Кибер-айтыстың бесінші жұбы

Айтыс айтыс болмады.
Кибер-айтыстың бесінші жұбы "Диплом көт сүртуге жарамайды!" деген тақырып айналасында болды. Айтыстың басталғанынан-ақ бет жыртысқан айтыскерлерді көре алмадық.
Алғаш болып тақырыпты жақтаушы Йесмэн былай деді:
Диплом *өт сүртуге жарамайды. Үзілді кесілді айтқаным үшін кешірім өтінем, әрине! Бірақ, материалдық та, басқада тұрғыдан алсақ бұл тұжырым ақиқаттың ауылынан алыс емес. Қоғамда жоғарғы оқу орнын бітіріп, сандалып жүрген қаншама амиголарды көз көріп, құлақ естіп жүргені шындық. Арамыздағы Ағзам-үл Хәкім @satibaldi — ның да университет бітірмеген, яғни дипломы жоқтығын ескерсек, ответ будет очевиден
Әрі қарай

Шайқайды омырауыңды жел уыстап

«Ол қыз менімен емес, даланың желімен жүреді» Ауылдағы бір достың әңгімесінен…

Қылықтым бөгде біреу сені құшпақ,
Алдыңнан тағы кімдер жолығыспақ.
Ешкімге, ешқашан да көрсетпеген,
Шайқайды омырауыңды жел уыстап.

Кердең басып барасың кең мекенді,
Даусыңды қияндарға өрлет енді.
Мен көтере алмаған етегіңді,
Екпіндеп, екіленген жел көтерді.

Жанарың заманаға төгеді мұң,
Жинапсың мезгілдерден сор – егінін.
Біз тамсанып қарайтын балтырыңды,
Ешкім емес, тек қана өбеді күн.

Өкініп қайтты үйіңе келген бала,
Күрсініп, түндігіңе төнген нала.
Ерініңнен мен сүймей жел сүйеді,
Жолдас болып алдың ба желмен ғана.

Жетермін мен де бір күн арманыма,
Сені іздеп қарайлаймын жан-жағыма.
Өкініп, төсегімде дөңбекшимін,
Жел болып жаратылмай қалғаныма.
Әрі қарай

Қажығұмар Шәбденұлы. Қылмыс романы. Кірісу.

"Қылмыс" романының бастапқы беттерін оқи отырыңыздар! Ұнаса жекеге хабарласыңыздар

КІРІСУ

1968 жылдың басы.

Темір қақпақ пен шәугімдей шойын құлып шарқ-шұрқ ете түсті. Қап-қараңғы терең ұрада жатқан мен елеңдеп басымды көтеріп алдым. Жүрегім де әлдене бір шойын-темірге соғылып, шақылдап кеткендей болды. Тұла бойымды түршіктірген қатер мен күдіктің мұздай суық желі сумаң қақты.
Заңды түрмеде жатқан адамдар мұндай тосын құбылысқа кезіккенде елеңдесе де, жүрегіне мұз ине шаншылғандай болмай, үмітпен елеңдеп, жылы самал тигендей бір сезімге келетін. Босатып жіберер ме, иә, далада жұмыс істетер ме екен дегендей жақсылық күтетін. Ал, менде ондай үміт сезімі мүлде жоқ еді.
Әрі қарай

Жазаланса, шіркін!

Microsoft Word-та екі сөздің ортасына екі-үш пробел қоятын, немесе бір сөзді бір сөзден алшақтату үшін tab-тың орнына пробел қойып тастайтындар қатал жазаланса
Әрі қарай

Не деуге болады. Өлімге ұмтылу ма? /олай деуге де келмейді/

Қазіргі уақытта әр адамның арманы астына бір темір тұлпар міну. Мінгендер болса жақсысына ауыстыру. Осы жердегі керекшілердіңде темір тұлпарға деген қызығушылығын мына жерден байқауға болады екен. Әрине жақсы ғой астыңа қалаған машинаңды мініп
Әрі қарай

Ескі- жаңа министрлердің есімдері белгілі бола бастады

Бүгін Астана жақтан үзік-үзік сыбыстар жетті. Ескі- жаңа министрлерден құралған министрлер кабинеті жасақталып болыпты. Бұны Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов өзінің туиттердегі блогында да жазыпты.
Әрі қарай

Жаңа Премьер кім?

Президенттік сайлаудың жағдайы белгілі. Ендігі мәселе: жаңадан Премьер-Министр кім тағайындалады екен? Министрлер де өзгерер.

Айтпақшы, Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнына Сенат төрағасына кімді ұсынасыз?
Әрі қарай