Диірменнің тасындай дөңгеленген дүние-ай...

Бүгін есіме қай-қайдағы түсіп отыр. Қартаяйын дегенмін бе)))) Бала кезім...үлкендерге жағаласып диірмен тартуға таласатыным…
Апам астында жатыр
Атам үстінде жатыр
Қызыл кіріп жатыр
Ағы шығып жатыр- Ол не?-дейтін жұмбақ есіме түсті. Ол кәдімгі қол диірмен.Қуырылған қызыл бидайды уыстап үстіңгі қуысынан тастасаң астыңғы қуысынан аппақ бидай ұны төгіліп жатушы еді… Жоқ, ол кезде бізде қатты бір ұнға деген қажеттілік болмаған секілді. Әкемнің әкесінің әкесінен қалған диірменнің ұнынан дәм татсын, қол еңбегінен ажырамасын, нанның оңайшылықпен келмейтінін көрсеткісі келген шығар үлкендер… Таласып тартқан диірменнің ауыр тасы шамалыдан соң қолыңның қарын талдырады.Әсіресе бидай ұнға айналған кезде. Бірақ осының бәрін бидай ұнынан жасалған, сүтке шыланған талқанды жегенде ұмытып кетесің! сол күні қатырып жасаған әжеміздің жентін күтуші едік. Бір күн күткен жентіміз ертеңіне шай үстінде таңдайымызда еритін. Жент деген қазақтың шоколады болар.
Кейін сол диірмен тасы қалай екенін білмеймін сынып қалды.Шамасы аулаға кептіріп қойғанда трактор басып кетті-ау деймін… Қазір ойланам… осы менің балаларым диірмен тартпақ түгілі оны елестете алар ма екен болашақта?! Қалтама ақша бітсе міндетті түрде бір қол диірмен сатып алмасам ба балалар ержеткенше… Алла қаласа әрине.
Ал сіз, диірмен тартыңыз ба?
Бөлісу:

34 пікір

asaubota
бізде тары талқандайтын аппарат болды. тарыны соған салып, дыыыыыззззз деп талқандап тастайтын еді. кейін білдім ол негізі кофеге арналған екен :)
KILYZAMAN
Тарттым бала кезімде…
Khan
Қуырылған бидайды келімен талқандайтын едік. 3-4 килограмм болатын келісапты келіге құлаштап ұру арқылы уататын едік. Кейін ойлаймын, осындай қолдиірменді неге падаланбадық екенбіз жан қинамай
Zilola
бала күнімде тартып көргенмін, өте ауыр тас болғандықтан ба, әлде күшім аз болғандықтан ба алақаным мозоль болып кеткен.
Қуырылған жүгеріні тартып, талқан жасағанбыз, өте дәмді болады екен.
Erbol
Ауылда не көрмедік.Балалық шағымыз 90-шы жылдардың тоқырауына тура келіп, талай нәрсені көруге тура келді шырақтарым.))) Қазіргі талқандар тоқ диірменде тартылған соң ба, дәмі жоқ. Қол диірменді бір заманда мұражайдан көретін шығармыз. Әбіләкім, айтпақшы қол дірменді сатып алмай-ақ ақ, қолдан да жасауға болады.Жалпақ, әдемі екі тас ағаш тұтқа сосын 3-4 сағаттық төзім болса болды.
Erbol
Ана суреттегі диірмен цементен құйылған ба? Бізде жалпақ тастан болатын.
Zilola
цементтің тегін кезінде жасалған дүние шығар, қазір болса "қое тастан жасай салайық" дейтін заман :)))
Abilakim
Суретегіге жауап бере алмаймын. Біздікі қызғылт тастан жасалынғантын
Zilola
менің көргенім де жалпақ екі тастан, ауыр.
Сосын диірмен көрсем (шынайы өмірде болмаса да теледидардан) есіме Көксерек фильмі түсіп кетеді.
balzaminka
Мен сөк тартқанмын. Сестрамның енесі әндете отырып тартып отырғанын көргенде қызығып сұрап алатынмын да, құтылғанша қатты асығатынмын ғой, ауыр тастарды айналдыруға көп күш кететін және алақандарда мазоль деген қаптап кететін. Негізі деймін де, ол кісілер қаланың дәл ортасында тұрса да осындай дүниелерді күнделікті өмірде қолданатын. Сол марқұм құдағайдың арқасында диірменді де, күбіні де, келі-келсапты да көрдім.
Aizhantabyn
сөөөөөөөөөөөк! есіме салдың! Осы Астанадағы сөктің дәмі бір түрлі, не очень бар ғой (((
direct
қол диірмен біз жақта жоқ есебі, бірде ауылда көргенімде қызық үшін типі тартқам. Ал анау келі келсаппен талай рет қуырылған бидайды, кептірілген нанды түйіп талқан жасағанбыз)
Zilola
келі де, күбі де сыртынан бақыласаң тым жақсы, өзің жасап көрсең «ма*ма» деп қашып құтылатын нәрсе ғо :)
JAKO
Диірменнің тасы цементтен құйылмайды, ол текқана бүтін тастан қашалып жасалады.Егер цементтен құйса бір-біріне қажалып,үгітіліп ұнды құртады.
Оны жасау да оңай шаруа емес.Диаметрі 55-60см болтын екі тасты қашап пішінін келтіру, онан соң үскімен тепшіп отырып тесудің өзі бір аптадан аса уақыт алады.Бәрі біткенен соң оның тісеу дегені болады.Егер диірменнің тасы дұрыс тіселмесе онда ұн шықпайды, бидай салынған ұңғыда түрып тастың арасына кірмейді.Егер нашар тіселсе онда бидай кебек болады немесе бидай жартылай жарылып астықты рәсуә
қылады.Әкем ұста еді, ағаштан болсын, темірден болсын қарамайтын.
Жанында көп жүрдім, руымыздың өзі Ұста балалары деп аталады.
Erbol
Мен цемент па деп, ана суретегіні көріп айтып едім.
Altygradus
білмейтіндерің жоқ и осы сендердің:)
Delvara
Демалыс уақыттарында кейде ауылга барғанда, арине жазда, қол диірмен тартып әжеме көмек беріп тұрамын, әлі күнге дейін. Әжем соған әбден үйреніп қалған, қолмен тартпасам оны дәмі болмайтын секілді дейді.
VKM
Не туралы айтып жатқандарыңызды түсінбей тұрғаным… тастан жасалған болса, оның тасы үгітіліп, талқанға түсіп кетеді ғой.
Aizhantabyn
тартпақ түгіл, «в глаза» көрмедім. Суретін, музейде де ғой деймін, былайша ұстап көрмедім…

Бірақ, анау күбі дегенді көргем, ішіне сөк салып ұрып үстіне, талқан жасайды))) Бізде бір көршіміз болған, ол кісілер ауылдан жаңа келген кезі, бесінші қабатта тұратын, ал біз үшінші. Бір күні гүрс гүрс еткен дыбыс шығады. Шошып кеткем. Біраздан соң әкем шыдамай көршілерге кетті. Келіп күледі: Есігін қақсам бір әйел ашты, не мынау, тыным жоқ десем, аға күбі ғой, балаларға талқан жасап жатырмын деп қараап тұр дейді. Қарағым астында адамдар тұрады, ауыл емес деп түсіндіріп кеттім дейді))
Zilola
жанеееем, ол күбі емес, келі ғой :)
Күбі деген май жасайтын, ал келі наурыз көжеге арналған дәнді түйетін жиһаз :)
saken
күбі емес, келі ғой :)

тары салып сөк жасап жатырса келі деп ойлар едім, бірақ сөк салып талқан жасап жатырса әрі дүрсілдетіп жатырса біз білмейтін бір құрылғы сияқты екен? (ауышып қалған сымайылбек)
Aizhantabyn
ooooooooooooi, otstalaya :DDD

keli bolsa keli wygar. Koro4e ulkeeeeen emkost, i toje ulkeeeen agawy bar. oryswa stupa deidi goi :DD

P.S. uiat ai, oryswasyn bilip, kazakwasyn bilmedim au!
Kundelikti koldanyska jok bolgan son, watystyryp otyrmyn :)
saken
Бірақ, анау күбі дегенді көргем, ішіне сөк салып ұрып үстіне, талқан жасайды)))

))))
күбіге сөк салып талқан жасауға болады екен ғой :))
Zilola
күлме, біз ғой дейсің бе ауылда аяғын сиыр басып жүрген, қазіргінің жастары деееееп кетсем иә :))))
Aizhantabyn
Kuliniz, kuliniz!
Sizge jarasady eken :DD

P.S. Auyldy omirimde eki ak ret kordim, onyn ozi eki kun boldy ma bolmady. Kaidan bilein!
boztorgai
қолдиірмен, өрмек, атпа, күбі, келі, шығыр, жылым
бала күнімізде бәрі де болды

өткенге құрметпен қарауды қолдаймын
KILYZAMAN
Әрқайсысын қысқаша сипаттап жаза кеткеніңде ғой. нені қалай құрметтеу керек екеніне ыңғайланар едік :-)
Abilakim
Бізде күбіге қымыз құяды. Саба деп те атайды. Майды күбімен шайқайтын үйлер бар шығар, бірақ біздің үйде олай шайқамайтын.
Nurkoke
Диірмен көрдім бе, көрмедім бе, білмеймін, бала кезімде көрген болуым керек,үзік үзік елестер ғана есімде.Ал бидай түйдік, келі келсапты көрдік.Диірмен тартқандардың бұлшық еті білеудей шығар!!!
KILYZAMAN
Келі демекші: „Жақсы жерге түскен келін-келін, жаман жерге түскен келін-келісап„ — деген тұжырымды қалай түсінесіңдер?
Abilakim
біздің үйде бытыра жасауға арналған темір диірменде болып еді
bazuka
диірменді кішкентай кезімде бауырларыммен жарысып тартатынбыз, диірмен бірақ көршінікі болды. ол диірменді алу үшін көршілер кезекке тұратынбыз. арық, әлсіз болғандықтан диірмен тартқанда бірден шаршап қалатынмын))
bazuka
біздің ауыл жаққа жақын жерде «Бестас» деген елді мекен бар, сол жердің табиғи тастарын диірмен жасауда пайдаланады екен. ағаларымнан естігенім диірмен жәй тастан жасалмайды. толық ақпаратым жоқ диірмен жасау туралы.