Ескі- жаңа министрлердің есімдері белгілі бола бастады
Бүгін Астана жақтан үзік-үзік сыбыстар жетті. Ескі- жаңа министрлерден құралған министрлер кабинеті жасақталып болыпты. Бұны Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов өзінің туиттердегі блогында да жазыпты. KarimMassimov Карим Масимов Мемлекет басшысына ұсыныс енгіздім. Президент оны мақұлдады. Бір сағаттан кейін жаңа министрлерді таныстыруға барамын. Ұзын құлақтан жеткен сыбысқа қарасақ Талғат Ермегияев (ҚР Туризм және спорт вице-минситрі) ҚР Көлік және коммуникация министрі әлде ҚР Туризм және спорт министрі болып, Ержан Қазыханов (Ақпанда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалған) ҚР Сыртқы істер министрі болып, Асылжан Мамытбеков (Бұрын Қазагроны басқарған) ҚР ауылшаруашылығы министрі болып тағайындалыпты. Ресми БАҚ бұлардың ішінен әзірге Ержан Қазыханов пен Талғат Ермегияев туралы ресми бұйрыққа қол қойылғаны туралы ақпарат таратты.(http://www.inform.kz/kaz/article/2369316, www.inform.kz/kaz/article/2369333) Ал қалғандарының есімін бұйырса таңертең топ-тошно еститін боламыз.Айтпақшы Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев БҰҰ бөлімшесінің басшысы болып тағайындалған Қасымжомарт Тоқаевтың Сенаттағы орынын басқан деседі.
Мақала сілтемесі: http://azanbekov.wordpress.com/2011/04/11/%d0%b5%d1%81%d0%ba%d1%96-%d0%b6%d0%b0%d2%a3%d0%b0-%d0%bc%d0%b8%d0%bd%d0%b8%d1%81%d1%82%d1%80%d0%bb%d0%b5%d1%80%d0%b4%d1%96%d2%a3-%d0%b5%d1%81%d1%96%d0%bc%d0%b4%d0%b5%d1%80%d1%96-%d0%b1%d0%b5%d0%bb/
Мақала сілтемесі: http://azanbekov.wordpress.com/2011/04/11/%d0%b5%d1%81%d0%ba%d1%96-%d0%b6%d0%b0%d2%a3%d0%b0-%d0%bc%d0%b8%d0%bd%d0%b8%d1%81%d1%82%d1%80%d0%bb%d0%b5%d1%80%d0%b4%d1%96%d2%a3-%d0%b5%d1%81%d1%96%d0%bc%d0%b4%d0%b5%d1%80%d1%96-%d0%b1%d0%b5%d0%bb/
Дьяченко да қалады екен.
Жұмағалиев қалыпты.
байқұс-ай басқа айтатын сөзің жоқ па?
«Сұмдық қазына» деп естілгендей екен))))
Ал орыстароның мықты адам екенін бірден білді. Екі тілде жақсы сөйлейді.Опыты да көп,әр салада министр болған.Маған да ұнайды. Біздің Универдің 15 жылдығында сөйлеген. Бәр айтқаны көңілге қонады. Супер, біздің әкім!
Әкімдікте қыбыр-жыбыр өзгерістер басталды деші.
-Беке, Баяғы компьютерлер не болды мектепке обешать еткен?..
Елдер 3д телевидениеге өтіватыр, күтіп журміз але…