«АБАЙ ЖОЛЫН» КІМ ЖАЗДЫ?

Мен 7 сыныпта оқып жүргенде практикантка қыз келді. Ол кезде мен үшін тәтей болатын. Тәтей келе есімізді шығарды. Сұлулығымен ұл біткен, «жігіт» біткен жетінші «А»-ның жүгермектерін қырыли ғашық қып тастады. Алғашқы сұрағы былай болды тәтейдің:

— Кім «Абай жолын» оқыды, қолдарын көтерсін?

— Мен оқыған жоқпын – деді ештеңеден, ешқашан хабары жоқ Дако.

Жалпы алғашқы теке қайда бұрса, сол қисықтың бойымен қисаюға бейім ұлттың қойдай жуас ұрпағы болған соң, көбіміз де «оқыған жоқпынды» ұстандық. Тәтейдің аздап шамданып қалғанын түрінен ұқтық. Бірақ әдемі жүзі, үстіндегі мұнтаздай таза көйлегі мен терезеден соққан көктем самалы тербеген қара шашы шамданған түріне ерекше сымбаттылықты беріп тұрды. Біз ұл біткен, «жігіт» біткен жүгірмектер қас қақпай қарап отырмыз тәтейге. Әр қылығын бағып отырмыз.

— Жарайды, ең болмаса «Абай жолын» кім жазғанынан хабарларың бар ма?

Теке сол Дако болып, біз «білмейміннен» ары аспадық…

Пысық Арай қолын көтеріп айтты:

— «Абай Құнанбаевтың жолын» Құнанбай жазды.

Сынып ду күлді! Енді мұны білмеу… Арай сасып қалып артынша жөпелдемдетіп кетті:

— Жоқ, кешіріңіздер, ол кітапты Абайдың өзі жазған екен ғой, ұмытыңқырап қаппын…

Беті бүлк етпеген Арай қыран топан болып жатқан бізге бажырайып қарады. Тәтей де езу тартты. Тартысы қандай сүйкімді десеңші… Арай беті қызарып, өмірі бой бермейтін бетпақтығына басып:

— Немене күлесіңдер? Енді «Абай жолын» не Абай, не Құнанбай жазбағанда кім жазуы мүмкін?- деді де отыра кетті. Солқылдап жылады сосын.

Тәтей Арайдың намысына тиіп кеткенімізді ұқты да, бізге, жыртыңбайларға қабағын түйе қарады. Қабақ түйісі қандай еді! Біз сап тиылдық.

Біздің жетінші «А» менің болашақ жеңешеммен осылай танысқанбыз.

Пысы: Между прочим, мен жұмысқа кіргенде біздің бастық «Абай жолын» оқыдың ба деп сұраған. Қасымда не жеңешем, не Дако болған жоқ. Мен шынымды айттым…
Бөлісу:

34 пікір

balenti
«Абай жолын» қалам жазды… ол кезде енді компьютер болмаған ғой… айтпесе Автор міндетті түрде МАйкрасофт Уорд 2003пен жазатын еді…
Onlasyn
Бізде де осындай оқиға болған:
Қазақстан президенті кім деп сұрағанда, әлгі сенің Дакоң сияқты бір сыныптасым:
— Абай — дегені, сынып ду күлді. Сұраған апайдың өзі де күліп жіберді.
zhazular
мынауың қызық екен. қап, ертерек айтпадың ба, жазбама қосар едім :)
saken
жазба әртүрлі оқиғалардан құрастырылған ба?
zhazular
сұрақты түсінбедім
saken
қап, ертерек айтпадың ба, жазбама қосар едім
депсің.
balenti
әй біздің сыныпты жестко прикол дар жүрді ғойй… ипать...))) Тәлібтер өңкей оқыды))) ағылшынның «WHY» сөзін «Х*й» деп те оқыған Тәлібтерде бар))
zhazular
кетші!!! қуғынбайлар екен онда!
balenti
айй жаман тентек болды ғой біздін класс… кайда сол кездер… Қазақ тілден берген Айнұр апайдын Мысалға алатын сөйлемдері примерно мынадай болатын: Бауыржанға айтқан қонбайды… айда соны жіктейміз… Әлгі Бауыржан дейтін мен едім))))
nurbergen_makym
қазандар қайнатқан шығар, енД :)
balenti
қазан екеуміз Звездный ТАНдем болдыққой...))) Бірде Завуч танатпай Айхайды салды кеп… екеумізге… классжетекші «джинсы минсы» бәрі бар… содан маған көзінше айтат: — Әу, Халк! ішкен адам не демейт… Мен: — Ас карынға 2 рюкаде былғайт дедм… Лібәәә уздері куліп койд)))) вот и тебе 30)) біз шулаткан)))
alisha
Айтпақшы, сені Халк дейтін ек қой))) Қазір есіме түсіп отыр)))
balenti
әлі кунге дейін айтады ғой… Халк Халк зб уже))) Муқуақуақуақуа))))
Onlasyn
Матхер, патхерлер ма?:))
zhazular
айтпақшы, біздің мектепте Терминатор деген апай болған… ол туралы кейін жазу керек екен… өмірі сынбайтын. сосын, қуса жетіп алатын, іздесе тауып алатын…
alisha
бізде де болған «Терминатор», аты — Марал еді)))
Nurzhol
Мектеп аяқтар жылы әдебиеттен үйге «Абай жолын» берген болатын. Оқымай жүріп, дәл ертең болад, оқымағандар сазайын тартад дегенді естіп (мұғалім еркек болатын, о тоба..) жалғыз күнде бір томын оқып бітірмекші боп, күн түнімен оқып бітіре алмай (кеудені қарасай), ақыры жартысына әзер жетіп, қалған жерлерін тастап, соңғы 5 бетін оқып "әзер бітіргем". Ертесіне ең бірінші қолды көтеріп, басын сағызша созып тұрып алып едім, 45 минут болса сонша сөйлемек боп, ағай кішкенеден тоқтатып, «соңына дейін оқысаң, соңында не боп ед?» дегенде, соңғы 5 бетін айтып құтылып кеткем...)))

Артынан қайтадан 1-ші томын асықпай оқыдым. Жалпы, қалғандарын оқу кк.
asaubota
мен оқыған жоқпын, шын :)
sammita
«Абайды» оқымаған қазақ емес", «Ойййыыбай, Абайды оқымағансың ба?» дей берген соң, үзіп-жұлып оқығандай болғам мектепте. Түк жоқ есімде:(((
zhazular
«Абайды оқымаған қазақ емес»… салмағын әлі жоғалтқан жоқ :)
sigma
Осыған бола оқығам деп, қыртатындарды да көріп жүрміз.
Мені Аршаттың қасына қосып қойыңдар, :)

Абай жолын оқымаса да, қашақша сайт жасап жүр екен жақсы бала
zhazular
қыртым ғой, келісем
Meru
қай сыныпта екені есімде жоқ, оқығам, қолымда болса қайталап оқыр едім…
Janasil
Мектептегі кезім. Бір мерекеге көрініс құруымыз керек. Кімде көрініс бар? — деп сұрады сынып жетекшіміз. Біздің көрінісіміз бар деп ортаға екі сыныптас қыз шықты. Бәріміз қарап отырмыз. Көрініс басталды:
-Абай
-Арақ ішесің ба?
-Давай!
-Ақшаң бар ма?
-Нет!
-Көзіме көрінбей кет!!!
Деп салмасы бар ма.
konvict
Е мое!!! Менің атымды қорлағандарың не ей!!!
zhazular
сол анекдот дейміз бе,әзіл дейміз бе, біздің де мектепте болған…
boztorgai
абай жолын дегеннен гөрі әуезовті оқыдым десең келістірек
saken
жетінші сыныпта оқымадым. Жалпы мектепте жүргенде оқымадым.
Кейін оқығанмын. Одан бері біраз уақыт өтіпті…
AKY
8-класста оқыдым. Кейін тағы қайталап оқыдым. Оқуға тұрарлық кітап.
Aizhantabyn
on okyganymda mugalim jazga bergen edi, okydym, unamady, endi kaityp okymaim dep bel budym…

en kyzygy, osy kitapty talai ret Maskeuden kaitaryp, jondetilip, ozgertilip wykkan eken…
balzaminka
Мемдекеттік емтиханда осы Абай жолы бір сұрақ болған жоқ па еді, ия?