Ұялып отырмын...

Сыныққа сылтау дейді ғой… Ұяттымын. Сөзімде тұрмадым, бастаған ісімді дұрыстап аяқтай алмадым.
Сағынның ісі туралы түсірген сюжетіміз екі апта бұрын дайын болған, бірақ сайтқа әлі шықпай жатыр. Веб-бағдарламалаушымыз босамай жатыр. Өзім де ауырып қалып, қадағалай алмадым.
Бүгін бағдарламаның 117 саны жазылған диск «Алматы» арнасына жөнелтілді. Құдай қырсығынан сақтаса, алдағы жексенбі күні сағат 17-00-де эфирге шығуы тиіс. Ал облыстар оны өткен аптада көріп алды, өйткені спутник арқылы жүретін таралым «Алматыдан» бір апта бұрын.
Ерінбесеңіздер, жексенбі күні теледидар көріңіздер.
Бөлісу:

6 пікір

satibaldi
жльадЪм.
dark_nazgul
Көзіңнің жЪасын сүртіп берейін бе?
asaubota
мен бүгін СТВ арнасында осы мәселені де айта кеттім. алдағы апта көрсетіледі, уақытын кейін жазармын.
dark_nazgul
Астанада өтір жатқан Дигитал Коммуникэйшнда осы мәселе түбегейлі көтерілейін деп отырғалы көрінеді. Біздің тілшілер сонда жүр.