Мәжбүрбойдақ тамағы - 2

Былтырғы Мәжбүрбойдақ тамағым естеріңізде болар. Өткен аптада бастау алған Ас кок жылдам тағамдар байқауының қазылар алқасына «сайланғандықтан» автоматты түрде ол конкурсқа қатысу/қатыспау мәселесі шешілді де, тағам пісіруді 15 минутқа сыйғызу, яғни уақыт мәселесі актуалдылығын жойды. Сондықтан асықпай, бірақ махаббатпен пісірілетін тағамдар тізбегін интернеттен көріп шықтым. Бірақ ол жердегі ингридиенттердің көпшілігі үйде болмағандықтан
Сонымен, бастадық. Схема қарапайым: үйіңізде, тоңазытқышыңызда бар барлық көкөністерді аласыз (егер ерінбесеңіз ет те салуға болады) да пісіруді бастайсыз. Менің жағдайымда ол былай шықты.
Қажетті ингридиенттер:
Бірінші үйдегі бар көкөністер:

Музыка. Менің жағдайымда джаз. Қалауыңыз бойынша өзгерте беруіңізге болады.

Және де ораза ұстап жүрген, тамақ талап етіп отырған аш бірәтішкелер

Алдымен әдеттегідей ыдыстарды жуып аламыз. Ия, біз еркектер әйелдер секілді тамақтанып болған соң емес, тамақтанар алдында ғана ыдыс жуамыз. Бұл біздің ерекшелегіміз.
Сосын қазанды қыздырып, май құйып қоямыз да, қызғанша пиязды аршып, турап тастаймыз. Сіздер әрине өз қалауларыңыз бойынша капустадан-ақ бастауларыңызға болады. Бірақ, мен 1-2 рет тамақ жасап жатқан әйелдерді байқағанымда, олардың алдымен пияз турап салатынын байқағанмын.

Сонан соң барлығын кезегімен:



Осыларды салып болған соң, әдетте білінбейтін, бірақ дәмді тағам дайындауда өз әсерін бермей қоймайтын бір детальға назарларыңызды аударғым келеді. Ол — отты басу. «Весь секрет в медленном поджариваний» екенін естен шығармаңыздар. Біздің мәжбүрбойдақ тағамымыздың құпия қаруы да осы. Ингридиенттеріңіз өзгере беруі мүмкін, бірақ от қатты болмауы шарт.


Басқа заттар қуырылып жатқанда негізгі тағам капустаны турап, саламыз.

Оның үстіне дәмдеуіштерді.


Естеріңізде болсын: су құймаңыздар. Көкөністердің өздерінен қуырылып жатқан кезде су бөлінетіндіктен, мүмкіндігінше өз соктарына піскен дұрыс.
Ал олар қуырылып жатқан кезде темекі тартып алуға болады.

Сонан соң ғана барып қазан қақпағын жабамыз.

Ал сол кезде аштықтан бұратылып жүрген інілерің ашулана бастағанда, кешегіден қалған пельменді бере қоямыз


Олар оны ішіп бітемін дегенше «Мәжбүрбойдақ тағамы — 2» де дайын болады.


Вуаля. Ас дайын. Бон аппетито амигос

бәріміз бірдей екенбіз ғой