Не деуге болады. Өлімге ұмтылу ма? /олай деуге де келмейді/

Қазіргі уақытта әр адамның арманы астына бір темір тұлпар міну. Мінгендер болса жақсысына ауыстыру. Осы жердегі керекшілердіңде темір тұлпарға деген қызығушылығын мына жерден байқауға болады екен. Әрине жақсы ғой астыңа қалаған машинаңды мініп жүрсең. Былайша айтқанда машина алуда бақыттың бір түрі. Мініп алып құйғытамыз…!!!
Тоқта! Асықпа!


Өткенімізге қарасақ соңғы бірнеше жылдың ішінде осы машиналар қазаққа /адамзатқа/ үлкен қасіретте ала келіпті. Көптеген азаматтарымыз жол көлік апатынан қайтыс болыпты. Соның бірі міне бүгін естіп отырған әнші Ажар Түзелбекқызының қазасы.
Мына суреттегі жанарларға қарайық:
Бұлар қазаққа таныс адамдар. Ал басқа да жол апаттарынан о дүниеге кетіп жатқандар қаншама.
Әрине ешкімге машина айдама деп немесе өзіміз айдамай не мінбей жүре алмасымыз белгілі.
Тек жолда абай болайық!!! Газды азартпен емес ақылмен басқаралық!!




Бөлісу:

40 пікір

omarbirat
Ажалдың қайдан келе қалатынын біліп болмайсың ғой. Біреуі көлік апатынан өлсе, екінші біреуі ауырып өледі, үшіншісі өзіне қол жұмсаса, тағы біреуі сап-сау жүріп бара жатып аттанып кете береді. Қаншама көлік апатының құрбандарын көздері көріп, құлақтары естіп жатса да, техника қарқындап дамып жатқан мына заманда адамзат мініп жүрген мәшине, матасекілдерін тәрк етіп, қайтадан арбамен жүруге құлықты емес-ау…
Өзім барар жеріме тез барғаннан гөрі аман-есен баруды дұрыс көрем.
alisha
Егер маңдайға жазылғаны осы болса, қашқанменен құтылмас ешкім. Бір аңыз бар еді ғой. Мыңғырған қойы бар байдың жалғыз ғана перзенті болыпты. Бір көріпкелдің балаңның ажалы судан болады деген сәуегейлігінен кейін өзен-көлсіз бір аймаққа келіп қоныстанады. Сонда да әлгі бала бақыраштағы ішіп отырған суына тұншығып өліпті дейді.
Erbol
Көлік мінуді арман емес құрал деп білем.Көлік байлық та, арман да емес тек қажетіңнен шығаратын құрал.Бізде көбі байлық деп түсінеді.Астына қымбат көлік түскен соң кеуделеріне нан пісіп, құйғытады кеп.Праваны сатып алады, ережені білмейді.Болмаса көлігін дұрыс қарамайды.Көлік апаттарының көбі сондайдан болып жатады.Қосылам — Тек жолда абай болайық!!! Газды азартпен емес ақылмен басқаралық!!!
sammita
Жанар Әбділдина (Хабардың бас директоры)
Оразәлі Досбосынов (айтыскер ақын)
Анатолий Храпатый (әйгілі ауыр атлетші)
Бағлан Сәдуақасов («А-Студио»ның әншісі)
Бауыржан Бегімбетов («Style BR» тобы)
Жол ережесін сақтап, тәртіпті жүретін жүргізушілер болады. Олар небір ақымақтың кесірінен көлік апатына ұшырап жатады жазықсыз. Сондықтан маңайындағы көліктерден, жүргіншілерден де сақтану керек-ақ.
Былтыр ЖЖ алдында Республика даңғылында жолды кесіп жүргіріп барып ортаңғы сызыққа тұра қалған 3 адамды көлік сыпырып өткенін көрдім. Ешқайсысы тірі қалмаған.
TERISKEI
Нәби Аймұратовты ұмытпаңыз, қадірмендім :)))
sammita
ол жоғарыда суретте тұр ғой, мен толықтырып отырмын.
TERISKEI
Суреттен Нәбиді көре алмай тұрғаным :)
sammita
ең төменгі 5-ші сурет қой.
TERISKEI
Бекзат, Бақытжан, Руслан, Мәдина. (Жоғарыдағы көлік апатының суреті және бар). Басқа тағы сурет бар ма?
sammita
менде бар, әлде бұл елес пе:))
TERISKEI
мяған неге көрінбей тұр екен? Қызық… Әлде менің компымнан ақау бар ма?
omarbirat
Виктор Цой бар, сосын.
Nurgisa
Шәкен Айманов?!
omarbirat
Биғазы Тұтқабеков, «Серпер» тобының әншісі
satibaldi
Жақсы соушл жарнама жасауға болады бақилықтардың суреттерін баттитып қойып.
Бірақ қазақтар — консерваторлар: қой ұят болад, қой чемпионның әруағы атып кетед деп, көшеге құсық жарнамадан басқа іле алмайды (Типінақ:"Үйіңе телефон соқ, сені күтіп отыр").
neoman
Алматы-Шымкент жолының бойында «Сені үйде күтіп отырғандар бар» деген баннер ілулі тұр. Соны көргенде бірден аяғыңды газдан ала қоясың, әсері әжептәуір. Бірақ сол баннерді екі-ақ рет көрдім-ау. Ең болмаса сондайларды көбейтсек.

Иә, соушл жарнаманың да болса пайдасы болар. Бірақ жаңағы баннер жолдың бойында болғандықтан, әсері мықты
sammita
дәл сондай жазу колонияда да тұрады:)
alisha
Біздің «Мақат-Атырау» тас жолында әбден быт-шыты шыққан бір машинаның қаңқасы тұр, астында жаңағыдай жазбасы бар. Расында да әсері бар ғой негізі.
Nurgisa
Атырау-Орал тас жолына орнату керек бірнешеуін. Индерборға, Махамбетке жүйткіп бара жатып, діттеген жеріне қапелімде жете алмай жатқандар қаншама… Жақсы жол жақсысысына жақсы ғой, бірақ солай екен деп ызғыта жөнелу де… Қасыңдағы, қарсыңдағы адамдарға деген жауапкершілікті жете сезіну мәдениетін қалыптастыру, дамыту кемшін бізде әлі…
VKM
Ешқашан қатты айдамау керек.Қалай болса солай айдайтындар, правоны сатып алатындар, меніңше. Әйтпесе, автошколада айта береді ғой-жылдамдықты үдетпеңдер деп.
Алматыға барып таңқалғанмын, жүргізушілер өзара келісіп,3 рядтан бұрыла береді екен…
edige
Баяғыда барлығымыз келісіп сабақтан қашатынбыз… Сол сияқты ма?
satibaldi
Ешқашан қатты айдамау керек.
Енді, кім қалай ұнатад, ық-ық…
edige
Ата-Анам, Туысым, Достарым барлығы да көлік апаттан кеткен. Өткен жылы жол көлік оқиғасынан жан досым қайтыс болды… Кінә олардан болмады, бірақ оның қазір не қажеті бар?.. Көру қабілеті өте төмен жергілікті миллионер қарт кісі /осы уақытқа дейін 3 апат жасаған, барлығында адам өлімі/ кінәлі еді. Жас жанұяның обалына қалды. Әрине бір Аллаһтың қолында, алайда қатты ыза болдық…
alisha
Артының қайырын берсін, Едіге! Өлгендер қайтіп келмейді бәрібір, әйтпесе бәріміз де бірдеңе етіп қайтарып алар ек қой… Расында да Ала өзі шешеді ғой.
edige
Адамдар бір-бірінен көріп әлек бұл өмірде, немесе «аздап кеш шыққанда болар еді», «көлігі үйде бұзылып қалғанда ғой»… дегендей ойлар қалады.
alisha
Иә, бәріміз де пендешілікпен ойлаймыз ғой солай… Кенже ағам үлкен ағамның үйінен шығып кеткен, бір күннен кейін үйге өлі денесін әкелді. Көлік қаққан. Сонда әжем: "Әлгі баланы жібермесең қайтеді?" — деп ұрсып еді үлкен ағама. Көңіл ғой тек… Аламын деп келген ажал болса…
Abilakim
Баяғыда бір жүргізуші көлігімен орташа жылдамдықпен ызғытып келе жатса жолдың шетінде бір белгіге бірдеңелерді жазып қойыпты. көзімен оқып, үлгемеген соң мойнын бұрып оқи бергені есінде… көзін ашса ауруханада жатыр екен. содан екі ай жатып жазылып шығып әлгі жазуға арнайы келіп қараса«Жүргізуші, жолда келе жатқанда жан-жағыңа қарама, абай бол!»деген жазу екен
Zere
Ең жаманы қатты жүргізетіндердің кесірі жолда абай жүретіндерге тиіп жатады ғой. Байқағаным, жылдамдықты ұнататындар көбіне есерсоқ келеді. Таксиде жүргенде тура артына барып, газды басып қалады, сондайды бір керемет көреді ғой дим.
Ыңғайы келсе айтып жатамын, қатты жүрмесеңізші, басқаға кесіріңіз тиіп кетсе қайтесіз деп. Ой мен бәрін есептеп жүргіземін ғой деп тағы өзінше болатындары бар.
Janasil
Қазастандағы ең есерсоқ жүргізушілер BMW автосын мінеді екен.
mercedes
жоқ Мерседес
saken
опельді де, жигулиді де міне береді олар. Ауылдағы есерсоқ сыныптасым Беларусь тракторыменде есіре береді.
aza
Көлік апатынан өлуден қатты қорқам. Ең тупой өлімдердің бірі деп білемін, бір есерсоқтың кесірінен кете барасың да… Өзім көлік жүргізе алмайм… Бірақ, бүгін тарихи күн! Мен тұңғыш рет мәшине неге алып көрмеске деп ойладым таңертең. Қызық…
Daniar-Alan
Ал мен 1-апта бұрын права сатып алдым
aza
Ой, Южан-ай, оңбаған-ай, жумайсың, ә?! Көрімдік берген жұмыстастарың айтқан, алайда өзі айтсын деп күтіп жүргеміз, ақыры жумай кеттің, а?! Ай, южаным-ай, құтты болсын! Айтпақшы, машинаға куәлік алу керек екен ғой, мяяя, оны ойламаппын тіпті…
Daniar-Alan
Айтпақшы, машинаға куәлік алу керек екен ғой, мяяя, оны ойламаппын тіпті…
міні мен саған керекпін  южандығымның пайдасы
Tyulpan
)))))) тапқыр үйжан кен )))
Abilakim
Биыл «ауыз бекітсем бе, бекітпесем бе?»деп екі ойлы болып жүрдім шыны керек. Оразадан екі күн бұрын көлігімізді бір БМв келіп айналдырып кетті. Өзі де оңбай қалды. Көлік шыр айналып бара жатқанда«Ораза ұстаймын» деп ойлап үлгердім. Алланың ескертуі деп қабылдадым.«Оралхан қайтыс болса қатынына қалай айтам» деп те ойлап үлгердім. Себебі, кластасым екеуміз бір шаруалармен шығып кеткенбіз. Қатын-баласы біздің үйде қалған
Tyulpan
мені 2 рет машина қағып кеткен. 2-нші ретінде есімді жоғалтқам. сол үшін кім қағып кеткені мен үшін жұмбақ күйінде қала берді…
aza
Үшінші курсты бітіріп «осы жазда бір джип мінівалмасам» деген оймен жүрген ем… Ерте көктемде және жаздың ортасына қарай екі рет апатқа ұшырадым, тупо, біреудің мәшинесінде отырып. Бітті, сонымен көлік рөліне отсам деген ойды қара басты. Алғашында мәшинеге мінуге қорқатын ем… Бүгін ғо мәшін алвалсам қалай боллар екен деп, колесолатып қайтқаным…
Tyulpan
алывалыңыз. жігіттердің мәшинесз жүргені бір түрлі сияқты ин май хамбл апиниан ))