Ұялып отырмын...

Сыныққа сылтау дейді ғой… Ұяттымын. Сөзімде тұрмадым, бастаған ісімді дұрыстап аяқтай алмадым.
Сағынның ісі туралы түсірген сюжетіміз екі апта бұрын дайын болған, бірақ сайтқа әлі шықпай жатыр. Веб-бағдарламалаушымыз босамай жатыр. Өзім де ауырып қалып, қадағалай алмадым.
Бүгін бағдарламаның 117 саны жазылған диск «Алматы» арнасына жөнелтілді. Құдай қырсығынан сақтаса, алдағы жексенбі күні сағат 17-00-де эфирге шығуы тиіс. Ал облыстар оны өткен аптада көріп алды, өйткені спутник арқылы жүретін таралым «Алматыдан» бір апта бұрын.
Ерінбесеңіздер, жексенбі күні теледидар көріңіздер.
Әрі қарай

Уай, Аттан

Бір аптадан асты Сағынның «ұрылармен соғысына» куә болып жатырмыз. Бүгін Сағын сотқа арыз беріпті. Бірақ, Қарасақалдың әпшелері не шешім шығарып береді, ол тағы белгісіз. Өзім біртүрлі күмәнмен қараймын. Оның үстіне интернеттегі ұрлық туралы олар бұрын іс қарамаған да шығар. Күлкісі кеп, сағыз шайнап отырып қарайтын шығар.))) Жалпы Сағыннан бөлек интернеттегі елдің еңбегін ұрлау қашанғы жалғаса бермек? Сосын қашанғы жалғыз-жарым күресе бермекпіз? Жалғыздың үні шықпайды. Айтпағым, бірігіп, осы істі соңына дейін жеткізсек. Ол үшін не істеу керек?
Әрі қарай