Война гоботов. Мульсериал кімнің есінде? (жас балалар түсінбейді)

Кішкентай кезімізде өліп тұрып көретін едік. Түрлі машиналарға айнала алатын роботтар жайлы мультсериал. Кімнің есінде? Әр сериасын асыға күтетін едік. Түс мезгілінде көрсетеді. Ата аналарымыз түсте бәрімізді ұйықтатып тастайды. Біз жалынып жүріп
Әрі қарай

Донецк. Танысу

Өліп-талып кешкі 8-де Донецкіге де жеттік. 3 сағат айырмашылықты ескерсек, түнгі 12 десе де болады. Рейстің 2 сағатқа кешігетінін білгенде, Киевті аралай тұратын едік.
Профессор Шелепов өзінің «Тавриясымен» күтіп алып, университет қонақүйіне алып келді. Тынығып, қаланы аралауға 1 күн мұрсат берді, сосын мұрын қанағанша жұмыс істейсіңдер деп)))
Енді суреттерге сөз берейік:

Рейс кешігуде
Әрі қарай

«АБАЙ ЖОЛЫН» КІМ ЖАЗДЫ?

Мен 7 сыныпта оқып жүргенде практикантка қыз келді. Ол кезде мен үшін тәтей болатын. Тәтей келе есімізді шығарды. Сұлулығымен ұл біткен, «жігіт» біткен жетінші «А»-ның жүгермектерін қырыли ғашық қып тастады. Алғашқы сұрағы былай болды тәтейдің:

-
Әрі қарай

Х-Factor кім?


Өзіме келер болсам, бірауыздан Дария Ғабдул дер едім. Бойында әншілік дарындылықпен қатар қазақи биязылық, ұстамдылық, ақылдылық тұнып тұр. Жүргізушілер қойған сұрақтарға ойланып жауап беріп, жалпы әрбір жүріс-тұрысын қадағалап, елдің көзайымына
Әрі қарай

Диірменнің тасындай дөңгеленген дүние-ай...

Бүгін есіме қай-қайдағы түсіп отыр. Қартаяйын дегенмін бе)))) Бала кезім...үлкендерге жағаласып диірмен тартуға таласатыным…
Апам астында жатыр
Атам үстінде жатыр
Қызыл кіріп жатыр
Ағы шығып жатыр- Ол не?-дейтін жұмбақ есіме түсті. Ол кәдімгі
Әрі қарай

Қазақ футболы Европадан не тапты?

Бүгін Қазақ футболында айтулы күн болмаса да ойланатын дата. 2002 жылы 25 сәуірде Қазақстан Футбол федерациясы (ол кезде одақ) УЕФА-ға мүшелікке өткен. Содан бері біраз жылдар өтті. Неден ұттық, неден ұтылдық? Ойыңыз қандай, жанкүйер?


Сурет: fc-kazakhmys.kz
Әрі қарай

Бір өкініш… Бір арман… Бір үміт…


Көбіміз осы уақытқа дейін махаббат сезімін бастан кешірген шығармыз. Мейлі ол қандай болсын: бір жақты махаббат, жауапсыз махаббат, алып-ұшырған махаббат, қайғылы махаббат…

Өзімізден жырақ кеткен адамды уақыт өте келе ұмытқанмен ара-тұра еске түсетіні анық. Не істеп жүр екен? Қызық, ол да дәл мендей есіне ала ма екен? Ең алғашқы қыдырып барған бақ, осыны жолда көрсе мен есіне түсем бе екен? Әлде мен сүйетін құлпынай балмұздағын бал татқандай жей ма екен? Эгоистік шығар, біз үшін жауапсыз кеткен махаббат әркез өкініп жүргендей еске оралады. Мейлі ол қосағын тауып, бақытты болсын, сені мүлде ойына да алмайтын шығар, бірақ бәрібір сендей адамды ендігәрі жолықтырмайтындай болады да тұрады…

Әрі қарай

www.youtube.com видео порталынан бейнелерді көшіріп алудың мен білетін әдістері

Интернеттен бейне жазбалар іздесек ең алдымен алдымыздан www.youtube.com видео порталы шығатыны белгілі. Ақтарсаң ішінен қалағаныңды табуға болады. Әрі жылдам жұмыс істейді. Жаңадан шығып жатқан клиптер мен кинолар да осы арада жүреді. Қазақша бейнелер де баршылық. Кей біреулер осында салған бейнелері арқылы әлемге танымал болып жатады. Енді бұл арадан өзімізге ұнаған бейнені қалай көшіріп аламыз? Өзім білетін бірнеше жолды ұсынамын.

Бірінше әдіс: Алдымен керек бейнені тауып, URL мекенін көшіріп аламыз

Әрі қарай

Айқас. Бірінші бөлім: барлаушы



Шум оружия заглушает голос законов.
Мишель де Монтень


"Қайран, Дәруішөлген… Қайран, ел… Тоз-тозыңның шыққанын көремін деп екі дүниеде ойладым ба!?". Жаудың бағытын барлауға шыққан Мастұр батыр талай рет қалқан мен қылыштың жүзін көріп мұқалған сүңгісін толғап-толғап жіберді де, екінші қолына ауыстырды. Күн қағып, тотыққан жүзі әлдебір ауыр ойдың астында қалғандай — тым қайғылы, тым салмақты. Шалқар даланың шебер желі батырдың жүзіне әдейілеп оюлап әжім салғандай. Айбары мен адалдығы қатар көрінер қысық көздер ерекше күштің иесінікі екенін дәлелдеп тұр.
Әрі қарай

Жаңалыққа жаны құмар ағайындарға...

… Біраз жылдар бұрын -осы бір интернетке қазақ тілінде сұхбаттасушылардың қатары көбейіп, еркін ой алмасатын орын кеңейсе деп зығырданым қайнаған кездерім болған. Ал енді бүгінгі күнде осы интернеттің қолданушыларға тигізетін пайдасы мен зияны бірге жүретініне қайранмын.
… Пайдасы көбірек болғай. Ағайындар осы блогта әртүрлі өзім қызыққан — күнделікті тұрмысқа немесе өндіріске, шаруашылыққа, бизнеске керек болып қалады ау деген технологиялар мен үздік шешімін тапқан әдістемелерді жинамақшымын. Аудармалар сәтсіздеу шыққан жағдайда аса қатты реніш білдірмей, маңызын түсінуге тырссаңыздар деген өтінішім болады.
Әрі қарай