бермекпіз? Жалғыздың үні шықпайды. Айтпағым, бірігіп, осы істі соңына дейін жеткізсек. Ол үшін не істеу керек?

БАҚ арқылы көтермей, елдің санасына құймай іс шешілмейді. Сондықтан, 11 не 12 тамыз күні Алматыда баспасөз мәслихатын өткізсек. Мүмкін болса Астаналық ағайындар да өткізсе, сол күндері. Онда соңғы уақытта белең алып, бет бақтырмай бара жатқан интернеттегі ұрлық мәселесін көтерсек. Ұрлықшы БАҚ-тарды атын атап, түсін түстесек. Сағынның, Гастаның, Ақзеренің блог, сайттарынан ұрланғаны туралы Керекте жазылған фактлер қолда, соларды көрсетіп. Бұнымен қосы үлкендеу БАҚ-ның ұрлықы дүниелерін тапсақ, дұрыс болар еді.(Сөзсіз бар ондайлар) Баспасөз мәслихатында БАҚ басшыларына сайт иелері мен блогшылар атынан үндеу ма мәлімдеме ма жарияласақ. Онда блогтар мен сайттан мақаланы рұқсат берілген жағдайда ғана сілтемесін қойып, мақала авторын көрсету арқылы көшіруге болатындығын, көшіруге тиым салатыны туралы белгі, ескерту тұрса көшіруге болмайтындығын, онда мақала немесе сайт иесімен сөйлесіп сатып алу қажеттігін бадырайтып тұрып жазсақ, айтсақ. Сонымен бірге ҚР Үкімет басшысы мен Ақпарат және байланыс министрі атына хат жолдасақ. Депутаттар атынан авторлық және сабақтастық құқық туралы заңды жетілдіру туралы ұсыныс жасасақ. Өзіміз қимылдамасақ ешкім ол мәселені шешіп бермейді. Ертең біз үшін Қазақстан интернет ассоциациясындағы орыс тілді қазақтар прессуха өткізіп жатса ұяттау.

Сонымен ұсыныс:
1) 11 не 12 баспасөз мәслихатын өткіземіз.
2) Қазақ тілді газет басшыларына үндеу жариялаймыз.
3) Байланыс және ақпарат министрі мен депутаттардың атына хат жолдаймыз.
Өткізетін орын қарастырып жатырмын, пресс-релиз бен үндеу, хаттарды жекеге біразыңа жіберемін. Талқылайық. Сосын бұл мәселе бір прессуха, үндеумен шешіле қалмайды, сондықтан болашақта «MediaLab-ты» осы мәселемен тұрақты түрде айналысуға жексем деп отырмын. Арамызда біреу, бір ұйым осындай мәселемен айналысу керек, деген ұсыныс. Жекеде біразыңа хабарласам. Пісіру керек.
Бөлісу:

14 пікір

asaubota
иә, осылай жаппай көтеріліс жасау керек. біз мына жақтан Астанадан көтеріліп көрейік.

ойланып қалдым, бұлай болуы неден деп. бүгін біраз мақалаларды интернеттен тауып отырып ойланып қалдым, тек Масадан алынғандардың авторлары жазылыпты. басқа сайттарда онсыз да кіріп отырғандар кім жазғанын біледі ғой деп аттарымызды жаза бермейміз. сондықтан олар да жазбаулары заңды бір жағынан қарасаң. сауатсыздық бар, интернет этикасын білмейді. міне осы мәселелерді де көтеру керек. білмейтіндерге түсіндіру керек.

егер осылай жалғаса беретін болса интернетте ешкім ештеңе жазғысы келмей қалатын болады. ана Ақзеренің айтқаны тіпті қорқынышты, жеке нәрсесін ұрлап оқырман пікірі қылғандары.

айыпұл да төлету керек, сауаттарын ашып үйрету де керек. пряник және таяқсыз болмайды.
sammita
біледі ғой деп аттарымызды жаза бермейміз. сондықтан олар да жазбаулары заңды бір жағынан
егер шынымен аты-жөнін атап көрсеткісі келсе, ретін табар еді автормен байланысудың. Жеке хабарлама, сол жерге пікір жазу т.б.
Тіпті болмаса «осындай сайттан, мынадай қолданушының жазбасы, не мынадай блог авторының жазбасы» деп жазар еді. Орыс газеттері ник атымен де береді 1-2 пікірді жазса да.
blackbeard
Соғыыыыыс
Урааааа! Құрбандар болады
Delhi
 соғыс демей басқаша айтсаңдарщ, Ақтөбеде дірілдеп жүрсек өзіміз))
blackbeard
Қырғыыыыын
Урааааа! Құрбандар болады
Erbol
Жалпы бұны қазақ интернетінің дамуының кезекті кезеңі деп қарастыру керек шығар.Ең басында интернетте қазақ тілді қаріп, сосын сайт жасау дегендей мәселелер болды емес па? Қазір олар маңызды емес. Ол кезеңнен өттік. Ендігісі авторлық құқықты түсіндіру, қоғамды интернет бойынша ағартушылық деген кезеңдер.Ұрлық мәселесі сауатсыздықтан шығып отыр. Көп газеттердің басшылары интернеттен алу тегін деп ойлайды.Мән бермейді.Сотқа берумен қатар түсіндіру жұмыстарын да жүргізген дұрыс. Бір-екеуін сотқа беріп, прессуха өткізіп, БАҚ арқылы түсіндірсе ойланатын болар.
Пікір түзетілген: 5 тамыз 2011, 23:56
asaubota
міне, міне! сол ғо, сол менің де айтып отырғаным. сауатсыздықты жою керек.
Erbol
Интернеттегі мақаланың біреудің меншігі екенін қоғамның санасына сіңіру керек. Біреудің мақаласына көшедегі бөтен біреудің машинасы сияқты қарауды үйрету керек. Есік алдындағы машинаны рұқсатсыз айдап кету ұрлық, мақала да сол сияқты. Соны ұғындыру керек. Менің коллегаларыма интернеттегі дүниенің көктен түспейтінін, ол да біреудің еңбегі екендігін, түсіндіру керек. Біреу уақытын құртып, көз жанарын суалтып жазып отырады, біреу оны тегін көшіріп алып ақша табады. Былтыр Сағынның Ұлттық кітапханаға барып, кітаптан қарап, журналдарды сатып алып оқып, мақала жазып жүргенін көргем. Соншама еңбегінің қызығын Сағын емес Шымкенттегі әпшелері көріп отыр. Сағынның сотқа бергені дұрыс. Заңы қатал немістердің ауасын жұтып келген бала ғой. Біз ғой қазақылыққа салынып, жәй ойнап отырып жаза салып едім, көшіріп басыпты, ол үшін соттасу ұят деген түсінікте. Біз талап етпеген соң, түсіндірмеген соң газеттерде де, одан кейін қоғамда да оңған түсінік болмайды. Бір ұйымға топтасып, тұрақты түрде ұрлықшы газеттерді анықтап, қаламақы талап ету, сотқа беру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Қоғам арасында ұғындыру керек. Біздегі заң да оңып тұрған жоқ. Оны айтпаса, көтермесе ешкім өзгеріс енгізіп, қарамайды. Сондықтан осының бәрімен жүйелі айналысқан дұрыс деп ойлаймын.Біреу келіп түзеп берер дейін десең осындағы ел-жұрттан басқа оны ұғатын адам көріп тұрғам жоқ.
Пікір түзетілген: 6 тамыз 2011, 01:06
asaubota
сосын біздегі оқырман мен БАҚ түсінігі қызық. газеттегілер ренжиді қайта газетке шығарғанымызға қуанбай ма деп. сондай түсінік қалыптасып қалған, газетке шығу мықты нәрсе сияқты. ал ТВ деген ваще! журналистер де соған үйренген, уақытым жоқ деп түсуге бармай қалсаң ренжиді, не өзінше болып тұр деп. сосын сұхбат алуға рұқсат сұрамайтындар бар, бірден уақытын сұрайды "қашан алуға болады" деп. мүмкін мен келіспейтін шығармын соны ойламайды.

айтайын дегенім Ербол айтқандай бұл бір маңызды кезең болайын деп тұр. журналистерге үлкен сабақ болады деп ойлаймын және интернетшілердің де қоғам екенін, олармен де санасу керегін түсінеді деп ойлаймын.
Erbol
Жаңа медиа мен дәстүрлі медиа арасындағы тірестің исі шығады)))
Пікір түзетілген: 6 тамыз 2011, 01:32
ardakkatarbayev
Мәселе ақшада емес екені, сұрап тұрған сомасынан да көрініп тұр. Заңның түпкі астарына дейін қазбалап, түсінік орнына қойылса жақсы болар еді. Құнды дүния жазып жатқанымыз жоқ, сонда да болса өтірікке тіке қарауға қарсылық жоқ...)))
Erbol
Егер ақша тапқысы келсе Сағын болмаса басқа қыз-жігіттер сонша дүниені жазып әуре болмай-ақ, сайт ашып, оны жүргізбей-ақ жан баға берер еді. Мәселе ақшада емес, мәселе еңбекте болып тұр. Сосын қоғамдағы сауатсыздықта болып тұр. Жазып жатқандары тым құнды дүние емес шығар интернеттегі қауымның, бірақ ана газеттер солардың арқасында шығып, ақша тауып жатыр ғой. Ертең барлық сайт мақала көшіруге тиым салса, ана газеттердің біразы жабылып қалуы мүмкін.
Еңбектеніп, сапасыз болса да күрек шығарасың. Оны бір пысықай келіп сатып, ақша табады. Сен иесі болсаң да еңбегіңнің қызығын көре алмайсың. Ана пысықай не заңды білмейді, сенің айтқаныңды ұқпайды көкбеттеніп сатып жатыр. өкінішке орай бұл түсінік бүкіл қоғамға орнап қалған. Ендігі нәрсе сен күрек шығарумен қатар қоғамға иесі сен екендігін, сенен сатып алып сату, болмаса сенімен келісіп алу керектігін түсіндіру, ағарту, заңды жетілдіру жұмыстарын жүргізу керексің. Бұндағы мәселе осындай болып тұр.
Пікір түзетілген: 6 тамыз 2011, 01:22
sammita
Астанадан Максимге айтқан ем, қазір отпускіде басқа қалада екен.