Видеомонтаж жасайтындар ой бөліссе


ҚҰРМЕТТІ КЕРЕКТІКТЕР! Ой бөлісе отырсаңыздар. Осы ертеректе түсірілген тойларды көруге құлық жоқ. Себебі эффект жоқ. Таспаға түсіруші ағамыз гулянкада ең үлкені болғандықтан сол кісіге бірінші сөз беріледі, ал ол ағам камераны қосылған күйі жерге қаратып тұрып сөз сөйлеп, ақырында сол қызумен кереметтей болган тойды көрсеңіз еміс дыбыстар мен бұлдыраған адамдар бейнесі, жер түседі. Жының келеді. Егер VHS касетасына жақсы түскен болса оны компьютер көмегімен монтаж жасауға болады. Мен Ulead Studio 9, Pinnacle Studio 12, Adobe Premiere Pro CS4 Final, CyberLink PowerDirector программаларымен монтаж жасап жүрмін. Өзінде бар мүмкіншіліктерді пайдаланудан басқа артығына бара алмаймын. Сіздер егер видеомонтаж жасап жүрген болсаңыздар қай программаны қолданасыздар және керекті эффект, слойларды қайдан алып отырасыздар? /Movie Makerден басқа/
Бөлісу:

40 пікір

satibaldi
Фотоаппаратпен бірге келген құсық редактор бар, соны пайдаланам. Лібә, тек жазулар петроглифке айналып кететіні болмаса — жақсы нақ: ауылдан келген лоқтарды «студияда жұмыс істейм» деп, құлақтан тебуге болад.
edige
Қалалық боп жетісіп отырсың ғой
satibaldi
Лібә шын айтам: ауылдан келгендер «Lucas Film-нің» видеоинженері деп ойлап қалад.
satibaldi
EA Games-тің ішінде жүрген студия туралы деректі фильмді көрдің бе? Одан кейін ештеңе жасағың келмей қалад.
jaina
Мен АdоВе Primere Pro 1.5 программасымен жасаймын. қандай эффект керек еді?
edige
Ол видеофайлдарды таңдайды екен ғой.
jaina
ия таңдайды, ол тек ави файларды ғана оқиды.сіздікі қандай форматта еді?
edige
DVD, mpeg форматтары ғой
edige
mpg екен
jaina
mpg оқымайды, оны арнайы программаға салып авиге айналдыру керек. mpg-ті пинакл оқиды.
edige
мммм мен ауыстырып көрейін. Көңіл бөлгеніңе рахмет
satibaldi
Есіктен шығып келе жатқан адамға гүл ұсынуға бола ма?
edige
Оны монтажсыз да жасайтын шығар. Сурет анимация яғни gif форматтарын да қосуға болады
satibaldi
Жоқ, бір жынД инженер Премьермен солай жасайд: есік ашылған кезде, ғайыптан гүлдер пайда болып, алдына лақтырылад. Осы күнге дейін перзентхананың алдын торуылдап тапсырыс алып, нәпақа тауып жүр: ауыратын екі әпкесіне, үш інісіне, армиядағы ағасына, нағашы атасына көмектесед, түх, жылағым келіп кетті ғой, неге қозғадың бұл тақырыпты.
edige
Құдай сабыр берсін оған.
satibaldi
Қатты салмақты болмаш нақ)))))))))))
edige
хе қызық екен. Әңгімелерің күлкі үйіртеді расы.
konvict
Мүмкін болса Adobe After Effects ті үйренгенің жақсы. Тіпті, 3D Max Studio да жақсы.
Janasil
3dmax жақсы прог. Қиялың жеткенше жасай бересің.
Gastarbaiter
Ulead studio оңай екен. Winavi All in one converter бар.
asaubota
мен Picasa-мен суреттерден слайд істеп аламын да, сақталған avi форматты Movie Maker-ге салып фон музыкасын қоямын :)

қолдан келетіні тек осы :)
Erlan
Адоп, Эдиус, Афтер эффектс, пинакл, фотошоп
edige
Қайсысы мықты осылардың. Аттарын білеміз гой
Erlan
Мыктысы болғанда енді, әліппе ден бастаған жөн ғой, если жанадан уйреніп журсен, мыктысы Алгебра пәні сиякты 1 деен қиындау болады ))
edige
Интернеттен алынатын слойлар бар ма? мысалы видеоматериалдар монтажга
Erlan
далірек айтқанда қандай?
Erlan
афтер еффектс анимациялар жасауга, эффектилер тагысын -тагы сложный
адоп — эдиус уксас 2-ини функциялары,
Пинакл женилдеу, фотошоптын да ролі бар Мысалы, спец репортаж дайындадын, сол кезде жазулардын стилін, или прицел, меню, маскалар жасағанда тагысын тагы.
Nurzhol
Меніңше, Adobe-тың өнімдерінің қолдану алгоритмі бір-біріне ұқсайды. Әрине, ар бағдарламаның өз бақыты бағыты бар.
Erlan
Әрине, ар бағдарламаның өз бағыты бар.

Монтажный программалардын, жумыс жасау барысы 1!
Altygradus
осы видеоның көлемін қандай прогамен азайтса болады? оңайын айтыңдаршы
Nurzhol
конвертерлермен
zhazular
Adobe Premiere Pro CS4 мен осымен жасаймын. Сосын, Velositi деген де бар. жақсы бағдарламалар. менің ойымша
Nurzhol
Премьермен жасасаңыз, Афтер Эммектпен де жасайтын боларсыз? Екеуі қатты ұқсас қой бір біріне.
sigma
kino деген бар, эфектілері (коробкадан) жынды, фантазияң мықты болса кез келген видеоның жанын шығаруға болады.

ЗЫ: линукста стид
Altygradus
бізде линукс па десиш:)))
маған қысқа видеоларды кішірейтуге керек боп отыр
asaubota
бүгін Большая разницада той касеті туралы күшті пародия болды. инеттен тапсам бөлісем.
asaubota
таптым :) қараңдар

bazuka
видео егер қатты жылдам айналып кетсе қалай қалыпты қылып жұмыс істетуге болады? жиырма гигабайттық видеоны форматын өзгерткенде бір жарым гигабайтқа қысқарып қалды. видеодағы кісілер тез қозғалады бірақ сөздер кәдімгідей. білетіндерніз болса жазыңыздаршы.
edige
Қай форматтан қай форматқа ауысқаны маңызды бұл жерде
Nurzhol
Кодировкасы (немесе форматы) плеерге сәйкес емес болар. Жаңа кодектер жинағын орнатып ойнатып көріңіз.