PR. Кәсіби ұғымдар

PR ілімі жөніндегі лекцияларды жалғастырайық.
Бұл постта мамандықтың үнемі қолданылатын ұғымдарымен таныстырып өтемін. Кейін барлық кәсіби ұғымдарды тарқатып, мысалын молынан келтіріп, әрқайсы туралы жеке-жеке жазатын да болармын.
(Бұл мәтін кеше таңертең он шақты студентке оқылған дәрістен алынған)

Жалпы, PR маманы оқу орнын бітірген соң мынандай қабілеттері дамып шығуы тиіс деген түсінік бар:
— Текст жаза білу, спичрайтинг. Бұл ретте оның эрудициялық жан жақтылығы, әдеби мәнерлігі, психологиялық біліктілігі, жеке басының әдептілігі көзге ұрып тұруы тиіс.
— Кез келген адаммен қарым қатынас орната білуі қажет. Бұл ретте пиар маманы жеке басының имиджіне қатты назар аударуы шарт. Өйткені өзіміздің артық және кемшін тұстарымызды өзімізден жақсы білетін ешкім жоқ. Ал социумда біздің артық тұстарымыз кемітіліп, кемшін тұстарымыз зорайтылып көрінеді. Үнемі жұрт арасында, маңызы бар шаралардың маңынан табыла алатын әдеті болса тіпті жақсы.
— Креатив! Сіздің басты артықшылығыңыз – креативтік қабілетіңіз. Неғұрлым жақсы дамыса, соғұрлым жұмысыңыз да өнімді, табысыңыз да жоғары. Кез келген проблеманы творчестволық тұрғыда шеше алу қабілеті.
— Бірнеше проблеманы бір уақытта шешуге қабілетті (орысша айтқанда, работа в режиме многозадачности).

Осы қасиеттері толық дамыған пиар маманы далада қалмайды.
Көпшілігі білетіндей, мен Қарағандыда журналистика мамандығын алып шыққам, арнайы пиар бойынша академиялық білім алмағандығымнан, пиар ілімі туралы теориялық тұрғыда мықтылығым шамалы. Дегенмен, осы салада алты жылдай жұмыс істеп келе жатқандығымнан, практикалық тұрғыда бірер ақпаратпен бөлісемін. Сондықтан, ғұламалардың анандай, мынандай айтқандарымен миларыңызды шатпаймын.
Есесіне, PR практикасынан алынған үздік мысалдар — кейстер арқылы үйренгенді өзім жақсы көргендіктен, блогымда да солар туралы жазамын.

Кейс дегеніміз не?
Кейс (ағылш.: case) — іс, оқиға, жағдай. Бұл ұғым бизнесте және білім беру саласында түрлі жағдайларды сипаттау арқылы, ондағы проблемаларды шешудің жолдарын табу мақсатында пайдаланылады.
Яғни, кейс модельдеу арқылы түрлі шешімдерді қарастырып, ең тиімдісін қолдану.

Жұмыс барысындағы кез келген акт кейс ретінде қарастырылып, оңтайлы шешімдердің түрлі жолы талдануы керек. Қандай мәліметтерге сүйенуіміз қажет?
— оқиға\проблема
— оны туындатқан себептер
— оқиғаның\проблеманың ауқымы (компания шеңберінде, стейкхолдерлер, ел көлемінде, т.б.)
— оны шешуге қауқарлы, құзырлы тұлғалар
— қажетті уақыт

PR мамандары жұмысында қолданатын негізгі PR құралдар
— БАҚ-пен қарым-қатынас
— Жеке қарым-қатынас
— Ішкі коммуникациялар
— Арнайы шаралар
— Беделді басқару
— Сыбыс.

Кейспен жұмыс барысында PR құралдарды сәйкесінше пайдалану арқылы, маман мына міндеттерді көздейді:
• компания туралы шынайы, дәл, түсінікті ақпарат таратып, қоғамда компания\тұлға туралы дұрыс, жағымды пікір, бедел қалыптастыру;
• бұқарамен байланыста болу, әрдайым қоғаммен пікір алмасу, пікірімен санасу, қоғамдағы өзгерістерді бақылау арқылы, қызметін соларға сәйкес ыңғайлау;
• компанияның өз саласында көшбасшы танылуын қамтамасыз ету;
• компанияның түрлі қоғамдық, әлеуметтік, саяси, т.б. салада ықпалын өсіру;
• танымал, беделді адамдар арасында, мемлекеттік қызметтегі белді тұлғалар арасында ниеттестер (лояльность) санын көбейту

Күнделікті жұмыста қолданылатын кәсіби ұғымдар:
Паблисити
Паблисити (англ. publicity — публичность) — қарапайым тілмен айтқанда, ақысыз жарнама. Яғни, компанияның қызметі, өнімдері, өкілі туралы компанияның өтініші немесе ақысы үшін емес, үздік, танымал, сарапшы болғандығы үшін ақпараттық құралдарда жарияланған материалдарды біз паблисити деп танимыз.

Имидж
Белгілі бір тұлғаның, компанияның, өнімнің мақсатты түрде жасалған қоғамдық келбеті.
Стратегия
Нақты жоба аясында жасалатын іс-шараларды іске асыру (белгілі бір тұлғаны, компанияны, өнімді нарықта танымал ету, т.б.) мақсатында жасалатын әрекеттер жүйесі.
Кейс: CocaCola. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде компания өнімі сатылмай, қиындық кешкені бар. Сауда төмендеп, ел соғыспен басқайғы болып кеткен. Соғыс бітеді. Бірақ қашан? Ол белгісіз. Дегенмен, сауда тоқтамауы керек. Ол үшін компания маркетологтары мен пиаршылары мынандай әккілікке барды: соғысып жатқан америкалық әскерилерге коланың біраз партиясы жіберіледі. Сусынды жеткізушілер коланы әр солдатқа «елің сені ұмытпайды, сарбаз!» деген сипаттағы сәлемдемемен таратады. Бұл кезде ел ішінде кола «сарбазыңды ұмытпа!» деген лозунгпен, сатудан түскен әр цент – Америка әскерінің жабдығына кетеді деген үндеумен сатыла бастайды. Өздеріңіз білесіздер, америкалықтар сияқты патриоттар басқа еш елде жоқ, сөйтіп, сусынның сатылымы бұрын-соңды болмаған көлемге артқан.
Мұндағы стратегия — америкалықтардың патриоттық сезіміні пайдаланып, «CocaCola — жеңістің сусыны — патриотизм сусыны» деген ойды сіңдіре отырып, сауда көлемін арттыру.

Жоспарлау
Стратегия аясында жасалатын шараларды іске асырмас бұрын, оларды жоспарлау міндетті. Ол үшін мына қадамдарды ескеру қажет:
— нарықтағы ахуалды зерттеу
— нақты мақсатты айқындау
— іске асыру тактикасы
— мақсатқа жетудің күнбе-күн графигі
— бюджет.
Кейс: Dixie Cups. Америкада көшелерде су ішетін крандар болатын. Бірақ 20 ғасыр басында оны гигиенаға жатпайды деп танып, үкімет құбырларды жабуды шешеді. Осы кезде елде ағайынды екі кәсіпкер газдалған сусын беретін автоматтар орнататын. Бірақ ол автоматтардағы ыдыстар жіпке байланған шыны стакандар еді. Үкімет ережесі шыққан кезде олар енді су емес, стакан сату керектігін түсінеді. Ол үшін олардың құрған жоспары:
1. Инвестор табу. Олар барлық банкке барып ақша сұрайды. Бірақ, ондай біртүрлі жобаға ешқайсы несие бергісі келмеді.
2. Мүдделі топ немесе жеке инвестор іздеу. Ол үшін Америка консерві компаниясының басшысы Грэхем мырзаға барады, ол кісі микроб пен инфекциядан өлердей қорқатын кісі еді. Тап сол кісі 200 мың доллар көлемінде қаржы бөліп, жобаны қолдайды.
3. Танымал адамдарды өз жағына тарту. Осы шаруаны тындыру үшін арнайы зерттеу ұйымдастыру үшін Америкадағы беделді доктор Крумбайнға хабарласып, тағы бірқатар ғалым кісілермен баспасөз беттерінде бірреттік осындай қағаз стакандар індеттердің алдын алатын бірден бір шешім деген сипаттағы мақалаларды жариялайды.
4. Мектеп, ауруханаларда, қоғамдық жерлерде арнайы лекциялар оқытылып, ақпараттық парақшалар таратылады.
5. үкімет қолдайды, ауқымды жарнамалық науқандар ұйымдастырылады.
Осы кезге дейін америкалықтар бірреттік стакандарды дикси капс деп атап келеді.

Стейкхолдер
Стейкхолдер дегеніміз: компанияның дамуына мүдделі, табысынан дәмелі, өніміне қызығушы тараптар. Пиар маманы үнемі осы стейкхолдерлердің мүддесіне сәйкес жұмыс істейді.

Озық ойлылар
Орысша — лидеры мнений. Халық сөзін ұйып тыңдайтын, айтқанын қалт жібермейтін, сонысына сенетін, соларға ұқсауға тырысатын танымал тұлғалар.

***

Студенттерге осы негізгі профұғымдарды түсіндіріп болған соң, соған байланысты модельденген қарапайым кейс-тапсырмалар бойынша жаттығу орындау ұсынылды. Оларды да осында көрсете кетейін, өз бетіммен жаттығам десеңіздер, мархабат.
Паблисити
Компания шайдың жалбыз қосылған жаңа түрін нарыққа шығармақ.
Оған халық тарапынан қызығушылығын ояту үшін, өнім жақсы өту үшін қандай пиар құралдарды пайдаланамыз? Паблисити жасау үшін нендей деректерді алға тарту керек?
Имидж
Басшыңыз өте ақылды, парасатты, білімді де білікті адам. Көп жыл мемлекеттік салада қызмет істеп, жинаған беделі бар. Бір журналист оның баяғыда үйленбей тастап кеткен келіншегі бар екендігін, ал ол келіншегі бала туып, оған алимент төлеуден қашып кеткендігін біліп қойып, сол туралы мақала жариялады. Не істеу керек?
Стратегия
Көптен бері бірге жұмыс істеген басшыңыз бір саладан, мысалы, мұнай өндіру саласынан кетіп, жаңадан фирма ашып, қоғамдық көлік тасымалымен айналысуды шешеді. Жаңа компанияны танымал, халыққа пайдалы ету үшін қандай стратеuия жасаймыз?
Жоспарлау
Сіздің компания Қазақстанға жаңа дәрі түрін әкеліп, оны халыққа таныстырмақ. Пиар құралдың қай түрін пайдаланасыз? Оны қалай жоспарлаймыз?
Стейкхолдер
Компанияңыз қайырымдылық шарасын ұйымдастыруды ұйғарды. Жақын жатқан шетелдік жұлдыздарды шақырып, үлкен думан ұйымдастырмақ. Осы жоба аясындағы стейкхолдерлер кімдер?
Озық ойлылар
Сіз банктің пиаршысысыз. Жаңа қызмет түрін ұсыну қажет. Айталық, төлем карталарына эксклюзив суреттер салу. Кез келген дизайнмен. Қызмет түрі екі мың теңге. Әрине, басқаларынан ерекше болуға барлығымыз құмармыз, бірақ, артық ақша төлеуге ықыласымыз ауатыны шамалы. Осы қызмет түрін халық арасында танымал ету үшін, жеке дизайны бар карточка жасатпаса, тамағынан ас өтпей қалатындай ету үшін қандай әрекетке барасыз?
Әрі қарай

"ҚАЙ БЕТПЕРДЕМДІ ШЫМШИЫН?!" Жасанды кейіп: реалда һәм интернетте

Оcылай екен...: ҚАЙ БЕТПЕРДЕМДІ ШЫМШИЫН?! Жасанды кейіп: реалда һәм интернеттеӘлдекімдердің әлеуметтік желідегі парақшасын мұқият қарап, суреттері арқылы оның болмысы жайлы пікір тудыруға тырыссаңыз, кілең патиден патиге, отырыстан отырысқа, жетістіктен жетістікке, марапаттаудан саябаққа, саябақтан саяхатқа секіріп жүруден қолы бір сәт босамайтын, бақытты жанды көрер едіңіз. Кім терезе бетін тозығы жеткен дамбалымен жапсын, оюлы перде қоямыз да көбіміз. Ол бізге тиісті ортаға тиісті әсер тудыруға көмектеседі. Біреуге жасқаншақтықты бүркеуге, алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді, ал біреуді бетпердесінің құлына айналдырады.
Әрі қарай

Әлеуметтік желі және криминал

Өмірдің ажырамас бөлігіне айналған әлеуметтік желілерден келетін қауіп көп-ақ. Уақытты бос өлтіру секілді айқын өлшемі жоқ аргументтерді былай қойғанда, қаржыңызға, денсаулығыңызға, тіпті өміріңізге зиянды жайттарды да кезіктіруге болады. Бірақ, әлеуметтік желі қылмыстың алдын-алу немесе ізін суытпай ашудың құралы болуы да мүмкін.
Әрі қарай

99% адамның бірінші айтқан жауабы дұрыс шықпаған есеп

Бір қарағанда қарапайым есеп бірақ оңай шатастырады екен, сіздерге де көрсетейін кім шеше алар екен;

Аяқ киім сатушы дүкен иесі аяқты 2000 теңгеден оптом алып, дүкенінде 3000 нан сатады, бір аларман келіп бір аяқ алады да 5000 теңгеліктен бір қағаз береді, майда болмағандықтан дүкен иесі көршісіне апарып әлгі 5000 теңгелікті 1000 теңгелік 5 қағазға айырбастап келеді де, алушыға 2000 теңге асқан ақшасын беріп жібереді, алушы аяқты алып кетіп қалған соң, көршісі келіп 5000 теңгеліктің жалған екендігін айтады, дүкен иесі амалсыз 5000 теңгені түгелдей қайтарып береді.
Ал енді сұрақ; дүкен иесі жалпы жиыны неше теңге зиян тартты?
Әрі қарай

11111-ші пост

Блог - asaubota: 11111-ші пост

2003 жылы ашылған КерекИнфо сайтының осы қазіргі блог-платформа форматында шыға бастағанына 2 жарым жылдан асты. Осы уақыт ішінде 11110 пост жазылып, олардың қазір тек 8878-і ғана жарияланыпты. Қалғандары я жарамсыз болып өшірілген, я нобайларда сақтаулы.

Мини анкета жүргізейін. Мына 2 сұраққа қысқаша жауап беріңіздер:

1. Қандай тақырыптар сізді көбірек қызықтырады?
2. Қандай пост түрлері көбірек ұнайды?
Әрі қарай

Мәжбүрбойдақ тамағы - 2

Блог - Daniar-Alan: Мәжбүрбойдақ тамағы - 2

Былтырғы Мәжбүрбойдақ тамағым естеріңізде болар. Өткен аптада бастау алған Ас кок жылдам тағамдар байқауының қазылар алқасына «сайланғандықтан» автоматты түрде ол конкурсқа қатысу/қатыспау мәселесі шешілді де, тағам пісіруді 15 минутқа сыйғызу, яғни уақыт мәселесі актуалдылығын жойды. Сондықтан асықпай, бірақ махаббатпен пісірілетін тағамдар тізбегін интернеттен көріп шықтым. Бірақ ол жердегі ингридиенттердің көпшілігі үйде болмағандықтан және де оны дүкеннен сатып алып жатуға біріншіден уақытты, екіншіден ақшаны қимағандықтан Мәжбүрбойдақ тамағы — 2-ні дайындау туралы шешімге келдім. Бұл өзгеру және әр-түрлі болу (ингридиенттері, дәмі, сұйықтығы т.б.) қасиетіне ие бірден-бір тағам. Яғни, сіз оны пісіріп жатып оның қандай болып шығарын білмейсіз. Сонысымен ерекше.
Сонымен, бастадық. Схема қарапайым: үйіңізде, тоңазытқышыңызда бар барлық көкөністерді аласыз (егер ерінбесеңіз ет те салуға болады) да пісіруді бастайсыз. Менің жағдайымда ол былай шықты.
Әрі қарай

Анталия музейі

Түрік еліне барып дем алғандардың қатарына қосылып, Анталияда болып қайттық, сол елдегі жеке өзіме ұнағаны — Анталия музейі. Сол музейде фотосуреттерді екрін түсіруге болады екен, соны пайдаланып, қолымыздан келгенше фотоаппарат-қорапшаның шүріппесін басқыладық, сапасы жағынан өзіміз күмәндіміз, дегенмен, нендей сурет жасағанымызды (іліп аларлық дегенім ғо ) сіздерге ұсынып отырмыз:
Әрі қарай

Чарли Чаплин: «Мен періште болған емеспін, бірақ қашан да адам болып қалуға тырыстым...»

Ата – ананың баласына деген риясыз әрі шүбәсіз махаббатынан артық махаббат жоқ. Чарли Чаплин – 12 баланың әкесі. Ол 1965 жылы 76 жасында Париждегі жиырма бір жасар қызы Джеральдинаға хат жазған. Терең мағынаға толы хатты оқыған әрбір қыз ой түйіп, сабақ алуына болады.

Блог - ademi_alem: Чарли Чаплин: «Мен періште болған емеспін, бірақ қашан да адам болып қалуға тырыстым...»«Қызым менің!
Қазір түн ортасы. Үй ішіндегілердің бәрі қалың ұйқыда. Аға – әпкелерің, тіпті анаң да ұйықтап қалды. Сен менен сондай алыстасың! Бірақ сенің бейнең менің жұмыс үстелім мен жүрегімнің бір түкпірінде сақтаулы. Сенің бейнеңді көз алдыма елестете алмай қалған сәтте соқыр болып қалайын. Қазір сен Парижде, атақты Елисей алқабы театрындағы сахнада билеп жүрсің. Мен ол жерді жақсы білем, сондықтан осындай мүлгіген түнгі тыныштықта сенің әрлі-берлі жүрген аяғыңның дыбысын естіп, аспандағы жарық жұлдыздай жарқыраған көздеріңді көре алам.

Мен сенің мерекелік спектакльде татар ханының тұтқынына түскен парсы сұлуының рөлін сомдап жатқаныңды елестетем. Әдемі бол, билей түс! Жұлдыз болып, жарқыра! Алайда, халықтың қошеметі мен алғысына мастанба! Егер саған сыйланған гүлдердің қош иісіне «басың айналса», менің хатымды оқы. Жүрегіңнің үніне құлақ ас. Мен сенің әкеңмін, Джеральдина! Мен – Чарли Чаплинмін. Кішкентай кезіңде кереует жанында отырып, саған ұйқыдағы ару туралы ертегі айтқанымды білесің бе?

Джеральдина, мен түсімде сенің арманыңды, болашағың мен бүгініңді көретінмін. Сахнада билеп жүрген қызды – аспанда қалықтап тұрған ақ періштені көрем. Құлағыма адамдардың: «Билеп жүрген анау қызды көрдіңдер ме? Ол атақты киноактердің қызы ғой. Естеріңде ме, оны Чарли деп атайтын» деген дауыстары естіледі. Иә, мен – Чарлимін! Мен атақты актермін! Ендігі кезек сенікі. Биле! Мен жыртық шалбармен билегенмін, ал сен жібек көйлекті ханшайым кейпінде билейсің! Би мен көрерменнің қуана қол соғуы сені көкке ұшыруы мүмкін. Ұш! Қалықта! Алайда, жерге түсуді де ұмытпа…
Әрі қарай

Аз әріпті 9 әңгіме

Кітаптар әлемі: Аз әріпті 9 әңгіме

Кітаптар әлемі: Аз әріпті 9 әңгімеБұл әңгімелердің қай-қайсысынан да толықметражды фильмге сценарий жазуға болады. Сиырқұйымшақтанбаған мелодрама, комедия, тіпті болмаса философиялық тәмсіл де жасалады. Деталь қосып, кейіпкерлерін дамытып, романның көлеміне жеткізуге де жарайды. Әйткенмен, олай етіп қажет емес. Қысқалық-талант.

Кітаптар әлемі: Аз әріпті 9 әңгіме1. Джейн Орвис. «Терезе»
Ританы желкесіне пышақ тығып, артынан айдап өлтіріп кеткелі, Картер тек терезе алдында отырады.
Әрі қарай