Шайқайды омырауыңды жел уыстап
«Ол қыз менімен емес, даланың желімен жүреді» Ауылдағы бір достың әңгімесінен…
Қылықтым бөгде біреу сені құшпақ,
Алдыңнан тағы кімдер жолығыспақ.
Ешкімге, ешқашан да көрсетпеген,
Шайқайды омырауыңды жел уыстап.
Кердең басып барасың кең мекенді,
Даусыңды қияндарға өрлет енді.
Мен көтере алмаған етегіңді,
Екпіндеп, екіленген жел көтерді.
Жанарың заманаға төгеді мұң,
Жинапсың мезгілдерден сор – егінін.
Біз тамсанып қарайтын балтырыңды,
Ешкім емес, тек қана өбеді күн.
Өкініп қайтты үйіңе келген бала,
Күрсініп, түндігіңе төнген нала.
Ерініңнен мен сүймей жел сүйеді,
Жолдас болып алдың ба желмен ғана.
Жетермін мен де бір күн арманыма,
Сені іздеп қарайлаймын жан-жағыма.
Өкініп, төсегімде дөңбекшимін,
Жел болып жаратылмай қалғаныма.
Қылықтым бөгде біреу сені құшпақ,
Алдыңнан тағы кімдер жолығыспақ.
Ешкімге, ешқашан да көрсетпеген,
Шайқайды омырауыңды жел уыстап.
Кердең басып барасың кең мекенді,
Даусыңды қияндарға өрлет енді.
Мен көтере алмаған етегіңді,
Екпіндеп, екіленген жел көтерді.
Жанарың заманаға төгеді мұң,
Жинапсың мезгілдерден сор – егінін.
Біз тамсанып қарайтын балтырыңды,
Ешкім емес, тек қана өбеді күн.
Өкініп қайтты үйіңе келген бала,
Күрсініп, түндігіңе төнген нала.
Ерініңнен мен сүймей жел сүйеді,
Жолдас болып алдың ба желмен ғана.
Жетермін мен де бір күн арманыма,
Сені іздеп қарайлаймын жан-жағыма.
Өкініп, төсегімде дөңбекшимін,
Жел болып жаратылмай қалғаныма.
Атақты ақындардың ішқұса өлеңдері тап сол пубертатнық кезеңдеріне сай келген.
Жел қатты тұратын аймақ па әлде…
Сен ренжіме… Қоғам солай… тірі кезінде «Ақиық ақын» болғанды көрмеппін…
Кезінде «ең құсық» наминациясын алған шығармалары Алтын қорға алтын әріппен жазылатыны сөзсіз.
Сен тоқтап қалма… Қырта береді барлығы...
Сондықтан лирикалық өлеңдер есте қалуы үшін бүгінде олар «жақсы өлең» болуы аз. Өйткені ондай «жақсы» өлеңдер миллион. Өлең «Ни қоя себе!» дегізетіндей керемет болуы керек.
Автор орысша түсінетін болсаң, менің сүйікті ақындарымның бірі Лермонтовтың де барлық өлеңдері бірден керемет болмағанын айта кеткім келеді. Лермонтовтың төмендегі өлеңі де меніңше «тормоз өлең».
Дегенмен, оның жазылу уақыты сіздікінен бірер ғасыр бұрын болған. Және, Лермонтовты Лермонтов қылған бұл өлеңі емес.
www.russian-romance.ru