Қазақ футболы Европадан не тапты?

Бүгін Қазақ футболында айтулы күн болмаса да ойланатын дата. 2002 жылы 25 сәуірде Қазақстан Футбол федерациясы (ол кезде одақ) УЕФА-ға мүшелікке өткен. Содан бері біраз жылдар өтті. Неден ұттық, неден ұтылдық? Ойыңыз қандай, жанкүйер?


Сурет: fc-kazakhmys.kz
Бөлісу:

34 пікір

asaubota
Федерация өзгермей ештеңе өзгермейді. Футбол сол баяғы күйі, ішкі чемпионат ешкімді қызықтырмайды. Кәсіби менеджмент жоқ, бәрінің ойы тек тиын істеу. Ақтөбеде ғана футбол дамып жатқан сияқты болып көрінеді. ішкі чемпионатты ойламай мақсаттарын тек Еуропа матчтарына қойып отырған команда.

футболдан гөрі бізде фанатизм жақсы дамып келе жатыр.
seken
Сонымен бұл маңайда аяқдоп жанкүйері жоқ сияқты, Админ ағайдан басқа.
seken
Кейбіреулер айтып жүр Азияда қала бергеніміз дұрыс еді, іріктеуден өтуге шанс көп деп. Енді біреулер айтып жүр Европадан әлі де көгереміз, түріктер солай жасаған деп. Қайда жүрсек те, бар бәле ішімізде сияқты ғой, доп тебе алатын қазақ баласын тәрбиелемей бұл сала дами қоймас!
Onlasyn
Меніңше біздің құрама еуропа командаларымен ойнағанының арқасында сәл-пәл алға жылжыған сияқты. Сонымен қатар Ақтөбені ерекше атап өту керек. Былтырғы АЗ-бен ойнаған ойынды айтсайш. Осының барлығына әсер еткен Еуропаға кіруіміз деп ойлаймын
asaubota
иә, бірақ ақша болмаса футбол да болмайды. Ақтөбені халық та әкім де қолдап отыр. сондықтан ақша да бар, демеушілері көп. Ақша болған жерде нәтиже де болады.
Onlasyn
Әрине соңында барлығын шешетін ақша ғой. Бірақ анау Азияда қалғаннан Еуропаға шыққанымыз жақсы ғой демекпін де. Футболшыларымыз (жанкүйерлер) футбол жұлдыздарын көріп, тәжірибе алып дегендей…
edige
Азияда өткіздік. Хоккей алға жылжыды… мүмкін…
satvaldo
далаға шашатын ақша жоқ оған. шенеуніктер тұрмыстарын тағы да жақсартып алады демесеіңіз…
seken
Nurgisa тәп-тәуір жанкүйер және аяқдоптан сарапшы еді. Неге үндемей жатыр екен?
satvaldo
футбол дәл қазіргі күйінде дамымайды. бюджеттің ақшасын жымқырудан басқа ештеңке келмейді советтік «менеджерлердің» қолынан. жеке меншікке беру керек. бай және футбол десе ішкен асын жерге қояр азаматтар керек (а-ля абрамович) жанашыр қазақ болуы керек. басқа ұлттардың істеп жүргенін көріп жүрміз
қазақ футболын 10 қазақ ойнағанда бірақ қараймын. 1 басқа ұлт болуы керек. сәтсіздік кезінде жеті атасын түгендеп алатын )))
Nurgisa
Былтырғы жылдың ең үздік голы сайланған Хамит Алтынтоптың голы еді, Қазақстанға қарсы соқты. Астана Аренада. Болдым сол ойынды тамашалаушылар сапында. Түріктер үш-төрт декада бұрын біздей-ақ болған шығар. Егер жүрегі қатал, озбыр жанкүйер болсам, «Иә, кіргеніміз жақсы болды. Елімнің төрінде Еуропаның алуан марқасқасын көріп, тәнті боп жүрмін. Рақмет!» деп масаттанар ма ем. Бірақ ақыры сондай ұйғарым болған екен, ретроспективалық мәнермен қара күйе жағу да жақпас. Бір жағынан, Саматтар пен Нұрболдар да қартаң ойыншы, былай қарасаң. Ары кетсе, екі-үш жыл семьясын асырау үшін тебе тұрар. Осылай әр толқыннан бірен-саран, бірді-екілі ойыншы ғана. Ал жалпыхалықтық стратегия кемшін. Голландия ұлтарақтай жерде бола тұра, небір спорт түрлерін жарқырата алды емес пе? Ген, қан мәселесі дегенге сену қиын. Физикалық қарым жоқ емес, бар. Тактика ма, психологиялық баптау ма… әйтеуір бір тұсынан айтарлықтай арттамыз. Перформанс көңіл көншітпейді дейміз. Меніңше, ставка дұрыс. Көш ілгері кеткендермен тістесіп жүріп, онжылдықтар өте ойын өрнегіне қан жүгірер. Мына орыстар да сөйтіп жатыр, мысалы. Сосын ақыры футболды спорттың түпқазығы, жастарды спортқа баулу саясатының түп тамыры дейтін болсақ, ақшаны жетерліктей мөлшерде құю шарт. Сал, атасына ғоқи, Түркиядағыдай шексіз алаңқайларды. Шөбің шүйгін. Ынталандыр. Әйтпесе, жылына есептік бір-екі спартакиаданың берімі төмен боп жатқанын мойындау керек шығар.

Жасөспірімдерге де ставка қоямыз деп Бразилияға жіберілді ғой біраз қарасирақ. Олардың жүріс-тұрысы туралы ақпарат аз. «Болашақ» бағдарламасындағыдай шеткеріректе қалып қоюын де жоққа шығармаймыз. Тек ұлттық құрамадан баз кешпесе болды.

Шет елдік легионерлер тарту әлемде бар үрдіс. Одан да жасқаншақтамау керек шығар. Сақалау (сақалдау емес) біреулерін шақырт, жағдай туғыз, азаматтығыңды бер. Ойнасын. Ондай мысалдар жетіп артылады, Алмания, Түркия, Швецария, т.с.с. құрамаларда.

Ден қойса, зейін қойса, және ең бастысы — ұлттық намыс қайраған мақсат-мүдде болса, болатын дүниелер ғой өз уақытымен. Тек, бұл салаңның менеджерлері үдеңнен шықпаса, әңгіме өзегі әріректе…
asaubota
соңғы жылдары жақсы легионерлер келіп жатыр, біздің жастар соларға қарап үйренеді ғой.

айтпақшы, Еуропада 2-лигада ойнап жүрген бір қазақ баланы тауып алдым. әзірше кім екенін айтпаймын, оны осында әкеліп, бір командаға орналастырамыз ба деген ой бар. 3 айдан кейін котрактісі бітеді екен, ол кезде бізде де трансфер терезесі ашылады.
Onlasyn
Англияда ма?
asaubota
жоқ, ол жігіт Еуропада туып, өскен жігіт.
qisyq
Мен бір оқушыны білемін, «Арсеналмен» контрактіге қол қойды, жақында кетеді. «Вест Хэм» екеуі таласыпты. Бізге де батыстық клубтаржың менеджерлері келіп, қарап жүр дейді жақсы ойнайтын жас балаларды.
Onlasyn
Лібә, солар ертең келіп құрамаға ойнаса ғой…
satvaldo
осыдан 2-3 жыл бұрын Амстердамда тұратын бір көкеміз «Аякс» академиясында 1992 жылғы бір жамбылдық бала бар деп айтқан. балыққа құмартып кетпесе игі еді…
Onlasyn
Уоот, сондай-сондайлар жұмыла кіріссе, қазақтың да футболы еңсесін көтереді ғой.
satvaldo
сол түріктердің «кезінде біз де көрінгенге 5-0, 6-0 ұтылғанбыз. 15-20 жылда тең дәрежеде иық тірестіресіндер» деген әңгімелерінен жалықтым. 4-5 жылда-ақ айбат шегетін өзіндік стержені бар ұлттық құрама көргім келеді. әттең, қол қысқа.
немістерден де үйрену керек. еуро2000-да группадан да шыға алмаған еді. кадр даярлау саясатын өзгертіп еді, нәтиже өзінен өзі келді…
seken
Нұрғисаға: Міне-міне! Осыны күтіп едім. Тамаша талдау!
asaubota
Түркиямен салыстыруға болмайды. Ол жақта біріншіден халық көп, екіншіден ақша да көп және сол ақшаны жарататын менеджерлер көп. Медианың күшін де айта кету керек. бізде БАҚ әлі күнге шейін бүгін болған ойындарды тек ертеңіне айтып жүр.

менің ойымша бізде әлі бірнеше жыл футбол дамымайды. тек қана клубтық футбол дамиды. онда да әзірше Ақтөбеден басқа вариант көріп тұрғаным жоқ. былтыр Еуроматчтарға қатысқан командалардың бірде біреуі 1 ұпай да алған жоқ, тек Ақтөбе өз алаңындағы 3 ойынды да ұтты және сырталаңда бір ойынды тең ойнады. Ақтөбенің өзі де әлі оңып тұрған жоқ, жылдамдық жағынан еуропалықтарға ілесе алар емес. оған себеп әрине ішкі чемпионаттың сапасыз болуы, бізде жүгірмей жүріп ақ ойнай беруге болады.

футболды дамыту үшін алдымен футболды пиарлау керек. ол үшін мейлі шығыны көп, ешкім жарнама бермесе де ТВден көрсетіп отыру керек ойындарды, әр турдан кейін тур анализін жасайтын бағдарламалар болуы керек. сосын ойындарды адам сияқты уақыттарға қоюы керек. дүйсенбі, бейсенбі күндері және жұмыс уақытында кім барады футболға?!

Ұлттық құрамада да ойнауы керек адамдар ойнамайды, ойыншы құрып қалғандай Ресейдегі ортанқол ойыншыларды шақырады. жақсы ойыншылар жоқ емес бар, тіпті болмай бара жатса бір командадан бірнеше футболшыны ойнат, мысалы Ақтөбенің біраз ойыншылары Қазақстан азамты ғой, қой соларды ойнасын. ең болмаса бір бірін түсінеді, қалыптасып қалған ойындары бар ғой.
seken
Кезінде Несіп Жүнісбаев ағамыздың жобасы болған «Намыс» деген команда болып еді. Сол командаға ауыл-ауылдың барлығын аралап жүріп ауылдың қарасирақ, бірақ доп тебуге дарынды балаларын жинап еді. Сондай бір жүйе де керек сияқты. Қазақта таланттар жоқ емес бар. Бірақ ауылдан шыға алмай жатыр.
meirzhan
Футбол дамымаса да күйінетін ештеңе жоқ, жай ғана ойын.
konvict
Менімше бар былық футбол федерациясында секілді. Команда құрамын бапкерлерге өздері дайындап беретін секілді. Әйтпесе ішкі біріншілік қызықты болмаса да жақсы ойыншылар баршылық. Және олар өзге ұлт емес қазақ. Командаға осыларды тарту керек. Футболшылар ақша үшін емес еліміз үшін ойнайтындай болуы керек. Оларға төлер айлықта да ойын деңгейіне байланысты төлеу керек
saken
Еуропаға ауысқанымызды қалай болғанда да оң шешім болды деп есептеймін.
Күндердің бір күнінде келер жақсы менеджерлер біздің футбол басшылығымызға. Сол кезде әлем футболының ең үздіктерімен ойнау арқылы футболымыз дамитынына сенемін.
Nurgisa
Басқа-басқа, қомақты қаржысыз бос әурешілік болмақ тыраштанудың түгелі. Иә, инвестиция салмаққа әзірге тартымсыз шығар "қайғы" © өнеркәсіп. Ресейде, мысалы, жоғарғы басшылық мәжбүрледі ғой кезінде «отандық» олигархтарды меценат болуға. Жайшылықта басқа небір салаға да солай итермелейтін машина емес пе? Көз жауын алатын ғазал стадионды салумен шектеле салатын іс емес. Сапалы ойыншылар сатып алынады. Ойнатылады. Ел футболының маркетингіне, коммерциялануына күш сарп етіледі. Айтпаса да ап-айқын тізбек, былай қарасаң. Қазірге дейін тартылып жатқан үшінші-төртінші сорттағы легионерлер өзіміздікілерден көш ілгері емес. Селекциялық жұмыс көркейе түсер ме еді, бұрылатын қаржы ауқымдылау болса.

Бәрін айт та бірін айт, әлі талай құсалықпен өтетін сияқты жанашырсымақ біздің дәуреніміз. Сүймейін десең — жалғызың…
satibaldi
Бұл жерде парамедиктің еңбегін атап өтпеске болмайды (өтпескеде ме өзі?)…
Nurzhol
Жүгіре алмайтын адам мен жақсы жүгіретін адам жарысқанда, біріншісі екіншісіне ілесемін деп, нәтижесін еріксіз жақсартпай ма?) Міне солай, УЕФА-ға өткеніміз дұрыс болған меніңше. Еуропа елдерінің барлығы бірдей мықты ойнайды демес едім, бағымыз ба, өкінішіміз бе, алпауыт жартқыштармен матч өткіземіз, маңдайға солай жазылса не шара. Әркім Англия, Португалиялармен ойнай бермейді.
Abilakim
УЕФА-ға өткеніміз жақсы ғой әрине.Дегенмен біздің ұлттық құраманы осы жылдарда жинаған тәжірибесімен азияға қайта қоссақ та қара үзіп шыға алмаймыз.
Бұл бір жылда шешімін табатын шаруа емес.Футбол мектептерін жандандырып,қалыптастыру керек. Ауылдардан икемі бар балаларды тауып,әке -шешесіне баласының жалақысы есебінен 30-40 мың теңге аударып отырса, баланы тегін жатар орынмен киіммен қамтамасыз етіп отырсақ тек футбол емес барлық спорт түрлерін дамытуға болар еді. Бізде қазір балаңды бір секцияға берейін десең оның жабдықтарының өзі қалтаңды қағып алады.Осылайша байшыкештердің балалары барып жүрген спорттық орындарға шын талабы барлар жете алмай қалуда.
Нұрекеңнің жиені, менің атымнан садаға кеткір Айсұлтан «Локомотивтің» құрамында дейді ғой.Осы қуды ұлттық құрамаға алса, Елбасымыз да жақсы көңіл және қаржы бөліп қадағалап отырар бәлкім…
TERISKEI
Әбеке, Айсұлтан уже алынып қойыпты құрамаға! Әзірбайжанмен кездесуде шығады-мыс… Беранек солай дейд…
Abilakim
УАУ дегеннен басқа не дейміз
seken
Айсұлтан ойнай алса бізге серт, ойнай алмаса КІМГЕ серт?
Abilakim
атасына кір келсе ештеңе етпес, атыма кір келе ме деп қорқып отырмын
Nurgisa
Атасына ғоқи,
Айсұлтанға…