Бір өкініш… Бір арман… Бір үміт…


Көбіміз осы уақытқа дейін махаббат сезімін бастан кешірген шығармыз. Мейлі ол қандай болсын: бір жақты махаббат, жауапсыз махаббат, алып-ұшырған махаббат, қайғылы махаббат…

Өзімізден жырақ кеткен адамды уақыт өте келе ұмытқанмен ара-тұра еске түсетіні анық. Не істеп жүр екен? Қызық, ол да дәл мендей есіне ала ма екен? Ең алғашқы қыдырып барған бақ, осыны жолда көрсе мен есіне түсем бе екен? Әлде мен сүйетін құлпынай балмұздағын бал татқандай жей ма екен? Эгоистік шығар, біз үшін жауапсыз кеткен махаббат әркез өкініп жүргендей еске оралады. Мейлі ол қосағын тауып, бақытты болсын, сені мүлде ойына да алмайтын шығар, бірақ бәрібір сендей адамды ендігәрі жолықтырмайтындай болады да тұрады…

Сен де біреуге арман болып кеткен кездер болады. Ол сенің үйіңе бірнеше рет келіп, терезеңнен сенің шығуыңды аңдып тұрған, жүздеген хаттар мен сыйлықтарын сыйлап, күткен, бірақ бүйрегің бұрылмай қойған адам. Қазір ер жетіп, қарасаң тәп-тәуір жігіт болып кетіпті. Жастық кез тек соқыр махаббатқа сенгізеді ғой. Махаббаттың бал-дәурені өткен шақта, әлі күнге дейін туылған күніңді еске алып, «алғашқы махаббатым едің ғой» – деп күліп алсаң да, бір адамның өмірінде маңызды рөль атқарғаның үшін жүрегің жылып қалады екен. Алайда ол да сенің өкініп жүр деп ойламайтынына кім кепіл?

Көбіміз осы уақытта екінші жартымызды тауып немесе табуға құлшынып жүрген жандармыз. Сол адамға үлкен үміт артамыз. Осы күнге дейін өкініш пен армандардан құралған өмірдің тоқ етерін жасап, бақытты болуды қалаймыз. Өміріміздің соңына дейін мәнді-мағыналы етуге өзіміз және соның үлес қосуын тілейміз. Сөйтіп, балаларымыздың өкініш, арман, үміттерімен өмір сүреміз…

Өкініш, арман – үмітке ұлассын! )
Бөлісу:

34 пікір

Aizhantabyn
men onyn bakytty bolganyn, menen artygyn tapkanyn tileimin. Karma :)) Bari de ozine oralady, ogan tilesem, magan da sondai jolygady dep senemin, Bumerang principi boiynwa :)

Like it!
konvict
Оқығаныма өкініп қалдым (((((((
alisha
Өткенге сағыныш сондай тәтті…
blackbeard
:))))) Жақсы жазасың бар ғо:)
patick
Талай дорақ болдық қо, несін сұрайсың :)
edige
— Егер мынаның орнында АНАУ болғанда… /кеттің ғой сомен/
gohavai
шіркін ай, студент кезімнің 1 сағаты қайта келсе сол 1 сағатты мен оның жанында өткізетін едім.
a63a1
Мен әлі сүйем «сол» жанды!!!
Erkekyz
Өмірімді өмір етіп тұрған сол үміт қой…
konvict
Мүмкін емес нәрсе екендігін біліп тұрып неге үміттенеді екенбіз…
Altygradus
бір тамшы романтика:)Рахмет Зере:)
TERISKEI
Рахмет, Зере ханым, кәдімгідей ойландық, ол анда, мен мында… Расында ол ойлай ма екен? тууууу, не боп кетті?..
Zilola
есіме қай-қайдағыны түсірдің-ау :)))))
VKM
Барлық жақсылық алда ғой, бірақ…
a63a1
Шаншымашы жүрегім, шаншымашы…
Мен ғана ма әлемнің ғашық жаны.
Арманымның орында армандарын,
Сосын бірге болармыз, сәл шыдашы,
Ал азірге жүрегім — шаншымашы… деп Мұқағали ақын жырлағандай, Шыдам керек!
Gastarbaiter
Мен кіл қоқыстың арасынан күміс ине іздеп жүріп, байқаусызда алтын ине тауып алатын жолы болғыш адаммын деп ойлаймын өзімді.
Кейбір жыламсық кинолардағы алыстағы сағымды ойлап жүріп, қасыңдағы асыл адамды көрмей қалатын сюжеттерде де бір шындық бар сияқты.
AKY
Бәрі ұмытылады. Алғашқысы да, соңғысы да… Тек өлең жолдары ғана сол бір кезді еске салады. Бірақ еш өкінбеймін.
direct
Тек өлең жолдары ғана сол бір кезді еске салады
Мен мп3 форматында тыңдаймын, еске алған кезде ;-)
satibaldi
Көбіміз осы уақытта екінші жартымызды тауып
Оныңыз рас енді…
asaubota
тек мындай жағдай болып қалмаса болғаны :)
madlen
al men dal solai bolyp kaluyn katty kalaimyn :(
serjan
Елдің бәрінің жүрек қылын дөп бастың!!!
Оны ойлау мен үшін «тәтті мұң»
Dzhuli
… биіктеп кетсең — құлау бар, қуанып кетсең — жылау бар, у ішсең тәтті ұнау бар демекші, махаббат жолдастары — қайғы, мұң, қызғаныш қашанда бірге болары анық :( біреулер келеді — біреулер кетеді…
madlen
vnutri vse perevernulos'. qazaqwasyn tura osylai taba almadym.
biraq ewtemege okinbeimin. kaityp jalynyp kelse de, kabyldamas edim. menimen bakytty bolmaitynyn bilemin. menen tartyp aketken kyz ol uwin janyn beredi. ol siyakty sue almagan wygarmyn.
alisha
vnutri vse perevernulos' — жан дүнием астан — кестен, алай-дүлей, азан-қазан
AKY
Өзіңнен қалған естелік енді сүйкімді,
Өмір-дастаннын жүрекке қымбат тарауы…
estetika91
Өкініш пен үміт қатар өмір сүретін секілді…
estetika91
Тамаша жазыпсыз, Анар! Сізді блогтан білетін едім, енді керекинфода көріп отырғаныма қуаныштымын!
Zere
Хе-хе, рахмет! Негізі жүрмейтін жерім жоқ сияқты )
estetika91
))))))))) Жақсы жазбаларыңыз көбей берсін!